Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президент жолдауларында көтерілген өзекті мәселелер туралы

892
Президент жолдауларында көтерілген  өзекті мәселелер туралы - e-history.kz

Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаев Ел Президенті болып сайланғаннан кейін 2019 жылы 2 қыркүйекте ҚР Парламентінің қос палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялады. 2020 жылы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының кезекті сессиясының ашылуында ҚР Президентінің жаңа жолдауы халық назарына ұсынылды. Ал 2021 жылы Қ.Тоқаев үшінші жыл саяси дәстүрге сәйкес ел Президенті ретінде халыққа Жолдауын арнап, әлеуметтік-экономикалық дамудың проблемалары мен даму жолдарына тоқталды.

Осы Жолдауларда әлеуметтік мәселеге үлкен орын берілген, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, ғылымның даму жағдайы да күн тәртібінен түспейді. Әсіресе 2021 жылғы Жолдау – бұл ұзақ мерзімді мақсаттар мен ағымдағы кезеңнің басымдықтарын көрсететін ауқымды бағдарламалық құжат. Саяси құжатта Президентіміз жаһандық пандемия жағдайында алдыңғы сапта тынымсыз еңбек еткен мамандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, басты міндеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды.

Келесі өзекті мәселе ретінде ол қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, Үкіметке ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.

Президент Қазақстанның экономикалық бағыты жеті негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді. Қ.-Ж.К. Тоқаев: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», - деді.

Ендеше, ел тұрғындары Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет.

Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаев өзінің 2021 жылғы Жолдауында еліміздің   дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге тоқталды. Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан біз өз мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті.

Нәтижесінде осындай қиын кезеңнен аман-есен өтіп, жарқын болашаққа нық қадамдар жасап жатырмыз. Мәселен, бір ғана әлемдік індетке қарсы күресте Қазақстан озық елдермен бәсекеге түсе отырып, «Qazvak» вакцинасының сынақ мерзімінен нәтижелі жетістікке жеткенінің арқасында елімізді ауыр дерттен аман сақтап қалудың әрекетін жасап отырмыз. Барша халықтың денсаулығы, олардың амандығы - мемлекеттің маңызды мәселесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мемлекет үшін сынақ кезеңі болғаны жайлы сөз қозғап, еліміздегі ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс екенін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі жағдайда ел алдында тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екенін айтты.

Жедел шешім қабылдау көп ресурсты қажет ететіндіктен, Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылданды. Ол тікелей Президентке бағынады, - деді ол. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, ол үшін қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіруді дамыту екені айтылды. Ол үшін өнеркәсіп саясаты туралы бір ізді заң жыл соңына дейін әзірленетін болады. Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды, ал жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Ол үшін үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға дейін өсіруді, сонымен қатар 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлінеді, - деді Президент. Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсіп, 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделіп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керектігі сөз болды. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсетіледі. Қоғамдық бақылау туралы заң қабылданады.

Аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірленуі, жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керектігі де айтылды.

Жолдауда Президент халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет, - деп атап өтті. Жолдау еліміздің алдағы уақытта қай бағытта қалай дамуы жөнінде нақты бағыттарды атап көрсетті.

Сөйтіп, Президент Жолдауларында көтерілген мәселелер еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі дамытуға үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, оның еңсесі биіктей түсетініне сенеміз.

Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.


 

 М. Кемелбекова,

Мемлекет тарихы институты

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы

бөлімінің ғылыми қызметкері

 


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». 2 қыркүйек 2019 жыл.

2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі». 1 қыркүйек 2020 жыл.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?