Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 115 жыл

1925
Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 115 жыл - e-history.kz
Ғабит Мүсіреповтің әдеби шығармашылықтағы алғашқы қадамдары және өзі-өзін сынап көруі рабфакта оқып жүргенде басталған. Сол жылдары С. Сейфуллинмен танысып, осы кісі оған зор әсер етті

1902 жылдың 9-ыншы наурызда Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы дүниеге келген. Ол – қазақтың әйгілі жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және Қазақ КСР Жоғары Кеңес депутаты.

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді. Орынбордағы рабфакта оқып тәмамдады, бір жыл Омбы ауылшаруашылық институтында оқыды. 1927-1928 жылдары Борабай (Щучинск) Орман шаруашылығы техникумының оқытушысы болды. Осында өткізген 1923 -1933 жылдары «Қазиздат» бас редакторы, 1934-1935 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) редакторы, 1936-1937 Қазақстан КП ОК сектор меңгерушісі, 1937-1938 жылдары Қазақ ССР Советтік халық комиссариаты жанындағы Өнер істері Басқармасының бастығы, 1938-1956 жылдары Қазақстан Жазушылары Одағының басқарма төрағасының мүшесі, 1956-1957 жылдары «Шмель» - «Ара» жорналдарының бас редакторы, 1957-1966 жылдары Қазақстан Жазушылары Одағының басқарма төрағасы болды. 1958 жылдары КСРО Жазушылар Одағының хатшысы болып сайланды, әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі КСРО Мемкомитетінің мүшесі болды. Оның жетекшісі атақты мұғалім Бекет Өтетілеулов болды,  ол дарынды адамның жоғары мақсаттары болу керек, - деп әрдайым айтушы еді. Өзі жақсы көретін педагогтың өсиеттері Ғабитті жиі құтқаратын.  Ғабит Мүсірепов әдеби шығармашылықтағы алғашқы қадамдары мен өзі-өзін сынап көруді рабфакта оқып жүргенде бастаған. Сол жылдары С. Сейфуллинмен танысқан, ол кісі оған зор әсер етті.

«Тулаған толқында» бірінші бөлімі оқырмандардың қызығушылықтарын ізінше арттырды. Ол азаматтық соғыс тақырыбына арналған, революциялық кезеңінің сынынан өткен адамдар туралы баяндады, олардың еркіндік пен бақыт үшін күрестерін әңгімеледі. Одан соң, «Қос шалқар», «Топастар», «Туннель», «Алғашқы қадам» повестері мен әңгімелері және де көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел-Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел-Ана тұлғаларының галереясын байыта түскен, новелла циклі шықты. Ғ. Мүсірепов сол мезгілде пьеса жазуды бастайды. Келесі жылдары елдің қоғамдық және мәдени өмірінің оқиғалары - әдеби шығармашылығының негізгі тақырыбы болады. 

Ұлттық әдебиеттің тұрақтануына түрткі болған Ғ. Мүсіреповтың әңгімелері мен повестері өмірдің түрлі саласындағы маңызды оқиғаларын бейнелеген, қазақ қоғамының әлеуметтік өзгерістерін, қазақ халқының тұрмысы мен психологиясындағы жаңа құбылыстарын бейнелейді.

