«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Павлодарлық археологтар Қимақ кезеңіндегі күймені тапты

975
Павлодарлық археологтар Қимақ кезеңіндегі күймені тапты
Павлодар-Өскемен автобанынының маңынан қимақтардың күймесін табылды

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына қарасты ғылыми зерттеу орталығының археологтары Қимақ дәуіріндегі күйме арбаны тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Археологиялық экспедицияның жетекшісі Тимур Смағұловтың айтуынша, бұл жаңалық Қимақ қағанатының Павлодар өңіріне қатысы бар екендігінің тағы бір дәлелі. – Біздің мамандар қалаға кіре берістегі Байдала аймағында зерттеу жұмыстарын жасап, болашақ Павлодар-Өскемен автобанынының маңынан қимақтардың күймесін тапты. Сондай-ақ, біз күймемен тасымалданған заттарды және адамды да таптық. Бұл сенсация Ертіс өңірінде тұңғыш рет анықталып отыр. Табылған заттар өте нәзік, сондықтан оны құммен бірге қазып алып, балауыз құйып қатырдық. Мұндай жұмыстарға екі күн және 25 келі балауыз кетті, – дейді Тимур Смағұлов. 

 Арба 1,5 метр тереңдікте табылды. Зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Павлодарға танымал қазақстандық реставратор Крым Алтынбеков бастаған бір топ ғалым келді.