Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кеудесінде «Александр Невский»

1887
Кеудесінде «Александр Невский» - e-history.kz
КСРО ыдыраса да, қолданыстан шықпаған аздаған ордендердің бірі – Александр Невский ордені

Сонымен қоса, бұл XVIII ғасырдан бері келе жатқан ең көне ордендердің бірі александр Невский орденінің тарихы өз бастауын Патшалық Ресей заманынан бастайды. Монархия кезінде Әулие Ұлық Князь Александр Невский Императорлық ордені болған, ол екі ғасыр бойына (1725 жылдан 1917 жылға дейін) патша заманының ең басты наградасы болып саналған.

Октябрь революциясынан кейін Ресей империясы кезіндегі барлық ордендермен бірге бұл орден де өз мәртебесінен айырылды. 1942 жылғы 29 шілдеде Қызыл Армияның басшылық құрамын марапаттау үшін жаңа Александр Невский ордені бекітіледі. Орден жарғысы бойынша бұл жауынгерлік наградамен взводтан бастап полк  командирлеріне дейінгі командирлер ғана марапатталған. Тек 1942 жылдың 10 қарашасында ғана КСРО басшылығы орденнің жарлығын қайта қарастырып, орденмен марапатталуға бригада және дивизия командирлеріне де мүмкіндік берді. Соғыс кезінде Александр Невский орденімен марапаттау КСРО Жоғарғы Кеңесінің тиісті Жарлығымен жүргізілген.

Орден жарлығы

Александр Невский орденімен жауынгерліәк тапсырмаға сәйкес өз әскерін аз шығындап, жауға кенеттен, батыл және жылдам шабуыл жасап, зор тойтарыс бергені үшін;

Қарсыластың басым күшін толығымен немесе көп бөлігін жойғаны және әскер тектерінің іс-қимылын табандылықпен және айқын ұйымдастырып, жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін;

Күші басым қарсыластың артиллериясын немесе біздің бөлімдердің алға жылжуына кедергі келтірген қарсыластың атыс ұясын жойған немесе жаудың ДЗОТ пен ДОТ топтарын талқандаған және зор соққы бере отырып, танктердің ірі тобының шабуылын тойтарған артиллериялық бөлмшелерге немесе бөлімге басшылық жасағаны үшін;

Қарсыластың адам күші мен техникасына үлкен залал келтірген жауынгерлік операцияны сәтті орындаған және өзінің материалдық бөлігін толығымен сақтап қалған танк бөлімшесіне немесе бөліміне басшылық жасағаны үшін;

Қарсыластың адам күші мен техникасына үлкен жойқын келтірген бірнеше жауынгерлік ұшуларды сәтті жасаған және еш шығынсыз өз базасына оралған әуе бөлімшелеріне басшылық жасағаны үшін;

Қарсыластың инженерлік құрылыстарын бұзып, өз әскерлеріміздің шабуылының сәтті дамуын қамтамасыз еткені үшін;

Әскердің жауынгерлік операцияларын сәтті өтуін қамтамасыз еткен, түрлі сипаттағы үздіксіз байланысты жүйелі ұйымдастырып, оның ақаулықтарын дер кезінде жойғаны үшін;

Өз әскеріміздің мейлінше аз шығынымен қарсыласқа зор шығын әкелген және жалпы жауынгерлік тапсырманың сәттілігін қамтамасыз еткен десанттық операцияға шебер басқарғаны үшін дивизия, бригада, полк, батальон, рота мен взвод командирлері марапатталады.

Александр Невский ордені үстіне рубин-қызыл түсті эмальмен боялған бесбұрышты жұлдыз жапсырылған дұрыс онбұрыш пішіндес. Жұлдыздың дәл ортасында советтік актер Николай Черкасовтың суреті салынған қалқан орналасқан және «АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙ» жазуы жазылған. Тарихи дереккөздерде қолбасшының портреті сақталмағандықтан, суретшілер 1938 жылғы «Александр Невский» кинофильмінде ойнаған Н. Черкасовты бейнелеуге шешім қабылдаған.

Александр Невский бейнесіндегі Николай Черкасов

А.Невский бейнесі салынған қалқан алтындатылған лавр дестесімен көмкерілген, орденнің астыңғы жағында орақ пен балға, найза, жебе салынған қорамсақ пен садақ бейнеленген. Орден тұтастай күмістен жасалынған. Орденнің орташа салмағы 40,8 г, ал күмістің салмағы 37-38 г. құрайды. Александр Невский ордені Александр Невский орденінің алғашқы үлгілерін қызыл муар лентасымен тікбұрышты қалыпта тағып жүрген, ал 1943 жылдың маусымынан бастап қалыпты орденді киімге тағуға арналған гайка алмастырған.

154-теңіз атқыштар бригадасының теңіз жаяу әскері батальонының командирі Иван Рубан бірінші Александр Невский орденін алған. Соғыс жылдарында совет әскерінің басшылығы 42165 Александр Невский орденін иеленген. Барлығы үш қолбасшы ғана осы орденнің үш мәрте иегері атанған. Олар: подполковник Иван Борисенко, гвардия майоры Павел Куприненко және подполковник Николай Невский. Сонымен қатар он үш мемлекеттің шетелдік сарбаздарына да осы орден берілген.

1956 жылғы Венгр көтерілісінен кейін Александр Невский орденімен генералдарды да марапаттай бастайды. Александр Невский орденімен марапатталғандардың ішінде қазақ қолбасшылары да болған. Кировоград үшін болған соғыста асқан шеберлік көрсетіп, жаудың 4 ұшағын құлатқан екі мәрте Совет Одағының батыры, ұшқыш-шабуылдаушы Талғат Бигелдинов бұл орденді 1944 жылы кеудесіне таққан.

Аға лейтенант Мехмет Қайырбаев майданға 1943 жылдың сәуірінде аттанып, 1945 жылы жиырма жасар Мехмет Смолнеск түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін өзінің алғашқы жауынгерлік наградасы – Александр Невский орденін алады.

КСРО ыдырап кеткеннен кейін де Александр Невский ордені Ресей Федерациясының мемлекеттік наградалар жүйесінде қолданыста қала берді, алайда 2010 жылға дейін орденнің не мемлекеттік мәртебесі, не сипаты болмағандықтан, онымен марапаттаулар жасалмаған.

Тек 2010 жылғы 7 қыркүйекте ғана РФ президенті Дмитрий Медведев орден жарғысы мен сипатын бекіткен Жарлыққа қол қойды. Осы кезден бастап мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 242 адам орден кавалері атанған. Қазіргі уақытта орден тек Ресей наградалар жүйесінде ғана сақталған.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?