Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлы даланың ұлы қалалары

2042
Ұлы даланың ұлы қалалары - e-history.kz
Алғашқы адамдар ең алғаш қоныстана бастаған орындар бар, бірақ олардың көпшілігі қазіргі кезде жер бетінен жойылып кетуге жақын

Десек те, археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесі бойынша қаз-қалпында сақталғандар да жоқ емес. Алайда мұндай қалалардың күн өткен сайын тұруға жарамсыз болып келе жатқандығына қарамастан адамдарға тұрақты мекен болып та келеді. Назарларыңызға бірнеше мыңжылдық тарихы бар көне қалалардың тарихын қысқаша сипаттап ұсынамыз.

Ежелгі Қазақстан палеолит дәуірінен бастап, VІІІ ғасырдағы жазба пайда болғанға дейін әрдайым руханият алға жылжып отырған. Шығыс Қазақстан облысынан палеолит кезеңіне жататын тұрмыстық заттар табылған. Тұрмыстық заттарды Қалғұты өзенінің жағасынан тапқан. XII-V ғасырларда Қазақстан өңірінде аңшылық жақсы дамыған. Себебі, кейбір археологиялық қазба жұмыстардың арқасында жабайы аңдарға арнайы қазылған ор мен садақ белгісі бар заттар табылған.

Қазіргі заманауи мемлекеттің орнында алғашқы қоныстар б.з. II-I ғасырларда пайда болған. Ертедегі зерттеушілер қазіргі Іле алқабы, Сырдария өзенінің жағасында қалашықтардың болғаны туралы мәліметтер жазып отырған.

Әрине, Қазақстанның ең көне қаласын анықтау мүмкін емес. Ә. марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтановтың ойынша Шымкент қаласының ғұмыры ең ұзақ деп саналады. Осыған дейін Шымкент қаласына 700 жыл десе, тарихшының пікірінше 2 200 жыл.

Тарихшының бұлай деп есептеуіне бірнеше жылға созылған археологиялық зерттеулердің нәтижесі себеп болып тұр. Зерттеушілер бұл аймақтан VIII ғасырда болған Афрасиаб қаласына жататын қыштан жасалған тұрмыстық заттар тапқан.  

Негізі қаланың құрылуы 1365-1366 жылдармен байланыстырады. Көп жылдар бойы қолдан қолға өтіп отырған. XIII ғасырда бұл жерге Шыңғысхан бастаған әскер келсе, кейіннен XVI ғасырда Қазақ хандығы иелік етті. Бұдан соң екі ғасыр бойы Жоңғар жаулаушыларының қоластына қарады.  Ұлы Отан соғысы кезеңінде бұл өңірге көптеген өнеркәсіп орындары әкелінді.  

Қазіргі таңда бұл аймақ экономикасы өрлеген үлкен мегаполиске айналды. 2011 жылы халық саны 2000 жылмен салыстырғанда 44 пайызға өсті.

Отырар қаласы

Отырар қаласы Сырдария өзенінің жағасында орналасқан. Ғылымда бұл өлкені Отырарлық оазис деп атайды. Ежелгі аттары: Тарбанд, Турарбанд, Турар, Фараб. Фараб – «адамзаттың екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны болған.

1219-1220 жылдары Шыңғыс ханның әскері шабуылдар жасады. Ал, 1405 жылы бұл жерде әйгілі жаулаушы Әмір Темір қайтыс болған. Отырардың орналасқан жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағымен байланысты.

Отырар – ыңғайлы стратегиялық орын. Отырар арқылы Ұлы жібек жолы өткен. Сондықтан қала туралы ортағасырдағы араб-парсы жазушылары көп қалам тербеген.  

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Отырар қаласында әлемдегі ең ірі Александриядан кейінгі кітапхана дәл осы қалада орналасқан. Отырарды жермен-жексен еткен Шыңғыс хан соғысы кезінде бұл кітаптардың көбісі өртеніп кетсе керек. Әл-Фараби тәлім алған медресе осы шаһарда. 50 жылға созылған зерттеулер нәтижесінде Отырарда атақты ғалымдар, бишілер, ақын жазушылар тұрған дейді. Оған қоса тарихшылар бұл өңірде дүкендер мен қонақ үйлер көп кездескенін жазып қалдырады.

Әрине Шыңғыс хан әскерінің шабуылының арқасында Отырар жағдайы қиын жағдай кешті. Қала ішінде аштық орнады. Күйреп қалған қала XV ғасырдан бастап қайта тұрғызыла бастады. XVIII ғасырдың ортасында дейін Қазақ хандығына тиесілі болды. Одан соң қаланы қайтадан жоңғарлар бұзды. XIX ғасырда Отырар тастанды қала кейпін кешті.

Тараз

Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Қаланың Тараз деп аталуында әртүрлі себептер бар. Советтік одақ кезінде «Джамбул» деп аталды.

