Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Генерал-майор Сапаров Оқас Базарғалиұлы

2203
Генерал-майор Сапаров Оқас Базарғалиұлы - e-history.kz
Генералдың жұмыс үстелінде әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған Маин Ридтің «Всадник без головы» кітабын көріп, бос уақытында соны оқып жатқанын түсіндім

1959-шы жылы 19-шы шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1980-ші жылы Энгельс жоғары Әуе шабуылынан қорғаныс зенитті-ракеталы командалық училищесін, 1922-ші жылы Әуе шабуылынан қорғаныс Әскери академиясын бітірген. Взвод командирінен бастап әскер түріне тиесілі барлық қызметтерден өткен. Зенитті-ракеталық дивизион, бригада командирі болған. Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының ӘШҚ бойынша орынбасары қызметін атқарды. ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті (Бас штаб) төрағасының орынбасары лауазымын болған. Бүгінгі күні Оқас Базарғалиұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 1-ші және 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. Бірқатар медальдармен марапатталған. Бір баланың әкесі.

Екі жылдық азаматтық абзал борышымды Совет Армиясының сапында әскерлердің Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінде өткердім. Қызметім жаман болған жоқ. Командирлерім жақсы болды. Айтқанын екі етпей орындайтын. Әсіресе полк командирі подполковник Зверянский деген. Ашуланған сәтте: «Я тебя казах, 31 декабря уволю», – деп қорқытушы еді. Қорқатынмын. Бекер екен. Сөзінде тұрмады. 21-ші желтоқсан күні «дембель» болып, КПП-дан аттадым. Міне, сол командирімнің әскер түрін жақсы көргені соншалықты, айтқандарының көбісі 30 жыл өтсе дағы, әлі есімде. Әсіресе, «советский солдат-ПВОшник должен знать все, абсолютно все. От Эдиты Пьехи до иди ты на хрен» сияқты қанатты ұран-нұсқауларын қалай ұмытуға болады. Немесе, «Гордись казах, что служишь в войсках ПВО. Воисках, которые, сами не летают, и другим не дают» дегенін. Басқа әскер түрлеріне қатысты айтқандарын қайталаудың қажеті жоқ, біреулерді ренжітіп алуым мүмкін. Өз әскер түріне «ғашық» жан болатын.

Генерал Сапаровтың бойында да ПВО-ға деген сондай бір іңкәрлік бар сияқты. 90-шы жылдардың ортасында Алматының іргесіндегі ВПО-ның қатар тұрған қос бригадасына жиі бас сұғатынбыз. Басқа гарнизондағыдай емес, тазалық пен тәртіп көзге оттай басылатын. Әсіресе, генералдың (ол уақытта подполковник) қарамағындағы бөлімде. Сарбаздардың білімділігі де айрықша байқалатын. Жоғары білімді жастардың мерзімді қызметке молынан шақырылуын осы бөлімнен байқауға болатын.

Сарышаған полигонында өткен ірі жаттығу ойындарының бірі есіме оралды. 2-3 күнге келгендіктен, әскери журналистер көбіне бұйырған жерге түнеп жүре беретін. Ұшарын жел, қонарын сай біледі дегендей. Әлбетте, алдын-ала ескертіп қойса, әскерлер қашан да құшақ жая қарсы алады. Бірақ, сол жолы жұмыстың ыңғайы солай болды. Бір түнді палатка, бір түнді Приозерск қаласында өткізіп, үшінші түнді генералдың кунгасында өткіздік. Далалық жағдайда өмір сүруге арналған, осы бір ең қажетті деген нысандармен жабдықталған қолбасшының машинасында түнегеніміз әлі есімде. Генералдың жұмыс үстелінде әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған Маин Ридтің «Всадник без головы» кітабын көріп, бос уақытында соны оқып жатқанын түсіндім. Қонақ болғандықтан сыпайылық сақтадық, кітаптар тұрған сөрені ақтара алмадық. Шамалы үңілсек ПВО-ның құдіреттілігі жайындағы кітаптардан бөлек, басқа да қызықты, көркем, тарихи, ғылыми шығармаларды да табар ма едік.

Совет әскерінің 52166 әскери бөлім командирінің «знать ВСЕ» деген талабы өміршең болса керек.  

Сәндібай КҮМІСБЕКОВ

El.kz

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?