Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған ...

2264
Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған ... - e-history.kz
12 желтоқсан – әлемдік деңгейдегі белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған күні

Айтматов жазған шығармалар жанрын «сиқырлы соцреализм» жанрына жатқызады. Оның шығармаларының сиқырлы мазмұны жазушының бала кезінде естуі мүмкін халық аңыз-әңгімелерімен ұштасып жатады. Шыңғыс Айтматов 1928 жылы қырғыздың Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл Айтматов мемлекеттік лауазым атқарған көрнекті қызметкер болған.

Атап айтқанда, ол Қырғыз КСР Коммунистік партиясының екінші хатшысы, егін шаруашылығы халық комиссары лауазымында болған. 1937 жылы тұтқындалып, көп ұзамай атылады. Анасы Нағима Абдувалиева, татар қызы, «халық жауының» әйелі атанады. Айтматов сегізжылдық мектепті Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған жылы бітіреді. Әдеби білімді Айтматов Мәскеуден алады, 1958 жылы астанадағы Жоғарғы әдебиет курсын тәмамдайды. Оның тұңғыш басылған туындысы – орыс тілінде жазылған «Дзюйдо газетші» әңгімесі, бұдан кейін «Октябрь» журналында түпнұсқасы қырғыз тілінде жазылған «Бетпе-бет» әңгімесі жарық көрді.

1959-1965 жылдары Айтматов «Литературный Кыргызстан» журналының бас редакторы бола жүріп, «Правда» газетінің Қырғыз ССР-індегі тілшісі қызметін атқарады. 1958 жылы жарық көрген «Жәмилә» повесті Айтматовқа үлкен әдеби абырой-атақ әкеледі. Француз жазушысы Луи Арагон шығарманы француз тіліне аударады. Айтматов философ болды, оны дін, мораль, әдеп мәселелері терең толғандырды. Айтматов өзіндік өсиет ойлап шығарған жоқ, оның шығармаларында ақыл айтушылық пен өсиетшілдік көп кездеспейді. Бірақ оқиға дамуын өзінше түсіну, діни астарлы мән ерекше бір әлем жасайды, бұнда автор тек жасаушы-жазушы ғана емес, сонымен қатар жаңа әлем жасаушы жаратушы-демиург ретінде көрінеді.

Айтматов жазушылардың арасында алғашқылардың бірі болып экологиялық мәселелерді көтереді. Ол адамдардың іс-әрекеттері нәтижесінде табиғатқа тиіп жатқан залалдарды бақылайды. Жазушыны табиғатты қорғау мәселелері толғандырып, «ауыл прозасының» өкілдері Распутин, Шукшин, Афанасьевпен жақындатады. Ауыл тақырыбына оны тек экологиялық мәселелер ғана емес, сонымен қатар кейіпкерлерінің жан-дүниесінің ерекшелігі де жақындата түседі. Мысалы, оның кейбір кейіпкерлері әйгілі «әпенді» Шукшинге ұқсайды. Бірақ Айтматов өз жұмыстарына адамды өзі жасаған қылмыстары үшін жазаға тарту сарынын енгізеді.

Айта кететіні, бұл жаза міндетті түрде жоспарланған, әдейі жасалған жаза емес. Жаза адамдар тарапынан да, жануарлар әлемінен де немесе тіпті табиғат апатынан да болуы мүмкін. Шыңғыс Айтматов - советтік прозаның интернационалдылығының жарқын үлгісі. Ол өз бойына орыс жазушыларының дәстүрін сіңіргені сияқты, оның прозасы да СССР әдебиетіне өз әсерін тигізгені сөзсіз. Қысқа әңгімелерден кейін халықтың ескі наным-сенімімен өкпектелген көне сарынды арқау еткен діни құрамдауыш негізіндегі жуан-жуан романдар шықты. Айтматовтың романдары бірмәнді баға алған емес. «Ғасырдан да ұзақ күн» романы шыға салысымен оның айналасында талас-тартыс туындап сала берді. Біреулер романды әдебиеттегі тың жаңалық десе, екіншілері, керісінше, шығарма композициясын сәтсіз деп жерден алып, жерге салып жатты.

Ал «Жанпида» романына бұлардан да кереғар пікірлер айтылды. Оны әлеуметтік-психологиялық романдарға да, роман-аңыздарға да, роман-трагедияларға да, идеологиялық романдарға да жатқызды. Айтматовтың шығармашылық әлемінің бай және күрделілігі сонша, оны әдебиеттің бір ғана жанрына жатқызу мүмкін емес. «Жанпида» романында мистерия да, астарлы әңгіме элементі де, әулиелер өмірінің әдет-ғұрыптары да бар, жануарлардың жеке әлемі де сипатталады. Айтматов славян және түрік мәдениетіне терең бойлаған, екі тілде еркін жазатын жазушы болды.

Оның шығармаларында екі әлем бір-бірімен жанаса жүрді, екі дүниетанымның осындай ерекше синтезі қырғыз жазушысының алыс шетелде де танымал болуына себепші болған шығар. Айтматов түсініктеме берушінің ұлы шеберлігін әлемге паш етті. Ол өткен өнегені қолданып, өз кітаптарына интертекст енгізеді, бірақ олардың канондық баяндалуымен жүрмейді, қасиетті жазуды жаңадан ой таразысына салады, аңыздарды, халық әңгімелерін өзгертіп, толықтырады.

Келесі жылы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойы тойланады. Жазушының құрметіне 12 желтоқсан Қырғызстанда Ұлттық әдебиет күні деп жарияланды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?