Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ ғалымдарының І съезінің хаттамасынан

1963
Қазақ ғалымдарының І съезінің хаттамасынан  - e-history.kz
1924 жылы 13 маусымда қазақ ғалымдарының І съезі басталды. Маусымның 18-не дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу, латын қарпіне көшу, т.б. мәселелер қаралды

1924 жылы Қазақстанда Сауатсыздық жойылған ұйымы құрылып халықты жаппай сауатын ашу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осы тұрғыда сол кездегі қазақ зиялыларының сіңірген еңбегі зор. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов бастаған зиялы қауым оян қазақтатып сауатсыздықпен күресті. Сондай ауқымды істің бірі 1924 жылы Орынборда тұңғыш қазақ білімпаздарының съезі өтті. Съезде әлеуетті әріп жазу мен санауға үйрету ғана емес, жалпы қазақ халқының білім-ғылым мен төл мәдениет пен өнері жаңғырту мәселесі кеңінен талқыланды. Нәтижесінде маңызды шешімдер мен қаулылар қабылданды. Әрине ұлт болашағы үшін игілікті іс болғандықтан қарама-қайшылық пен болжау, саралау мен талдау, күмән мен күдік те басым болды. Біздің ұсынып отырғанымыз: 5 күнге созылған съездің хаттамасынан үзінді. 

Нәзір Төреқұлов: Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиге қатысты мұқият саралау керек деген пікірін қолдамауға болмайды, бірақ Ахмет түрік әліпбиін мақтап, латын қарпі бізге қажеті аз деп отыр. Мен ойланбастан түрік әліпбиіне көшкеннен латын әліпбиінің кең мүмкіндігі мен тереңдігін пайдалана отырып, латын қарпін ұсынамын. Осы жерде Ахмет өз сөзіне өзі қарсы келуде, бір жағынан әліпби мәселесін тереңінен қарастыруды ұсынады, екінші жағынан оның болашағы мен дамуына күмән туғызады. Біз күшпен енгізгіміз келмейді.

Немесе Хәлел Досмұхамед секілді латын қарпіне қарсы бола отырып, «Ақжол» газетіне қазақ тіліне арналған латын қарпі жобасын ұсынады. Сондықтан Ахметке қосыла отырып мен ұсынысымды іспен, дәлелмен алға тартамын.

Егер түрік тілін латынмен салыстырар болсақ, меңгеруге әлдеқайда латын тілі ыңғайлы. Мысалы, қазақ газетінің бір санын шығару түрік (араб) әліпбиімен шығару үшін 15 пұт қажет етеді, ал латын тілінде бар-жоғы 2-2,5 пұт болады.

Түрік типографиясында 174-200 әріптік ұяшықтар бар, ал латында 100-ден аспайды. Орыс әліпбиінде 7500 әріп, поляк, француз тілдері қолданып жүрген латын әліпбиінде 5500 әріп қолданылады, татарлар 5500 әріп, қазақша, өзбекше 4000-4200 әріп, араб тілінде теруші 300-ге жуық әріп тереді.

Әріп теруші латын қарпінде қазақ тілінде орыс тілі секілді – 7500 әріп. Латын әріптері жазуға жеңіл. Мысалы, түрік тіліндегі бір әріп төрт дыбыстан тұрады, ал латын тілінде біреу ғана. Оның үстіне түрік тіліндегі әріптер бір-біріне ұқсас, мәселен, бір сөзден үтір қоюды ұмытып кетсең, оның мағынасы өзгеріп шыға келеді де, оқу қиынға соғады.

Латын қарпінің тағы бір артықшылығы, жазу машинасына да ыңғайлы. Бүгінгі күнде біз барлық ресми корреспенденциясы қазақ тілінде теруге бел буып отырмыз. Әрине, жазу машинасынсыз жұмыстың жүрмейтіні түсінікті. Айтпағым, түрік тілінде теретін жазу машинасын құрамыз дегелі 25 жыл өтті, нәтиже көрінбейді.

