«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушыларының лигасы

«Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі 2009 жылғы 16 маусымда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғалымдарының бастамасымен құрылған. Академияға мүшелікке қоғамдық ғылымдар аясында еңбек етіп келе жатқан таңдаулы жетекші-ғалымдар қабылданады. «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі мүшелігіне «Алтын белгілі» және «Күміс белгілі» кеудеге тағатын белгімен қоса куәлік тапсырылады. Қазіргі кезде «Алтын белгілі» мүшелігіне – 25 адам өтсе, «Күміс белгілі» мүшелігіне 12 адам қабылданды.