Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір түнде 26 мың отбасыны түгел көшірген

2497
Бір түнде 26 мың отбасыны түгел көшірген - e-history.kz
Қазақстандағы Украин диаспорасы бір түнде 26 мың отбасына көшірген қаралы күнді еске түсіріп, ғылыми-практикалық конференция жұмысын ұйымдастырды

13 қазан күні Қарағанды қаласында «Тоталитаризм кезеңіндегі халықтар депортациясы: тарихи сабақтар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталатын болып, оған NDH порталының ұжымы да қатысты.

Кешегі күні СССР тарихында барлық республикалық аймақтарды тегіс шарпыған репрессия құрбандарының үлкен қасіретті тарих беттері таңбаланып қалды. Сталиндік жазалау саясатына аталған өңірлердің үлкен саяси элитасы ғана емес, республиканың қарапайым күн көрген азаматтары да жазықсыз ұшырады. Советтік билік жүйесінің алғашқы онжылдығында-ақ саяси қуғын-сүргін күшті жүрді, сондай-ақ халықтарды мәжбүрлеп көшіру саясаты – депортация да күшейді. Сондай қасіретті жылдардың ізі украиндарды туған мекенінен айырып, ешкіш ешқашан көріп білмеген Қазақ даласына күштеп көшіру 20-ыншы жылдардан басталғанымен, жаппай мәжбүрлеу саясаты 1947 жылы кең өріс алды.

Тоталитаризм кезеңіндегі украин халқының тағдыры жайлы конференцияны Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Болашақ» академиясы» жекеменшік мекемесі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Т. Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілінің Қарағанды облыстық серіктестігі мен Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Ғылыми жиынды «Болашақ» білім академиясының ғылыми жұмыстар және халықаралық әріптестік жөніндегі проректоры, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Татьяна Смолькина жүргізіп отырды.

Дөңгелек үстел жұмысы Қазақстан аумағында депортацияланған халықтар: тарих және тағылым. 2. Құжаттар мен материалдар негізіндегі халықтар депортациялануының тарихы. 3. Қазақстандағы этникалық топтардың әлеуметтік-мәдени дамуы. 4. Депортация және халықтардың тарихи санасын жаңғырту мәселелері деген бірнеше бағытты қамтыды.

Конференция жұмысына жоғарыда аталған университет ғалымдары мен Украинадан келген қонақтар қатысып, олар дептортация тарихы мен тағдыры жайлы баяндама жасады. Мәселен, тарих ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Зәуреш Сақтағанова «Қазақстан халықтарының дептортациялануы: тарих кезеңдері» тақырыбында сөз сөйлеп, халықтар тарихындағы ақтаңдақтарды ашу мәселесін орынды көтерді.

Мәселеге жалпыламай, тура келген тақырыптың иесі – тарих ғылымдарының кандидаты, Жезқазғандағы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетінің профессоры Тұрғанбек Алланиязов. «ГУЛАГ лагерлер жүйесіндегі украин диаспорасы» тақырыбында ғалым нақты деректерді сөйлете алды.

1947  жылғы 10  қыркүйекте СССР Министрлер Советінің «Украина ССР батыс облысы белсенді бандылар мен тұтқындарды Қарағандыға, Архангельскге, Володовскийге, Кемеровоға, Кировқа, Молотовқа, Свердловқа, Түменге, Челябинскге көшіру туралы» жарлығы қабылданды. Бұл жоспар бойынша Батыс Украинадан 75 мыңға жуық адамды күштеп көшіру көзделген, 21 қазан күні «Батыс» операциясы басталды. Бір тәуліктің ішінде 26,6 мың отбасы жер аударылса, бұл сан 76 мың жан санын құрады.

Ғылыми жиынның қызығушылығын туғызған тағы бір баяндаманы Украина елінен келген тарихы ғылымдарының кандидаты, Украина ҰҒА Украина тарихы институтының доценті Олег Бажан жасады. Оның мақаласының құндылығы сол, советтік қырағы қызмет органдарындағы қажетті құжаттарды пайдалана білуінде. 1930-1940 жылдардағы Қазақстандағы украин халықтарының депортациялануы: советтік арнайы қызмет құжаттар негізінде» деген тақырыптағы баяндама конференцияның маңызын аша түсті.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде қызмет ететін магистр Гаухар Мұхатаева өз баяндамасында Орталық Қазақстанға депортацияланған халықтар тарихынан аз-кем сөз сөйледі. Қарағанды облысының материалдары негізінде жазылған ғылыми мақалада депортацияға ұшыраған халықтардың тағдырын қозғай отырып, ондағы әйел аналар мен балалардың денсаулықтары, олардың тұрмыс тіршіліктері ойландырмай қоймаған.

1940-1941 жылдары Карлагта 1048 жылы өмірге келген. 1947 жылы Карлагта кәмелеттік жасқа толмаған 814 бала отырған, ал 1950 жылы олардың 209-ы ғана тірі қалған. Жалпылай алғанда 1941-1944 жылдар арасында 924 бала өлсе, 1950-1952 жылдары 113 бала шейіт кеткен.

Ғылыми дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Володомир Сергеийчуктың «Украиндықтардың Қазақстанға дептортациялануы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Украиналық таризшы ғалымның кітабын конференция барысында Василий әкей Говера арнайы таныстырды. Кітапты оқып шыққан әзірге жалғыз адам Василий тақуа украиндықтардың қазақ даласына жер аударылуы тарихтың кезең-кезеңдерінде әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты өрбіп отырғанын айтады.

Кітапта мұндай жойдасыз процесстер ХVIII ғасырдан басталғанын жазылған дейді ол. Ал ХХ ғасырда бұл үлкен апатқа ұрынғанын ғалым құжаттармен дәлелдеп отырып жазған. Кітап авторының ойынша, 1914 жылғы І Дүниежүзілік соғыста, 1930-1931 жылдардағы бай-құлақтарды кәмпескелеу кезеңдері, 1939-1941 жылдары ұлтшылдар мен олардың отбасын ойрандаған кезеңдердің барлығы да ескерілуі керек.

«Тоталитаризм  кезеңіндегі  халықтар  депортациясы:  тарихи  сабақтар» тақырыбында  дөңгелек  үстел  шеңберінде  өткен  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның  ұйымдастыру  комитеті жиын соңында форум жұмысы жалғасатынын және алдағы күндері Қарағанды қаласында дептортацияға ұшыраған украиналықтардың тағдырын бейнелейтін ескерткіштің ашылу салтанаты болатынын хабарлап, бүгінгі жиынға қатысушылардың барлығына алғыс білдірді.

 

Фотосуреттерді түсірген Артем ЧУРСИНОВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?