Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада ядролық қарусыздандыру мәселесіне байланысты конференция өтіп жатыр

1438
Астанада ядролық қарусыздандыру мәселесіне байланысты конференция өтіп жатыр - e-history.kz
«Ядролық қару бойынша жалпыға бірдей конвенцияны қабылдау осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі болар еді. Біз бұл бастаманы тағы көтеретін боламыз» дейді Қазақстан Президенті

«Атом энергиясын әскери мақсатта пайдалану – адамзат тарихындағы үлкен қателiкке айналды. Атом қаруы пайдаланылған соғыста жеңiске жету мүмкiн емес, мұндай шайқаста барлығы жеңiледi және баршаның ұтылар тұсы – әлем жойылады» деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференциясы барысында. 

«Атом энергиясының ашылуы – 21 ғасырдағы басты ғылыми жетiстiк. Бiрақ, оны әскери мақсатта пайдалану – адамзат тарихындағы ең үлкен қателiкке айналды. Ядролық дәуiр басталар шақта ұлы ғалымдар, тiптi, жалпы ядролық энергияны жасауға қатысқан ғалымдар, әскери стратегтер, саясаткерлер атом қаруы пайдаланылған соғыста жеңiске жету мүмкiн емес екендiгiн дәлелдедi. Мұндай соғыста барлығы жеңiледi және барша адамзат әлемнен айырылуы мүмкiн», – дедi Елбасы. 

5480e85d01b5d083f91c48987ec845d0.jpg

Айта кетейік, бүгiнгi форум БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын аталып өтетiн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы iс-қимыл күнi аясында өтiп жатыр. 

«Ядролық қару бойынша жалпыға бірдей конвенцияны қабылдау осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі болар еді. Біз бұл бастаманы тағы көтеретін боламыз. Аталған құжатта ядролық қаруға тыйым салып, оны жоюдың нақты мерзімдері көрсетілуі тиіс. Бұдан бөлек, басқа да құжаттар әзірленуі мүмкін. Осы орайда бізге қолдау көрсетіледі деп сенеміз», – деді Н. Назарбаев конференция қатысушыларына қарата айтқан сөзінде. 

Сондай-ақ Президент ядролық қарусыздандыру саласындағы арнайы сыйлықты тағайындау бастамасын қолдайтынын жеткізді. Алайда оның атауын әлі ойластыру қажет. 

5074b3051324f354fd37aa61cb0a4791.jpg

«Ол ядролық қарусыз бейбітшілік үшін сыйлық болатын шығар. Бәлкім, ядролық қарусыздандыру үшін беріледі. Біз ондай премияны тағайындауды өз қолымызға аламыз. Ядролық қарусыздандыру деп алған дұрыс шығар. Себебі бейбітшілік үшін бір емес, бірнеше сыйлық бар сияқты. Біз ойластырып, ол сыйлықты тағайындау туралы шешімді қабылдайтын боламыз. Қараша айында Астана қаласында Бейбітшілік саммиті өтеді. Сол жерде сыйлықты тағайындап, алғашқы лауреатын атауға болады деп ойлаймын», -– деп атап көрсетті Н. Назарбаев. 

«Ядролыққарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференция Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылып отыр. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?