Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жұмбақтаста қыз жылаған

2408
Жұмбақтаста қыз жылаған - e-history.kz
Жұмбақтас – бір қырынан қайыққа ұқсаса, екінші жағынан шашын жайған ару қыз көрінеді. Содан да болар халық оны жұмбаққа толы тас деп кеткені

Бурабай табиғатының сұлулығы мен туристерді тартуы бір әңгіме, ал аңыз бөлек әңгіме. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады деседі. Ендігі бір аңыз төмендегідей тарқалады.

Бұрында осы маңда көл болмаған кезде, өз тіршілігімен айналысқан халық болған, елді хан әділетті билеген сондықтан да хан халық алдында мәртебелі болған. Хан тек ел билеушісі ретінде ғана емес, өзінің сымбаттылығымен қатар жомарттығымен де ел аузында болған. Оның сұлу әйелі, байлығы мен мыңдаған табын малы болған. Дегенмен хан жалғыз ұлын ардақтап кішкентайынан жанынан тастамай өзі тәрбиелеп, барын беріп өсірген.

Күндердің күнінде соғыс басталып, хан қаһарлы жауға қарсы өз әскерімен қатар ұлымен бірге аттанады. Соғыс үш күн, үш түнге созылып, соңында екі елдің билеушілері жекпе-жекке шығып, хан қарсылас жауын жеңеді. Ханның бұл айқаста жеңіске жеткенін көріп, дұшпан әскерлерінің зәре құты қашып алды-арттарына қарамай қаша жөнеледі, қашқаны қашып кейбіреулері тұтқынға түсіп қалады. Тұтқындардың ішінде қарсылас жаугершілердің ханының хас сұлу қызы болады, енді қыздың сұлулығын суреттеу мүмкін емес болады. Бірақ, қыздың жүзінде сұлулықпен қоса кек қайтару ызасыда сезіліп тұрды. Қызды ханның алдына алып келгенде ару еш сыр бермей өте сыпайы және әдептілігін сақтады, мұны көрген хан оның үстіне соғыстан шаршаған ару қызға ғашық болып қалады. Осыған дейін халқы мен жалғыз ұлына арнаған бар ақыл, күш-қайраты мен махаббатының бәрін бір күнде қызға құрбан етіп қызды өзімен бірге елге алып келеді.

Көп ұзамай, ару қыз өз әрекетіне көше бастады, ханның жалғыз ұлының қаншалықты қымбат екенін білген ару қыз, хан ұлының басын айналдыра бастайды, жас жігітті еліктіріп өзіне қаратудың амалдарын жасап жүрегін жаралайды.

Жас жігітке өз кезегінде жүрегі елжіреп бұрын соңды бұлай ешкімге ғашық болмағанын айтып, сезімге ерік береді. Кішкентайынан әкесі берген тәлім-тәрбие мен отанды, елді, жерді сүю дегендерді ұмыт қалдырып есіл дерті осы ару қыз болады.

Кекшіл ару да бозбаланың адал сезіміне риза болып оның аржарқыны мен адал жүрегіне шынайылық танытады.

Хан соғыста жеңіспен қатар сұлу қызды олжалады. Көп уақыт созбай отбасының, жақындарының айтқанын тыңдамай бір күннің ішінде тойды белгілейді. Дәл сол сәтте ханның ойында тек қана сұлу қыздың бейнесі тұрды.

Көп ұзамай той уақыты да келді, әрине хан үйленетін болғаннан кейін бүкіл халық болып тойлатуды бастап кетеді, елдің бәрі жан-жаққа хабар беріп той басталады, бұл сәтте хан жүрегі дамыл қақпай жас аруын асыға күтумен болды. Бірақ, біраз уақыт өтседе қалыңдық келмеді, болмаған соң хан іздеу салдырып, уәзірлеріне қарап келуге тапсырма береді. Шыдамаған хан әскермен бірге өзі де шығады, ел маңайынан көп ұзамай қыр басына шыға бергенде ханның жүрегіне қанжар қадалғандай болады, хан қырдан асып бара жатырған қос ғашықты көреді ол өзінің ұлы мен сүйген аруы. Хан қатты қапаланады.

Уақыт өте келе хан әлгі ғашықтарды жолықтырып, сол жерде жазалап, екеуінде садақпен атады. Хан ғашықтарға жақындағанда екеуі де тірітұғын. Олар қол ұстасып жатты, екеуінің жүзінен шынайы сүйетін сезім мен бір-біріне берілген мәңгілік махаббат уәдесі сезіліп тұрды.

Дәл сол сәтте айналаны күңгірт тыныштық жайлады. Жас арудың көзінен үзілген бір тамшы жас кенеттен дидарында пайда болған мұңлы да мейірімді күлімсірегені хан жүрігіне терең бойлап, барлық болған жайды баяндады: бастапқыда кек қайтарудан туған ойын ханның жақындарының өмірін қиған ұлы махаббат қасіретімен аяқталғандығы мәлім болды. Өз ісінің дұрыс еместігін түсініп, екі жасқа ашу-ызаға беріліп қанішерге айналғанын түсінген хан құбылмалы тасқа айналыпты, содан бері сол тас өзіндегі ақиқатты іздеудің символы болып қала берді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?