Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сталинге хат жазған

1939
Сталинге хат жазған  - e-history.kz
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен «Qazaqstan tarihy» нәзік жанды аруларды құттықтай келе, еліміздің қайсар, батыр қызы Халида Маманова туралы 10 дерек ұсынады

1. Халида Есенқұлова-Маманова қазіргі Алматы облысы Қарағаш жерінде Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген.

2. Халида Маманова – соғыс штраф ротасында болған жалғыз қазақ қызы.

3. Маман әулетінің ата тегі: Баян хан, Танеке батыр, Матай Бөрібай,  Қадырали билер болған.

4. Маман әулеті қаржысына Жетісуда үлкен мектеп салынды. Мектеп мұғалімдері Қазан, Уфа, Оренбург, Санкт-Петербург, Стамбұл қалаларынан келіп сабақ беретін болған. Еліміздің жан-жағынан келген оқушыларға киім-кешек, тамақ, жанатын орындарына дейін қамтамасыз етіп отырған. Әр жылдары бұл мектепте Ілияс Жансүгіров, Мұхамеджан Тынышбаев, Жұмахан Күдерин, Біләл Сүлеевтер оқыған. Қазақ интеллигенциясының біразы осы мектептен сауат ашқан.

5. Революция жылдарынан кейін Маман әулетінің 15 адамы атылып, 36 адам жер аударылды. Халиданың әкесі туберкүлез ауруынан қайтыс болған. 1932 жылы Мамановтар отбасы Алматы қаласына көшіп барады.

6. 1941 жылдың 31 қаңтарында Республикалық комиссияның шешімімен Халида Мамановаға дәрігер статусы берілді.

7. 1942 жылы Қызыл әскер құрамына шақырылған.

8. Майданда өкінішке орай Х. Маманованың өткені үшін оған медбике болуға рұқсат бермеген. Медбике сөмкесінің орнына қолына күрек беріп, өлген адамдарды жерлеу ғана тапсырылған. Осындай әділетсіздіктен кейін Х. Маманова Сталинге хат жазған:

«Егер мен «халық жауы» болсам, штрафротаға жіберіңіз. Тірі қалсам, менің отбасыма, маған тағылған жаланың барлығын алып тастайсыз».

Дәл осы хаттан соң, біраз уақыттан өтіп, 821-батальонда әуеғарыштық батальонда болған. Осы батальонмен Берлинге дейін жеткен.

9. 1969 жылы Халида Маманова медицина ғылымдарының докторы атанады. Оның ғылыми жұмыстары Франция астанасы Париж қаласында оқылған.

10. Ақтөбе қаласында Халида Маманова атындағы көше бар.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?