Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты көрме мен әдеби кеш өтеді

1540
«Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты көрме мен әдеби кеш өтеді  - e-history.kz
Ең маңызды мақсат – осы уақытқа дейін қазақи ортадан басқа лайықты түрде кеңінен танылмаған ақын және ойшылдың әдеби мұрасының ақпараттық кеңістігін ұлғайту болып табылады

Бүгін сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш және көрменің ашылуы болады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. 

Бағдарламада баспасөз конференциясы, әдеби кеш, БАҚ өкілдерімен сұхбат, көрме, экспозициямен танысу өткізіледі. Бұл іс-шара Музейдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған көрмелер кезеңін ашады. Және бұл кездейсоқ емес: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы тәуелсіздік пен еркін ойлау идеяларынының іргетасы болып табылатын қазақ фольклорының өзіндігі мен мәдени әралуандығының философиялық талдауын бейнелейді. 

717b241c85f385d5d89c074a8cf8355e.jpg

Ұйымдастырушылардың көзқарасы бойынша, ең маңызды мақсат, ол осы уақытқа дейін қазақи ортадан басқа лайықты түрде кеңінен танылмаған ақын және ойшылдың әдеби мұрасының ақпараттық кеңістігін ұлғайту болып табылады. 

Әдеби кеш және көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі болып табылады. Көрмеде Музей қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары ұсынылады. Негізгі іс-шара Бұхар жырау атындағы музейдің қазақ ақындары мен ойшылдарының мұрасын, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының арқасында жасалды. 

Әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық тұрғыдан қатарластыра салыстырулар жүргізіледі. 

Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға еңгізіліп отырған материалдарға аударылады. 

Әдеби кештің қонақтары ретінде М.Ж. Көпейұлының шөберелері және ақын шығармашылығының зерттеушілері қатысады. Көрме экспозициясында ойшыл ақынның жеке заттарының қатарында қолжазбалар, кітап басылымдары, әдебиеттану материалдары ұсынылды. 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931 жж.) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Фольклортанушы, этнограф, тарихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Оның әдеби және ғылыми мұрасы Тәуелсіздік идеясының тұғырына айналған, алтын қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 15, 75 12 85, 75 12 14

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?