Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәттімбет – тарихи тұлға

2803
Тәттімбет – тарихи тұлға - e-history.kz
Тәттімбеттің жан-тәні көтерілісшілермен бірге болды. Кенесары ханға арналған Тәттімбеттің «Азына» атты күйі сөзімізге дәлел

Тәттімбет Қазанғапұлы – XIX ғасырдың ұлы күйшісі, лирикалық және эпикалық дәстүрлерін байланыстырған шертпе күй дәстүрін жалғастырушысы. Оның ұстазы Қызымойын Қуандық Байжігіттің шәкірті болған. Тәттімбет өзіңнің әділдігімен, әділеттілігімен халыққа танымал би, сондай-ақ аралық қазы, мәмілегер,  семсерлесуші, алтын өнеркәсібінің қожасы, Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаушылардың бірі болғаны анық. Оның үстіне Тәттімбет патшалық әскердің жүзбасылық қызметін атқарған. Тәттімбет ақсүйектер әулиетінен шыққан, сондықтан кеңес үкіметі кезінде оның шығармалары халыққа қарсы шыққан деп түсіндірілген, ал оның ұрпағы XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап қуғынға ұшырап, Қарағанды облысы Қарқаралы ауылынан, туған жерлерінен қоныс аударған.

Тәттімбеттің өмірінде ең басты орын алатын бір нәрсені – музыкалық шығармашылығы немесе саяси-қоғамдық қызметі ме – айту қиын. Дегенмен өзінің даналығы, игілігі, қайырымдылығы нәтижесінде Тәттімбет замандастары үшін әрқашанда еш нәрседен тайсақтамайтын ер мінезді, тіпті адамгершілігі мол абыройлы адамға айналды.

Тәттімбеттің әке-шешесі оның би болғандығын қалаған, сондықтан Қарқаралының әйгілі биіне шәкірт ретінде тапсырған. Сот ілім бұлағы жасөспірімге оңай берілген – дала құқығын шапшаң игеріп шешендік өнерінің негізін тез меңгерген. Көп кешікпей жастығына қарамастан Тәттімбет дербес сот тәжірибесін бастады. Ол әр түрлі наразылықтарды реттеп, көптеген даулардың шешімін қабылдап сот ісін басқарған. Өзінің тапқырлығы, өткір тілділігі және де туралығы арқасында жас би бүкіл аймаққа танымал болған. 

Тәттімбет өмір бойы қазақ елінің амандығы үшін, отарлық тәуелділікке қарсы күрескен. Қазақ даласындағы өнеркәсіпті арттыру үшін, ұлттық буржуазияны дамыту үшін Тәттімбет барлық жігерлілігін, бүкіл беделін соған бағыттаған. Варнава Ботов атты сібірлік көпеспен бірге Тәттімбет Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалады. Осы жәрмеңке арқасында қазақтар малын жақсы бағаға сатып, малын бүкіл Ресейдің аймағында айдау қажеттілігінен құтылған. 1913 жылы жәрмеңкенің қаражат айналымы 5 миллион рубльге дейін жетіп, киіз үйлердің саны мыңға дейін барған.

Тәттімбет Қазақстанның алтын қазу өнеркәсібінің басында тұрған. Мыржық тауынның, Маныбай қайнарының маңында Шайырғалы шахтасы сақталып қалған.

Тәттімбет тобықты руының Құнанбай Өскенбайұлы аға сұлтанның (Абайдың әкесі) сенімді өкілі болған. Ол Құнанбайдың тоқалы, Абайдың шешесі Ұлжанның інісі еді. Құнанбай Тәттімбеттің үлкен рухани беделін қиын мәселелерді реттеу үшін қолданған. Солай Тәттімбет Құнанбайдың тапсырмаларымен Батыс Түркістанның қазақтарына ресейлік азаматтығын қабылдау үшін жіберілген. Тәттімбет арнайы осы тапсырма үшін «Алшағыр Шаған» және «Қорамжан» атты күйлерін шығарған.

1855 жылы Тәттімбет Петербург қаласында қазақ делегация құрамында Александр ІІ тәж кигізу жорасы салтанатына қатысқан. Өзінің домбыра шерту қабілетімен астананы таңқалдырып, күміс медаліменен әкімшілік қызметі үшін патшалық әскердің жүзбасылық қызметіне ие болды.

Тәттімбеттің тағы да бір қыры – бүлікшіл Кенесары ханға сапары. Патшалық колониалды әкімшілігі қазақтың соңғы ханына қарсылықты доғартып тұтқынға берілуді ұсынған, алайда Тәттімбет құпия түрде Кенесарыға Қырғызстан арқылы Қытайға шығуды айтқан. Әйткенмен Кенесары хан қырғыз манаптары ұйымдастырған торға түсіп, ұрыста қаза тапты. Тәттімбеттің жан-тәні көтерілісшілермен бірге болды. Кенесары ханға арналған Тәттімбеттің «Азына» атты күйі сөзімізге дәлел. 

 

Аян ӘДЕН

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?