Ғ. Мүсірепов ұлттық драматургияның негізін салушының бірі болған. Оның алғашқы тәжірибесі – «Қыз Жібек» музыкалық драмасы, халық лирикалық поэмасы негізінде жазылған. Кейін, осы драма негізінде, «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазды.  Музыкасын атақты композитор Евгений Брусиловский жазды, ал  бас рольді орындаған теңдесі жоқ Күләш Бәйсеитова. Жазушының поэтикалық сөзі мен композитордың лирикалық әуендері және әншінің күміс көмей дауысы үндесті.  Осылайша совет театры өнерінің асыл қазынасына енген шығарма дүниеге келді. Кинодраматургия саласында белсенді жұмыс атқарды. 1936 жылы сценарийін Б. Майлин, В. Ивановпен бірігіп жазған «Амангелді» бірінші қазақ көркем фильмі болды. 1954 жылы Мүсіреповтың сценарийі бойынша Алматы киностудиясы "Махаббат туралы дастан” көркем фильмін, ал 1971 жылы «Қазақфильмде» оның сценарийі бойынша екі сериялы «Қыз-Жібек» фильмі түсірілді, 1977 жылы – «Уақыт іздері». Онымен қоса, Ғ.Мүсірепов мынадай ірі әдеби шығармалардың авторы болды: «Амангелді» (1935), «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1939), «Қазақ солдаты» (1945), «Ақан cepi - Ақтоқты», «Кездеспей кеткен бір бейне» (1966, Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығы, 1968) «Ақынның оқиғасы» («Құлагер» поэмасында дәріптелген  атақты халық әншісі Ақан-сері),  «Майра», «Болашаққа аманат» және ондаған әңгімелер мен новеллалар. «Қазақ солдаты» әлемдік атаққа ие болып, қазақ әдебиеті даңқын жаңғыртты.  «Оянған өлке» тарихи романы  кең ауқымды танымдылыққа ие болды, «Оянған өлкенің» заңды жалғасы болып табылатын «Жат қолында»  романы 1974 жарық көрді. Оны жазғаны үшін 1976 жылы Қазақ ССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйына ие болған. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы «Оның есімі Ұлпан» повесін жариялады.

Ал «Оянған өлкенің» заңды жалғасы – «Жат қолында» романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң, 1984 жылы ұсынылды. Мүсіреповтың  әдеби-сыншылдық және публицистикалық еңбектердің авторы, олардың көбі 1977 жылы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген «Суреткер парызы» жинағына енді, «Дәуір дидары», «Заман және әдебиет» жинақтарына енген. Ғабит Мүсірепов, Азия мен Африка елдері арасындағы әдеби байланыстар кеңейтіп, нығайту ісіне көп тер төккен атақты қоғамдық қайраткер болып табылады. Қазіргі заманғы әдебиеттің даму мәселелерін зерттеді, көркем әдебиеттің тілдік ерекшелігі және жазушылардың шеберлігін зерттеді.

Ол Абай дәстүріне, шығыс және батыс, орыс классиктерінің шығармашылық тәжірибелеріне бағытталған. Екітомдық «Қазақ театрының тарихы», бестомдық «Қазақ ССР тарихы» (Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін), алтытомдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» құрастырылуына қатысқан. Ғ.Мүсірепов қазақ тіліне О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер және тағы басқалардың шығармаларын аударуға қатысқан. Ғ. Мүсірепов – Бесеудің хаты авторларының бірі болған. Ол әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарының авторы ретінде де танымал. Республиканың және өткен КСРО қоғамдық -саяси өміріне белсенді қатысқан. КСРО және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне  бірнеше мәрте рет сайланған. Қазақ әдебиетте Ғ. Мүсірепов ерекше орын алады: ол қалдырған ауқымды әдеби мұра ұлттық әдебиеттің мақтанышы болып табылады. Үш Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен,  халықтар Достастығы орденімен, Октябрь Революциясы және медальдармен марапатталған. 1974 жылы Петропавл қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Астана қаласының бір көшесі, Солтүстік Қазақстан облысының бір ауданы, Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына  Мүсірепов есімімен аталды. 1991 жылы Ғ. Мүсірепов тұрған, әдеби-мемориалды үй-мұражайы ашылды. 2002 жылы жазушының жүзжылдығына Алматыда, Абылай хан даңғылында, Ғ. Мүсірепов атындағы КМБЖТ қарама-қарсы қола ескерткіш ашылды, 50 теңгелік тиын шығарылды.  

Махаббат БОЛЬШИНА

Көшірме жасау және материалдарды жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша не ауызша рұқсаты қажет. Міндетті түрде National Digital History порталына гиперсілтеме жасау қажет. Барлық құқықтар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі. – 111) 
 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?