Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Танк төңкерген батыр

1811
Танк төңкерген батыр  - e-history.kz
Аты тасқа қашалып, атақ-дәрежесі айға жетпегенмен, жасаған жауынгерлік қаһармандығы ел есінде, тарих бетінде қалған батыр бабаларымыз бар, оны дәріптеу бүгінгі біздің парыз

Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар дүние. Ал ес басына күн туып балақтан су кешкенде ел үшін жанын қиған және жанын қиюға дайын болған батыр бабаларымыздың әңгімесі бір бөлек. Әрісін, айтпағанда берідегі адам айтқысыз қырғын шығынымен тарихта қалған екінші дүниежүзілік соғыс бізге тікелей қатысты.

Себебі елді, жерді қорғау жолында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір екінші қазақ қолына қару алып аттана жөнелді. Кеңес әскерінің құрамында болып неміс фашистеріне қасқайып тұрып өз жеріміз түгелі Мәскеуді, Киевті, Ленинградты қолдан бермеген. Бұл жерде біз ерліктің биік шыңын көреміз, сол қиын-қыстауға қарамастан ер азаматтарымыз Отан қорғаймыз деген ұранмен тек алға ұмтылды, әрине олардың көбісін ел біледі, еңбегі де еленді.

Атап, айтсақ Кеңес Одағының Батыры, Қызыл жұлдыз және басқа түрлі дәрежедегі атақ, деңгейлермен марапатталды. Алайда, ерлігі еленбей тарихтың көлеңкесінде қалып қойғандар қаншама?! Бірақ асыл тас су астында жатқанба, уақыт өте келе төгілген тер мен қан, жасалған еңбек пен ерлік араға сан жылдар салып су бетіне қалқып шығып жатыр.

Біз әңгіме қылғалы тұрған батыр бабамызды бізге беймәлім немесе көпке беймәлім екінші дүниежүзілік батыры десекте болады. Ол Рахметов Жұмаш. Жұмаш Рахатұлы 1919 жылы Қарағанды облысының, Қарсақбай ауданында дүниеге келген.

Соғыс өрті тұтанған 1941 жылы Сызрань танк училищесін бітірген соң, 3-і механикаландырылған корпустың 1-і гвардиялық танк бригадасындағы, 1-танк батальонының 2-і ротасына взвод командирі болып тағайындалып, Калинин, Брянск, Батыс майдандарындағы шайқастарға қатысады. Жұмаш Рахметов ұрыс кезінде өзінің ержүректігімен қатар, жеке өзіндік ерекшілігі бар тұлға ретінде де көзге түседі, командир басшылары батырдың қайсар қасиетін алғаш күннен аңғарады.

Сөзімізге дәлел Рубцово елді мекенінде әскери тінту кезінде жаудың орналасқан нүкте бекінісін тауып жойып жібереді. Одан бөлек 1942 жылы күз айларында Ново-Бояршина-Ходулихо бағытында Калинин майданында Батыс Оленин тобын қоршауға алып, адамдарды тұтқындау ісі басталады, осы кезде жауға қарсы әскерді басқаруды Рахметов өз қолына алады, нәтижесінде берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, жаудың 12 дзоты, 3 минометі, 5 пулеметі, 80-нен астам әскері жойылады.

Одан басқа, Жұмаш атамыз басқарған Савино -Толкачи пункітіндегі танк экипаждары қарсыластардың бетін қайтарып, статистикамен айтқанда 13 дзот, 3 зеңбірек, 5 танкі, 100 фашистің көзін жойған. Жеке өз басы Михеев ауылына бірінші болып кірген. Соғыс өрті қызып тұрған шақта 1942 жылы 20-24 желтоқсанда Калинин облысының Оленин ауданындағы Вереиста деревнясы маңында неміс фашистерінің 11 танкісін өз күшімен жойып, сол жерде өзіде қайтыс болған. Батыр бабамыздың жеке қоржынында 4 танкі, 15 зеңбірек, 36 дзот, 6 миномет, 19 пиломет, 300 солдаттардың көзін жойған ерлігі тиесілі.

Жұмаш Рахметұлы – соғыстағы ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Генерал-лейтенант М.Катуков жасалған батырлық ерлік пен еңбекті дәріптеу мақсатында 1943 жылы Рахметовті «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынады, бірақ белгісіз себептермен атақ-дәреже берілмейді. Иә, айтар болсақ Жұмаш атамыздың жасаған жауынгерлік парызы, бүтін батырлықтың бейнесімен қатар, тарих бетінде қалар мәңгілік қаһармандық таңбасы. Бабамыздың жасаған ерлігін бүгінгі біз ұмытпауымыз керек, себебі біз арқылы келесі ұрпақ танып біледі.

Тағы бір айта кетер қызықты дерек Жұмаш атамыз Орта Азия мен Қазақстан бойынша жалпы танкистер қатарында болған және енген жалғыз адам.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?