Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарихтан тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді

2694
«Тарихтан тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді - e-history.kz
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет, қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді 

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді. 

Іс-шара Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2016 жылғы 23 маусым күні сағат 10:00 де басталады. Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастықтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлеукет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде. 

Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстықкөл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?