Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Билік транзиті

1807
Билік транзиті - e-history.kz
Керей мен Жәнібек – қазіргі «қазақ» деген атқа халықтың басын қосқан Қазақ хандығының негізін қалаушылар

Екеуі де жаңа мемлекеттің көшбасында тұрды, бірақ, дәл осы Керей падишах деп атала бастады. Т.И. Сұлтанов өзінің «Шыңғысхан және оның ұрпақтары» кітабында осылай дейді. Бұны атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректер, сонымен қоса Мұхаммед Шайбани ханның билігі тұсындағы «Нусрат-наме», «Фатх-наме», «Шейбани-наме» сияқты тарихи еңбектер дәлелдейді. Бұл шығармалар Керей мен Жәнібектің одағында Керей ханның бас хан болғанын айтады.

Дереккөздерде оның атының аталуы 1473-1474 жылдары тоқтайды, сондықтан да ол осы кезеңде өмірден өтті деп есептеледі.  Қазақ хандығының мұрагері мен жаңа билеушісі Керей ханның ұлы – Бұрындық хан болды. Қазақ хандығының қалыптасуында Жәнібек хан да маңызды рөл атқарды. Оның екінші есімі – Әбу Саид. Ол «Саидтың әкесі» деп аударылады, демек, Жәнібектің Саид есімді ұлы болған деп болжауға болады. Жәнібек ханның өмірден өткен нақты уақыты белгісіз.  

Бірақ, осы жерде де Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі көмекке келеді. Еңбекте былай делінеді: «... Қасым хан Жәнібек ханның еді. Ол, әкесі сияқты, Бұрындық ханға бағынды». Осылайша, Жәнібек Керей қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болған  Бұрындыққа бағынған.

Жәнібектің де хан мәртебесі бола тұра, ол бүкіл Қазақ хандығына билік жүргізуге ұмтылған жоқ, керісінше, жаңа билеуші – Бұрындық ханды қолдады. Бұрындық ханның ресми мәртебесіне сәйкес, құдіретті сұлтан, Жәнібек ханның ұлы – Қасым, нақты билік үшін онымен таласа алар еді. Қасым сұлтанның әскери жорықтары жеңіспен аяқталатын, ол әскери олжасын халықпен және ақсүйектермен бөлісетін, соның арқасында ел ішіндегі беделі күшейе түсті.

Бұрындық хан болып саналғанмен, нақты билік пен саяси күш Қасымның қолында болды. Бастапқыда Қасым сұлтан Бұрындық ханға қарсы әскери іс-әрекеттер жүргізбегенін Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектерінен көруге болады. Жалпы айтқанда, Керейдің ұлы саясат таразысында Қасымнан әлсіз болды.

Керей ханның заңды мұрагеріне шабуыл жасағаннан гөрі Қасым хан ыңғайлы сәтті күту стратегиясын таңдады. Сұлтанның бұл шешімі сәтті шығып, көп адам соның жағына шығып, ақырында ол хан мәртебесіне ие болды. 

Бұрындық хан өзінің ең сенімді адамдарымен мемлекетті тастап кетуге мәжбүр болды. Осылайша, хан мәртебесі Керейдің сенімді одақтасы болған Жәнібектің ұлы – Қасымға ауысты.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?