Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның астанасы мен ғылымы туралы

1984
Қазақстанның астанасы мен ғылымы туралы - e-history.kz
Астананың 20 жылдығына орай NDH порталы астана тарихындағы оқиғалар хроникасын жариялауды жалғастырады

Қазақстан астанасында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі туралы естеліктер әлі есімізден шыға қойған жоқ. Осыдан жиырма жыл бұрын елімізде ғылыми-техникалық потенциал қалай дамыды және ғылымның қай салаларына басымдық берілді? Бұл туралы 1998 жылғы 27 ақпандағы нөмірінде «Акмолинская правда» «Наука Казахстана жива, и умирать не собирается» деген мақаласында жазған болатын. Осыдан 20 жыл бұрын Ақмолада Қазақстанның ұлттық ғылыми орталықтары, ірі ҒЗИ мен ғылыми-өндірістік кәсіпорындары шығарған заманауи ғылыми-техникалық өнім көрмесі өтті. Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері қатысты. 

Мына бір алақанға емін-еркін сыйып кететін затты бірегей құрал дегеннен гөрі, баланың ойыншығы деген жақын болар еді. Дегенмен де, бұл құралға саусағыңды тигізу арқылы адамның физиологиялық жай-күйі параметрлерін анықтауға болады. Жаңа техниканы ойлап тапқандар, Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілдері, осы және басқа да құралдар арқылы түрлі кезеңде жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайынан хабардар болып отыруға болады. Осындай құралдардың алғашқыларын ИСПАТКАРМЕТ-комбинаты сатып алды. 

Бұл көрменің ерекшелігі осында қойылған экспонаттардың көпшілігі қолданбалы сипатқа ие. Бұл әсіресе маңызды: өйткені, мемлекеттен ғылыми әзірленімдерге үнемі қаражат сұрау – бір жөн де,  ал, бұл қаражатты жаңалықтарға қызығушылығы бар тұтынушылардан алу – мүлде басқа. Мысалы, Ғылым министрлігінің Радиоэлектроника мен байланыс жөніндегі ғылыми орталығының «Гранит» СКТБ өнімі – дербес радиошақыру жүйесі тек Қазақстан үшін ғана бірегей емес. «Парус» жүйесімен осы уақытқа дейін ҚР Қорғаныс министрлігі қолданып келген, ал қазір оны бұқара халыққа төмен бағамен жеткізу жайында сөз болып жатыр. Көрмеде фармацевтика мен химия саласы өнімдеріне маңызды орын бөлінген. Степногорлық «Биомедпрепарат» НПО бірегей препараттарды ұсынған. Совет уақытында құпия болған бұл кәсіпорын қазір инсулин өндіру бойынша әзірленімдер батысты да бей-жай қалдыра алмайды. 

Өсімдіктерді қорғауға арналған препараттарды өндіру де Степногорскіде жолға қойылған. Жергілікті пестицидтермен және гербицидтермен Қазақстанның АӨК-нің қажеттіліктерін түгелдей жабуға болады. – Көрме экспозициясының өзі Президенттің «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауында көрсетілген мемлекеттің алдағы дамуының барлық бағыттарын көрсететіндей етіп орналастырылған,- деді Ғылым министрі – ҚР Ғылым академиясының президенті Владимир ШКОЛЬНИК.

– Оның жекелеген бөлімдері тұрғындардың денсаулық жағдайына және қоршаған ортаға, компьютерлендіру мен білім сапасын жоғарылатуға, ресурс сақтаушы және пионерлік технологияларға арналады. Қазақстандық атомщиктерді, оның ішінде Курчатов орталығының мамандарының жаңа әзірленімдері көрмеге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.  Олар жүргізген сынақтар нәтижесі металл өңдеу саласындағы өндірістік процестерді алға жылжытуы мүмкін. Медициналық мақсаттағы изотоптарды алуға мүмкіндік берген, жуырда ғана іске қосылған ядролық қондырғыға зор үміт артылған.  Қазақстан ғылымы әлі де тың екендігін дәлелдеді. Тап осыны өз сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та атап өтті.

– Қазір ел экономикасы дағдарыстан шығып келеді, онымен бірге ғылымда аяғына тұра бастады. менің өтінішім бойынша Ақмолада ұйымдастырылған мына көрме – соның айқын дәлелі. Гуманитарлық ғылымдыда осыдан біраз уақыт бұрын «жоғалтып алдық» деген көпшілік. Ал енді қараңыздар: соңғы уақытта осы саладағы ғылыми зерттеулер, оқулық, кітап, оқу құралдарын шығару 2 есеге өскен. Мені қуантатыны, біздің геологтар үшін де соңғы уақытта салиқалы ғылыми зерттеулер шыға бастады, оның ішінде жер қойнауын зерттеу тәсілдерін жетілдіруге қатысты.  Көрмеде көп нәрсе көңілге қуаныш ұялатады. Ал ең бастысы – Қазақстан ғылымы әлі тың, сұранысқа ие және болашаққа жұмыс істейді. Ақмоладағы көрме бірнеше күнге созылды.  Бірақ экспонаттардың «өмірі» осымен тоқтап қалған жоқ. Қазақстандық ғалымдардың Ақмолада ұсынылған  көптеген зерттеулері Ганноверде өтетін «ЭКСПО-2000» бүкіләлемдік көрмесіне қатысу үшін ресми түрде ұсынылды. 

Ганновердегі ЭКСПО-2000  павильоны 

Көрініп тұрғандай, Қазақстан ғылымына оптимистік көзқарас болған. Тек осындай болып қала берсін деген тілек білдіреміз. Ұсынылған экспонаттардың қолданбалы мәні болғандығы мақалада атап өтілген.  Қазақстан ғалымдарының қазіргі уақыттағы жобалары да көбіне қолданбалы сипатқа ие.  Сондықтан да оларды қаржыландыруға тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар да мүдделі. 
Басты суретте: көрмеге келген Н.Ә. Назарбаев. 
Материалды дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімдік басылым қорларының материалдары қолданылды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?