Жоғарыда көрсетілген дәйектер мен салыстырмаларды алға тарта отырып, латын тілінің артықтығын тағы да баса айтамын, себебі шынында да латын әліпбиі жазуға да, оқуға да, теруге де қолайлы. Көп шығынды талап етпейтінін де тағы айта кеткім келеді. 

Латын қарпімен басылған кітаптар әлдеқайда арзан болады. Штат қызметкерлерін қысқартып, жалақысын азайтуға да болады. Жоғарыдағы сөздерімен басымдық көрсете келе айтарым біз латын қарпінен бас тартпауымыз керек. Әрине, халық қабылдамауы мүмкін, бірақ біз сол себептен жұмысымызды тоқтатпауымыз керек. Бұл жағдайды орыс миссионерлерінің қазақтарға орыс тілін еріксіз енгізуімен салыстырмауымыз керек.

Халықтың жаңашылдыққа үреймен қарауы – қалыпты жағдай. Кезінде поезд, пароход пайда болғанда да халық күмәнмен қабылдаған уақыт өте келе үйреншікті жағдайға айналды. Қазір Ташкенттің қазағы Орынборға поездың барын біле тұра атпен келмейтінін бәріміз білеміз. Халық білмейді екен деп жаңалықшылдық пен өзгерістен бас тартпауымыз керек.

Бұрын біз ұшу десе құсты елестетсек қазір аспанда адам қолымен жасалған тікұшақ ұшады.

Бір сөзбен айтқанда, латынға көшудің мән-мағынасы бар және ол – уақыт талабы.

Айтпағым, латын әліпбиін кезінде немістер қалай қабылдады сол секілді бізде дұрыс көзқараспен қабылдауымыз қажет. Неміс халқы латын тілін біртіндеп енгізді. Біз де солай жасауымыз қажет, соңында біз толығымен көшетін боламыз, мұны жасау қиын емес.

Ал орыстардың латын қарпіне көшпеуіне келсек орыс әдебиеті өте бай, оның барлығын көшіру үлкен жұмыс, екіншіден, орыс әріптері қазақ әріптеріне қарағанда жазуға жеңіл.

Қорытындылай келе аталған сұрақты көтере келе жауапты мұқият қарастыруымыз керек. Бізге өзімізге керекті, пайдалы, ыңғайлы және қолжетімді дүниені таңдауымыз қажет. Біз даму жолындағы әрбір қадамымызды мәдениетке қарай басуымыз керек.

Міржақып Дулатұлы: Жоғарыда айтылған дәлелдер мен дәйектерге қосыламын, латын тілінде пұттардың аздан келетіні, кітаптың арзанға түсетіні, тағысын тағылар. Бұлардың барлығы дұрыс. Бірақ біз түрік әліпбиін толығымен емес, таңдаулы түрде қолданғымыз келіп отыр. Екеуін қатар жүргізіп салыстырмалы түрде жүргізсек.

Енді оқытуды ұйымдастыру мәселесіне келсек, қазақтардың барлығы сауатты болмаса да сауаты ашықтар жеткілікті. Қазір біз латын қарпіне көшер болсақ, бірде-бір сауатты адам болмайды. Нәтижесінде біз сауатсыздықпен емес, сауаттылықпен күресетін боламыз.

Типография мен қажетті құралдардың жоқтығынан біз өз кітабымызды басып шығара алмай отырмыз. Ал латынға көшсек не болады? Әрең басылған әдеби кітаптарды қайта латынға көшіріп басып шығарамыз ба?

Өзіңіз айтқандай Ресейдің латынға көшпей отырған себептерінің бірі кітап қорларының көптігінен оның бәрін латынға көшіру мүмкін емес, сол секілді бізде қолдағы бар дүниені ұмытпауымыз қажет. Және оның бізге арзанға түспесі анық.

Оның үстіне білесіздер: Ресейде типографияға жеткілікті қаржы бар, одан бөлек сауаттылық пен білімде жеткілікті деңгейде. Осыған байланысты айтарым: аталған мәселе орыс халқына ауырға соғып тұрса, бізге тіпті оңайға соқпайды. Сондықтан дұрысы – түрік әліпбиін одан әрі қолданып, аясын кеңейту.

Жалғасы бар .... 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?