Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алтай мұрасы» автоэкспедициясы жолға шықты

1343
«Алтай мұрасы» автоэкспедициясы жолға шықты - e-history.kz
«Алтай мұрасы» автосапары 5 жолталғамайтын көлік, 20 адамнан тұратын құраммен 4500 шақырым жол жүріп, түркі халықтарының шежірелі аймағының мәдени-тарихи орындарында болады

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен «Алтай мұрасы» Халықаралық автоэкспедициясы автосапарға аттанды. Экспедиция ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

fc6f922fc5d46cfeb0e66b8f3d05a08b.jpg

Сапарды ұйымдастырушы белсенді топтың негізгі мақсаты – Алтайдың мәдени-тарихи мұраларымен кеңінен танысып, еліміздегі автомабильдік туризмді дамытуға үлес қосу. Сондай-ақ, «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы шеңберінде 2011 жылы университет ғалымдары архелогиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан «Көктүріктер» жәдігерінің көшірмесі де сыйға берілмек. 

40f01a0245e5e3458807987e6e4f0ec9.jpg

Шараның ашылу салтанатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, академик Ерлан Сыдықов экспедицияның маңыздылығы мен мақсатына тоқталып өтті: 

Биылғы жыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіміздің 20 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы даталар елдігіміздің, тәуелсіздікке төккен теріміздің, білім саласында атқарып отырған жемісті еңбегіміздің нәтижелерін көрсетеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлату барысында ұйымдастыру комитеті әр айды өзгеше мерекелеуге барынша назар аударды. Маусым айын «Рәміздер айы» деп атады. «Алтай мұрасы» атты автоэкспедициясының негізгі мақсаты – тәуелсіздік арқылы келген жақсылықтарымызды, нәтижелі жұмыстарымызды насихаттау, ішкі туризмді дамытуға көпшіліктің назарын аудару, келер жылы елімізде өтетін ЭКСПО-17 халықаралық көрмесіне үн қосу, сонымен қатар ұлттық салт-сана, дәстүріміздің тереңдігін ұғындыру болып есептеледі.  

d560f83f75123627807918df6caae130.jpg

«Алтай мұрасы» автосапары 5 жолталғамайтын көлік, 20 адамнан тұратын құраммен Қазақстан – Ресей мемлекеттерінің аумағы арқылы 4500 шақырым жол жүріп, түркі халықтарының шежірелі аймағының мәдени-тарихи орындарында болады деп күтілуде. 

Автоэкспедиция құрамында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, этнографтар мен тарихшылар, жазушылар, ҚР еңбек сіңірген өнер майталмандары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және экспедиция демеушілері бар. 

124d9d959256392352f4b7733e4860b4.jpg

Экспедиция Қазақстан бойынша Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Ресей жерінде Алтай аймағын түгелдей қамтып, Барнаул, Таулы Алтай, Қос-Ағаш, Артыбаш, Бийскіде болады. 

«Халықаралық тарихи шараның қорытындысы бойынша жинақталған материалдар негізінде деректі фильм, этнографикалық басылым дайындалып, фотокөрме ұйымдастыру жоспарланған», – дейді шара ұйымдастырушылары. 

cb16d8e52d32bd7927c6796d43bcb23e.jpg

Автошерушілерді аттандырып салу шарасы барысында ҚР ҰҒА академигі, белгілі тарихшы Болат Көмеков көне түркі бабаларымыздың шығыстан батысқа ауғаны секілді әріптестерінің батыстан шығысқа бет алғанын, Алтай – ата-бабамыздың құтты мекені, алтын қазынасы екендігін, бүкіл түркі дүниесі Алтаймен мақтанып-марқаятынын айта келе, сапарға ақ бата арнады.

9bdd8c74dda2e1f0d4f9d6dba231c40d.jpg

Автоэкспедицияның ресми демеушісі: «Цеснабанк» АҚ және «Қазмұнайгаз» ҰК. Ақпараттық демеушілер: National Geographic Казахстан, «Қазақстан» ТРК, «Казконтент» АҚ.

Алтынбек Құмырзақұлы

Фото авторы: Жандос Кокумбаев

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?