Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Құрмет белгісі» орденін таққан қазақтар

2923
«Құрмет белгісі» орденін таққан қазақтар - e-history.kz
«Құрмет белгісі» ордені дәрежелер табелінің ең соңында тұрды. Дегенмен де, 1 млн 581 мың орден өз иелерін тапқан

«Құрмет белгісі» ордені CСРО ОАК-нің арнайы қаулысымен 1935 жылғы 25 қарашада бекітілген. Орден 1988 жылғы 23 желтоқсанда «Құрмет» ордені болып атауын өзгертті, 1991 жылы совет билігі ыдырағаннан кейін бұл орденмен марапаттаулар жүргізілген емес.

Ең бірінші «Құрмет белгісі» ордені бекітілген күннің ертесінде, 1935 жылғы 26 қарашада, берілген. М.В. Фрунзе атындағы  ҚАОҮ (Қызыл Армияның Орталық Үйі) қызыләскерлер ән-би ансамблінің он үш мүшесі орденнің алғашқы кавалерлері атанған. 3 желтоқсанда ОАК қаулысымен Сталинодан Мәскеуге дейін газтұмылдырықпен 25 күнде 1200 шақырым жүріп өткен К. Маркс атындағы Пантелеймонзауытының жиырма жұмысшысы марапатталған.

4 желтоқсанда бұл орден Хабаровскіден Ленинградқа дейін жаяу жүріп келген (9 мың шақырымға жуық) «Красная Заря» зауытының жұмысшыларына табысталған.

Орден сонымен қатар еңбектегі табыстары үшін де берілген. 1935 жылғы 13 желтоқсандағы ОАК қаулысымен бір маусымда 300 гектардан аса өнім алған ССРО-ның 63 азаматы осы орденмен марапатталған.

«Құрмет белгісі» ордені

Орден пайда болған бірінші жылдың ішінде ол барлығы 443 рет табысталған, ал, Ұлы Отан соғысы басталарға дейін 14 мыңға жуық адам марапатталған. Соғыстың аяғына қарай бұл орденмен ССРО-ның 66 мыңнан астам азаматы марапатталған. «Құрмет белгісі» ордені сопақша келген толықтай күмістен жасалған (биіктігі 4,6 см, ені 3,25 см). Орденде қолдарына большевиктердің «Барлық елдердің пролетарийлері, бірігіңдер» ұраны жазылған туды ұстаған жұмысшы мен жұмысшы ер мен әйел бейнеленген. Жұмысшылардың үстіңгі жағында бес бұрышты жұлдыз, оның астында екі туға «СССР» жазуы, төменгі жақта бедерлі  «ЗНАК ПОЧЕТА» жазуы жазылған. Жұлдыз бен тулар қызыл эмальмен боялып, контурларына алтын жалатылған. Сонымен бірге тулардың сабы мен жазулар да алтындатылған. Орденнің басқа бөлігі оксидтелген.

Орден жарғысы:

1. «Құрмет белгісі» ордені өндірістегі, ғылыми-зерттеудегі, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктері, сонымен қатар азаматтық айбыны үшін марапаттауға бекітілген.

2. «Құрмет белгісі» орденімен ССРО азаматтары; кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, аудандар, қалалар мен басқа да елді-мекендер марапатталады. «Құрмет белгісі» орденімен ССРО азаматтары емес тұлғалар да, шетел мемлекеттерінің кәсіпорындары, бірлестіктері, ұйымдары, аудандары, қалалары мен басқа да елді-мекендері марапаттала алады.

3. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады: өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, транспорттағы, байланыстағы, қоғамдық тамақтанудағы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетудегі, халық шаруашылығының басқа да салаларындағы жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін; еңбек өнімділігін арттыруда, өнім сапасын арттырудағы, оны жасауға материалдық және еңбек шығынының төмендеткені, қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруда жоғары өнімділікке қолжеткізгені үшін; жоспарлы тапсырмаларды орындау және асыра орындау бойынша социалистік жарыста жоғары нәтижеге қолжеткізгені үшін; өндіріске жаңа техника, технология, озық тәжірибе енгізгені, ерекше бағалы өнертабыс пен рационализаторлық ұсыныстар үшін; ғылыми-зерттеу қызметіндегі табыстары үшін; совет мәдениеті, әдебиеті, өнеріндегі, өскелең ұрпақты коммунистік тәрбие беру мен оқытудағы табыстары, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы, халыққа медициналық қызмет көрсетудегі, дене мәдениеті мен спорттағы және басқа да қоғамдық пайдалық қызметтегі шығармашылық табыстары үшін; елдің қорғаныс қабылеттілігін арттырудағы еңбегі үшін; мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жемісті еңбегі үшін; ССРО мен өзге мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытудағы еңбегі үшін; адам өмірін құтқаруда, қоғамдық тәртіпті сақтауда, табиғи апаттармен күрес кезінде көрсеткен батыл және тапқыр іс-қимылдары және басқа да азаматтық қайсарлығы үшін.

4. «Құрмет белгісі» ордені сол жақ кеудеге, ССРО-ның басқа да ордендері болған жағдайда халықтар достығы орденінен кейін тағылады.

1988 жылғы желтоқсанда орден атауын өзгерткеннен кейін, орденнің бұрынғы жарғысы өзектілігін жоғалтып, орденнің сыртқы түріне де аздаған өзгерістер енгізілді. «Құрмет белгісі» орденімен ең көп марапатталған адам – Мастура Авезова (5 рет), Тәжік ССР-нің партия қайраткері, Ленинабад облыстық атқару комитетінің көпжылғы төрағасы (суретте сол жақта).  

Қазақтардың арасынан бұл орденмен диалектика теориясы мен диалектика логикасы бойынша философия мектебінің негізін қалаушы Жабайхан Әбілдин, пәлсапашылар Амангелді Айталы мен  Бәкет Амантаев, техника ғылымдарының докторлары Жантөре Әбішев пен Әбікен Бектұров, химия ғылымдарының докторлары Ирдан Әзірбаев пен Шәрбан Батталова (суретте – төменде), жер өңдеу, егін шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін селекциялау саласы ғалымы Ізтілеу Әбуғалиев, жайылымдық шаруашылық саласы ғалымы Қасым Асанов, белгілі қазақ физиологы Нәйлә Базанова, экономист Ешімбет Байбарақов және география ғылымдарының докторы Әлия Бейсенова марапатталған.

Партия қызметкерлері арасында бұл орден Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы Серік Абдрахмановтың, ОК хатшысы Сәбит Байжановтың, Жоғарғы Сот пен Жоғарғы Кеңес төрағалары тәңірберген Әділбаев пен Сақтаған Байышевтердің, Министрлер Кеңесі жанындағы МҚК басшысы Әубәкір Арыстанбековтың, Алматы обкомының бірінші хатшысы Кеңес аухадиевтің, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі Молдан Әлдірбаевтың, Тәуелсіз Қазақстанның КП бірінші хатшылары Серікболсын Әбділдин мен Ғазиз Алдамжаровтың, бұрынғы министрлер Ғалым Әбілсейітов пен Бірғаным Әйтімованың және Қазақстанның экс-вице-президенті Ерік Асанбаевтың кеуделерінде жарқыраған.

Көрнекті мәдениет қайраткерлері Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов, Фатима Балғабаева, Тұрсынхан Әбдірахманова, Әлжаппар Әбішев,  Халим Ахмедов, Сапар Байжанов және Сапарғали Бегалин де осы орденнің иегерлері атанған. «Құрмет белгісі» орденімен театр әртістері мен алғашқы қазақ кинорежиссерлері де марапатталған:  Ораз Әбішев пен Мәжит Бегалин, балетмейстерлер Рамазан Бапов пен Алмас Бекбосынов, ҚазССР-не еңбегі сіңген әртістер: Айша Абдуллина, Серғали Әбжанов, Нұғыман Әбішев пен Суат Әбусейітов.

Халық ақындары Нұрпейіс Байғанин (сол жақта) мен Нартай Бекежанов (оң жақта)

Орденнің аты өзгергеннен кейін «Цемент» Ресей мемлекеттік концернінің Белгород цемент зауытының директоры А.Я. Литвин Құрмет орденінің соңғы иегері атанды, ол орденмен 1991 жылғы 21 желтоқсанда марапатталған.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?