«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Фотогалерея

Тарихшының бір күні. Тұрсынхан Зәкенұлы

NDH интернет жобасы «Тарихшының бір күні» айдарының бүгінгі кейіпкері – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің профессоры, ғалым-жазушы Қайыркен Тұрсынхан Зәкенұлы – тарихшы, жазушы және аудармашы. 1962 жылы ҚХР СУАР Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Шыңжаң университетінің тарих факультетін, 1989 жылы Пекин ұлттар институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. Қытай, ұйғыр, өзбек, түрік, парсы тілдерін игерген. Түркология саласы бойынша 150-ден астам мақаланың, «Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары», «Ойратнама: Жоңғария мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, жойылуы», «Қытай әдебиеті» монографиялары мен оқу құралдарының авторы. «Балқан тауға барғандар», «Көкбөрілердің көз жасы», «Мәңгітас» повест-романдарын жазып шыққан. Қытай тарихшысы Су Бихайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты кітабын қазақ тіліне аударған.

801