Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» атты көрме ашылды

2064
Астанада «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» атты көрме ашылды - e-history.kz
Біздің қазақ әйел адамның қадір-қасиетін жоғары бағалаған халық. Оның ішінде қыз балаға деген құрметі, қамқорлығы өз алдына үлкен бір тақырып. Бәріміз де ананың мейірімін, аялы алақанын көріп өстік

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің ашылуы өтті -, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі. 

b34fd1dbd2347d823c6e3009d2896cec.jpg

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директорының міндетін атқарушы Жәкен Таймағамбетовкөрмеге қойылған жұмыстардың ерекшелігі туралы айта келе, жалпы әйел затының қадір-қасиетіне тоқталып өтті.

«Бұл біздің талантты суретшілеріміздің қолынан шыққан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Мұндағы туындылардың қай- қайсысы да әйел затына деген зор құрметті насихаттайды. Көктеммен қатар келетін мерекеге орай мұндай көрменің өтуі өте орынды деп санаймын»,- деді Ж.Таймағамбетов.

f09cbb085cea7397890fea5f008ff80a.jpg

Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі Ермек Тоқтаров қазақ қоғамындағы әйел адамның орны туралы айта келе, көрмеге қойылған жұмыстардың негізгі тақырыбына тоқталып өтті. 

«Біздің қазақ әйел адамның қадір-қасиетін жоғары бағалаған халық. Оның ішінде қыз балаға деген құрметі, қамқорлығы өз алдына үлкен бір тақырып. Бәріміз де ананың мейірімін, аялы алақанын көріп өстік. Әлдиінен күш-қуат алдық. Сол аналарымыздың сәбиіне деген махаббаты, мейірімділігі және жаратылысындағы әдемілігі осы суреттерде көрініс тапқан», - деді Е.Тоқтаров. 

f0694890e08fcbf1941c4057ccd06820.jpg

Көрмеге әйел бейнесін қамтыған 40-тан астам туындылар қойылған. Атап айтсақ, Камил Муллашевтың, Нина Терещенконың, Вера Слабоспицкаяның, Қалиолла Ахметжанның, Бахытнұр Бүрдесбековтің, Сембіғали Смағұловтың туындыларында қазақ әйелінің тұрмыс-тіршілігімен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрі де қамтылған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?