Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мамочкино моласы» жайлы жаңа кітап жарық көрді

1802
«Мамочкино моласы» жайлы жаңа кітап жарық көрді - e-history.kz
Үш тілде жарық көрген «Мамочкино моласы» кітабы көпшілік окырманға арналған. Оны тек Қазақстандық оқырмандар ғана емес шетелдіктер де еркін оқып, өңір тарихымен таныса алады

Осыдан жүз жыл бұрын Коммунистердің рухани ұстазы Владимир Илич Ленин Ресейге «Халықтардың ұлы түрмесі» деген баға берген болатын. Оның бұл сөзі бірден кең таралып, революцияның басты ұранына айналады. Әйтсе де билікке келген большевиктер ауыспалы мағынада айтылған «халықтар түрмесі» ұғымын, шынайы ұғымға айналдырды. Сталиннің жарлығы бойынша ГУЛАГ құрылып, жер-жерде оның филиалдары ашылды. Мыңдаған, миллиондаған жазықсыз адамдар сол лагерлерде жапа шекті. Сондай лагерлердің бірі Қарағанды өңіріндегі Карлаг тұтқындар лагері.

Қарағандының тарихи картасындағы қара жолақпен белгіленген бұл лагердің ашылмаған жұмбағы көп. Карлаг ақиқатын ашып, онда құрбан болғандардың рухына тағзым жасау мақсатында Ұлт жанашыры, заң ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің идеясы негізінде «Болашақ» академиясының жанынан «КАРЛАГ: тарихтан – тағылым, өткенге-тағзым» ғылыми ағарту жобасы ашылған болатын. Жоба аясында бірнеше тарихи маңызы бар кітаптар жарық көрді. Соның бірі біз бүгінде сөз қылып отырған «Мамочкино моласы» туралы ғылыми еңбек. 

2cbc68ccf8fa2454cbafae9fdd273b42.jpg

Бұл кітапта Кеңестер Одағы кезінде НКВД-мен жазықсыз жазаланып, Қарлаг лагерьлерінде айдауда болған саяси қуғын-сүргін кұрбандарының балаларының тізімі, олардың біразы жерленген «Мамочкино моласының» суреттері, сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты мұрағат кұжаттары, сол кезеңнің көріністері – суреттер шоғыры, бұйым-заттардың суреттері берілген. Үш тілде жарық көрген «Мамочкино моласы» кітабы көпшілік окырманға арналған. Оны тек Қазақстандық оқырмандар ғана емес шетелдіктер де еркін оқып, өңір тарихымен, Сталиндік зұламат жылдардың белгісімен таныса алады. Суреттердің авторы әлеуметтік ғылымдар докторы Дитер Зейц (Германия). 

Кітапта «Момочкина моласы» туралы анықтама берілген. Онда былай делінеді: «Мамочкино моласы» Бұл молада «Карлаг» тұтқындары – әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген. Зират Қарағанды облысы, Абай ауданы аумағында, Долинка кентіне жақын орналасқан. «Карлагта» ересектермен бірге «халық жауларының» балалары да мерзімдерін өтеді. 

Жаңа туған балаларды аналарынан тартып алып, Балалар комбинаттарына тапсырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары және тікенек сымдары кәдімгі зонадан еш айырмашылығы жоқ. «Карлагта» осындай жеті мекеме болған. Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мәселен, 1941-1944 жылдары 924 бала, ал 1950-1952 жылдары 1130 сәби опат болған…

http://qasym.kz


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?