Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астананың тұсаукесерін өткізу жиналысы туралы

1250
Астананың тұсаукесерін өткізу жиналысы туралы - e-history.kz
Бүгін NDH порталы астананың тұсаукесерін өткізу күнін белгілеген жиналыс туралы материал жариялайды

1998 жылдың 13 қаңтары Қазақстан Президенті ақмола резиденциясында Ақмоланы дамыту және жаңа астананың тұсаукесеріне дайындық мәселелеріне арналған жұмыс отырысын өткізді. Осы жиналыста ақырғы шешім қабылданды: Егемен Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымы өтеді.

Бұл дегеніңіз, ел астанасына көрші мемлекеттердің делегациясы ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерден достар да келеді деген сөз. Тіпті, қонақ келер алдында үйімізді жинап-жуып, тазартамыз, ал тұтас бір қаланы лайықты күйге келтіру үшін қаншама жұмыс жасауды елестетудің өзі қиын. Бұл үшін, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Ақмоланың ресми тұсаукесерін дайындау және өткізу бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев жиналысқа шақырылғандардан (үкімет мүшелерінен,бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшыларынан, Ақмола арнайы экономикалық аймағының әкімшілік кеңесінен) солтүстік астанамен байланысты мәселелерге мейлінше іскерлік тәсілді қолдануды, нақты мерзімді сақтауды талап етті. Маусымға дейін уақыт аз қалды, ал, алдымыздағы шаруа – шаш-етектен.

Басты мәселе – құрылыс аяқталуының және Президент сарайы, Парламент ғимараты мен Үкімет үйі сияқты Ақмоланың маңызды нысандарын қайта салу жұмыстарының кешігуі. Мемлекет басшысы шетелдік фирмалар мен мердігерлердің қызметіне көңілі толмайтындығын жеткізеді. Ғимараттарды салушылардың өкілдері наурыздың басына дейін жұмыстарды аяқтап, объектілерді босатуға уәде берді. Келесі мәселе – қауіпсіздік. Ақмола, астана мәртебесіне ие болуына байланысты барлық қала қызметтерін құрып, нығайту қажеттілігі туады, оның ішінде милицияны, прокуратура, ҰҚҚ-ін. Бұл жұмысты аяқтау үшін Президент Н.Назарбаев бір апта уақыт береді. Үшінші тапсырма – ауқымды құрылыс бағдарламасы.

1998 жылдың сәуірінде «Алатау» қонақ үйінің құрылысы аяқталуы керек. Ақмоладағы көк тіреген тұңғыш зәулім ғимараты маусымда келетін қонақтардың басым бөлігін қабылдайды. Президент мамырда Тың игерушілер сарайының түбегейлі қайта құрылуының аяқталуын күтеді. Ақмоланың қазіргі орталық алаңы да танымастай болып өзгереді. Көктемде жаңартылған аэропорт пен теміржол вокзалын көреміз. Жол жөндеушілер астанадан аэропортқа апаратын тас жолды шынымен заманауи әрі жайлы қылып жасауға сөз береді. Есіл арқылы өтетін автокөлік көпірлері жаңа кейіпке енеді. Аты аңызға айналған «Соленая балкада» үлкен бақ жасалып, спорт алаңдары салынады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион да қайта қалпына келтіруден өтеді.

Президент айтқандай, ақмолалықтар салауатты, белсенді демалу мүмкіндігіне ие болады. Келесі мәселе – Ақмола көлігі. Осыған байланысты ескірген автобустар мен троллейбустарды ауыстыру жалғаса береді. Жол қызметі астананың жүктемесіне бейімделмеген қалаішілік тар жолдарды барынша пайдалану мүмкіндігін қарастыруы керек. Президент Ақмола билігінің алдына 1998 жылға арналған жеке блок тапсырмалар қойды. Оның ішінде: қаланы жүк көлігінен босатуы тиіс айналмалы орамды жол салу, әмбебап спорт кешені, балалар саябағы, Мир көшесін қайта салу, 2,5 мың гектар жерге Ақмоланың айналасына орман алқабын отырғызу және т.б. Енді бәрі үшін Ақмола мэрі Әділбек Жақсыбеков жауап беретін болады. Қазақстанның жаңа астанасы құрылыс пен қызмет көрсетудің еуропалық деңгейіне бағытталып, өмірдің өзіндік өркениетті мағынасын қалыптастыратындығын Н.Ә. Назарбаев ерекше атап өтті. Бәрі-бәрі, тіпті жарнама да заманауи талаптарға жауап беруге міндетті.

Астана – елдің келбеті, сондықтан да ол үшін ешкімнің алдында ұят болмауы керек. Жалпы айтқанда, талап біреу: астананы әдемі, ыңғайлы және ұзақ уақытқа сәулеттендіру. – Мен кез-келгенді осы қалаға жұмыс істеткіземін, - деп Мемлекет басшысы кесімді мәлімдеді.

«Казахстанская правда»,

«Акмолинская правда»,

«Инфо-Цес» газеттерінің

1998 жылғы материалдары бойынша.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?