Қаланың тарихы сақ пен үйсін тайпасы мекен еткен Талас өзенінен басталады. Қаланың өсуіне де осы екі тайпа әсер еткен. Әзірге Шымкенттің нақты қашан құрылғаны туралы нақты деректер табылмайынша, Тараз Қазақстанның ең көне қаласы десек болады. 

Арабтар шабуылынан соң, Тараз қаласының тұрғындары 900 жылы ислам дінін қабылдаған екен. Шіркеулердің орнына мешіттер тұрғызыла бастады. Ал, қараханидтердің қаланы жаулап алуының әсерінен Тараз көркейе түсті.

XV ғасырға дейін Тараз Шағатай ұлысының қол астында болды. 1718 жылға дейін Қазақ хандығының құрамында болды. Жоңғар шапқыншылығынан кейін Қоқан хандығына өтті. Ал, 1856 жылы Тараз қаласын Әулиеата деп өзгертті. Ұлы Отан соғысы басталар алдында қаланы Мирзоян деп өзгертті. Екі жылдан соң қалаға қайтадан «Джамбул» деген атау берді. 1993 жылынан бастап Тараз деген байырғы тарихи атауы қайта келді.

Сауран

XII ғасырда ірі сауда орталықтардың бірі болған. Сауран қаласы туралы алғашқы деректер X ғасырдағы тарихи еңбектерде кездеседі. Ал, XIII ғасырда Сауран Ақ Орданың орталығы болды.  

XIV ғасырда атақты қолбасшы Әмір Темір қаланы қамалға айналдырады. Сауранда үлкен мешіт болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен.

XVI ғасырда Сауран толыққанды үлкен қала болды. Қазіргі таңда үлкен қаладан тек мұнараларының қалдықтары бар, ауданы шамамен 500-800 метрдей дөңгелек алаң ғана қалған.  

Баласағұн

Ең алғаш рет Низам әл-Мульканың жазбалары бойынша Баласағұн қаласын 943 жылы түріктер жаулап алып, ислам дінін қабылдаған екен. Баласағұн Қараханид мемлекетінің бір орталығы болды.

Махмұд Қашқаридың айтуынша, Баласағұн қаласы «Күз-Ұлыш және Күз-Урду» деп аталған. М. Қашқаридың жазбаларында Баласағұн тұрғындары соғды және түрік тілдерінде сөйлегені туралы айтылады.  

Баласағұн қаласының табиғи-жағрафиялық орналасқан жері тамаша еді. Қала тұрғындары өзеннің суын жақсы пайдалана алатын. Қолдан суару арқылы бау-бақшалар, түрлі ағаштар, гүлдер, дәнді дақылдар және өсімдіктер өсірген екен. Бұл өңірде осылай қолдан суару арқылы жыртылған егістіктің көлемі 2000 га екені байқалады.

Сарайшық

Сарайшық қазіргі Атырау қаласынан 55 шақырым қашықтықта, Жайық өзенінің оң жақ жағалауында болған. Аңыздарға қарағанда Сарайшық XIII ғасырда Бату хан қалаған екен. Сарайшық арқылы Ұлы Жібек жолы Үндістан, Иран, Қытайға каравандар тасымалданған екен. Көпестер мен саяхатшылардың қалдырған жазбаларында Сарайшық туралы біраз мәліметтер бар.

Мысалы, Хамдаллах Казвани 1339 жылы жазған жазбаларында Сарайшыққа баратын жолармен қашықтыққа дейін толық мәліметтер келтірілген. Сол сияқты, араб географы әл-Омари Сарайшықпен Үргенші арасындағы жол сапар туралы біраз жазбалар қалдырған екен. Сарайшық – сол уақыттағы саяси орталық болды. Бұл жерде Алтын Орда хандары Жәнібек, Бердібек т.б. хандардың сайлауы өтті.

Берке ханмен інісі Тұқай-Темір ислам дінін қабылдау арқылы қаланың өсуі мен көркею қарқыны дамыды. Кейіннен Алтын Орданың билеушісі Өзбек ханда ислам дінін мемлекеттік дән ретін қабылдады. Сонымен бірге Сарайшық Алтын орданың рухани астанасына айналды. Сарайшықта Алтын Орданың хандары: Мөңке Темір, Тоқтай, Жәнібек хан сияқты ел билеушілері жерленген.

Қорыта келе, Қазақстанда көне қалалар өте көп болған. Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, Қазығұрт тауларындағы Кемеқалған, қазіргі Талдықорған қаласынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Қаялық, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған Суяб сияқты ежелгі өркениет ошақтары жетерлік. Көп ғасыр өткеніне байланысты көп қалалардың нақты орналасқан жерлері мен олардың шынымен болғандығы туралы анықтау мүмкін болмай жатыр. Қазіргі кезде көптеген тұрмыстық заттар жазба деректердің нәтижесінде Қазақстан жерінде көне қалалар болғандығы анық расталады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?