Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтардың үйленуі

2108
Қазақтардың үйленуі - e-history.kz
Қазіргі уақытта банктен несие алып, ас та-төк той өткізетіндерді сынап-мінеп жатамыз

Бірақ адамдар той өткізуде бір-бірінен асыра той жасаудағы жарыстарын жалғастырып келеді, өйткені тойдың деңгейі – отбасының  әлеуметтік мәртебесінің көрсеткіші. Осы салт-дәстүрдің бастауына көз жіберіп көрейікші.

Қазақтың үйлену тойы болашақ отбасына махаббат пен келісім тілейтін түрлі ғұрыптармен ілесе жүреді. Бұрын да жігіт пен қалыңдық жағы ұятты болып қалмас үшін намысқа тырысқан, малмен, алтын-күміспен қалың мал мен сый-сияпат жасаған. Алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар сыйлау бүгінге дейін сақталған. Совет билігі орнағаннан бастап кейбір ескі әдет-ғұрыптар жойыла бастады. Мысалы, қалың мал төлеу жойылды. Әйел қоғамдық өмірге тартылып, білім ала бастағаннан бастап ол оны «сатып алуға» болатын жекеменшік объектісі ретінде қаралмайтын болды.

«Тар жол, тайғақ кешу» романында Сәкен Сейфуллин әйелдерге олардың әділетсіз некеден бостығын кепілдендіретін ресми құжат береді. Әйелдер таңдау жасау құқығына ие болды. Қазақ қоғамында исламның рөлі нығая бастауымен қалың мал мәһрді ығыстырды. Мәһрдің қалың малдан айырмашылығы – бірінші жағдайда өтем қыздың отбасына кетпей, бірақ сыйлық ретінде қалыңдықта қалады, ол оны қалай жұмсаймын десе де, ерік өзінде.

Бел құда немесе бесік құда деген сияқты әдет-ғұрып та жоғала бастады. кей кезде жастар өзара келісіп, қалыңдықты ұрлаған, бірақ кей кезде байғұс қыз өзінің ұрлығы дайындалып жатқанын білмеген де. Қалыңдық ұрланса, қалың мал төленбейтін, дегенмен жігіт жағы бәрібір қыз жағына келісім ретінде мата, орамал сыйлауы керек болған.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ұмыт бола бастаған дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға көп көңіл бөле бастадық. Мысалы, үйлену тойларында қонақтар жанға жайлы қоңыр салқында қымыз бен шұбат ішіп, рахаттана алатындай етіп киіз үйлер тігіле басталды. Жар-жар, шашу, беташар, тойбастар – қазақтың үйлену тойының кең тараған әдет-ғұрып, жоралғылары. Үйлену тойында жігіт пен қалыңдық ақ жолдың символы ретіндегі ақ кілемнің үстімен жүріп өткен.  Жаңа бастама жақсы басталып, ақ жол тілейтін басқа да ғұрыптарда ақ кілем жиі кездеседі. Ақ жол шашу жоралғысымен жалғасқан.

«Қазақтардың үйлену дәстүріндегі әлеуметтік өзгерістердің көрінісі» атты еңбегінде З.А. Жандосова жар-жардың мынадай үлігісін келтіреді, мұнда жар-жарды қыздар мен жігіттер кезектесіп айтады:

Ж і г і т:

Қара насар замандас,

Қара насар, жар-жар!

Қара мақпал сәукеле,

Шашың басар, жар-жар!

Мұнда әкем қалды деп,

Қам жемеші, жар-жар!

Жақсы болса қайын атаң,

Орын басар, жар-жар!

Қ ы з:

Есік алды қара су,

Майдан болсын, жар-жар!

Ақ жүзіңді көргендей,

Айнам болсын, жар-жар!

Қайын ата бар дейді,

Надан қазақ, жар-жар!

Айналайын әкемдей,

Қайдан болсын, жар-жар!

Бұл өлеңде орындаушылар жас жұбайларды қарсы алып тұр, ал әдетте жар-жар Қыз ұзатуда айтылып, қалыңдықты шығарып салу, оның басқа шаңыраққа кетуімен байланысты.

Жар-жардан кейін әдетте Беташар орындалады. Беташар – орамал астындағы қалыңдықтың бетін ашу рәсімі. Қалыңдықтың екі жағынан екі туысқан әйел тұрған. Асаба домбырамен ән шырқап, жас келінге қайын жұртын таныстырған, әр таныстырылым сайын келін иіліп сәлем салып тұрған. Бәрін таныстырып болған соң, орындаушы келіннің бетін ашқан. Бұл үшін ол жақсы сый-сияпат иеленген. Үйлену тойы тойбастармен аяқталған.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?