Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан

3136
Қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан - e-history.kz

Қазақстан Республикасы Олимпиада ойындарында жеке команда ретінде алғаш рет 1994 жылы ғана өнер көрсеткені белгілі. 1988 жылға дейін қазақстандық спортшылар КСРО құрамасының құрамында өнер көрсетіп келді. Алайда, КСРО ыдырағаннан кейін – 1992 жылы Барселонада өткен жазғы Олимпиадаға және 1992 жылы Альбервилде өткен Қысқы Олимпиадаға - қазақстандық спортшылар Олимпиада туы астында Біріккен команда құрамында қатысты. Тек 1994 жылы, Лиллехаммерде 1994 жылы өткен дәл осы Қысқы Олимпиада ойындарынан бастап Қазақстан өз туы астында жеке құрама ретінде ұсынылды. Содан бері қазақстандықтар 7 жазғы және 7 қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, тиісінше 72 және 8 медаль жеңіп алды.

1994 жылы Норвегияда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 8 спорт түрінен 29 олимпиадашы қатысты. Шаңғымен тұғырдан секіруші Қайрат Биекенов Туды ұстап шықты. Жалпы медальдық есепте еліміз, 50 шақырымдық жарыста топ жарып, 10 және 15 шақырымдық жарыстарда екінші келген шаңғышы Владимир Смирновтың арқасында бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, 12-орынға тұрақтады.  

Смирновтан басқа бұл Қысқы ойындарда шаңғышылар Андрей Колотвин мен Ольга Ведячева, биатлоншылар Дмитрий Пантов пен Инна Шешкиль, Николай Иванов, Павел Королев, Сергей Маргацкий, Андрей Невзоров, Павел Рябинин, Елена Чернецова, Оксана Котова, Наталья Штаймец пен Елена Володина (барлығы шаңғы жарысы), мәнерлеп сырғанаушылар Елизавета Стекольникова мен Дмитрий Казарлыга, фристайлшы Алексей Банников, шорт-трекші Елена Синицына, трамплиннен секірушілер Андрей Вервейкин, Александр Колмаков және Қайрат Биекенов, конькишілер Радик Бикчентаев, Владимир Клепенин, Евгений Санаров, Вадим Саютин, Вадим Шакшакбаев, Сергей Цыбенко, Людмила Прокашева және Кенжеш Сәрсекенова өнер көрсетті.

4 жылдан кейін Жапонияның Нагано қаласында 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан спорттың 8 түрінен 60 адам (45 ер адам және 15 әйел адам) өнер көрсетті. Бұл жолы «шаңғы жарысы» санатында 15 шақырымдық жарыста үшінші болып келген Владимир Смирнов ту ұстаушы болды. Сондай-ақ 5000 метрге шаңғы жарысында Людмила Прокашева үшінші орын иеленді. 1998 жылғы ойындарда осы екі қола медальге ғана қол жеткізілді.

Жоғарыда айтылған олимпиадашылардан басқа, Қазақстан атына тау шаңғышылары Дмитрий Хвач пен Юлия Крыгина, биатлоншылар Дмитрий Пантов, Валерий Иванов, Дмитрий Поздняков, Александр Меньщиков, Инна Шешкиль, Маргарита Дулова, Людмила Гурьева мен Елена Дубок қатысты. «Шаңғы жарысы» санатында Қазақстан атынан өнер көрсеткендер арасынан ерлерден Виталий Лиличенко, Андрей Невзоров, Павел Рябинин, Владимир Борцов және Владимир Смирнов, әйелдерден Ольга Селезнева, Светлана Дешевых, Светлана Шишкина-Малахова және Оксана Яцкаяны атап көрсетуге болады. Басқа спорт түрлеріне келер болсақ, бұнда Юрий Литвиновты, Марина Халтуринаны, Андрей Круковты, Елизавета Стекольникованы және Дмитрий Казарлыганы (бәрі - мәнерлеп сырғанау) атап өтуге болады.

1998 жылғы Олимпиадада Қазақстан командасы хоккейге де қатысты, алайда Ресей, Чехия, Финляндия құрамаларынан, ал ширек финалда канадалықтардан ұтылып, соңғы төртінші орынды иеленді.

Қазақстан 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен қысқы Олимпиада ойындарына да қатысты, алайда бірде-бір медальға қол жеткізе алмады. Ел құрамасы спорттың жеті түрінен 50 спортшыдан (20 ер адам, 30 әйел адам) тұрды. Ту ұстаушы конькиші Радик Бикчентаев болды.

Туринде өткен ХХ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан спорттың 4 түрі мен 7 дисциплинасына (биатлон, тау шаңғысы спорты, коньки спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл және хоккей) 67 спортшы қатысты. Делегацияны Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов бастап барды.  

Алтын медаль үшін Қазақстан үкіметі спортшыларға 200 000 доллардан төлеуге дайын болды, бұл Олимпиада ойындарына қатысқан кез келген басқа ел төлейтін ақшадан артық. Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 50 мың доллар, төртіншіден алтыншыға дейінгі орындарға 30 мың доллардан төлеу көзделді. Олимпиада басталғанға дейін сарапшылар Қазақстан олимпиадашыларының мүмкіндіктерін ең төмен бағалады, мысалы букмекерлік кеңселердің бірі хоккей командасының алтын алудағы мүмкіндігін 1:250 деп бағалаған. Ойын қорытындысы бойынша құрама бір медаль да ала алмады.

2010 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан үш спорт түрінен 37 спортшы қатысты. Ашылу салтанатында Қазақстан Туын биатлоншы Диас Кенешов көтеріп шықты.

2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасына спорттың 11 түрінен 58 спортшы кірді.

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан спорттың 4 түрінен 44 спортшы қатысты. Ойындардың ашылу және жабылу салтанатында да Қазақстан Туын Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шықты. Ойындардың қорытындысы бойынша фристайлшы Юлия Галышева могулдан қола жүлдеге қол жеткізіп, бейресми медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 28-ші орынды иеленді.

2018 жылғы Олимпиада ойындарына биатлон бойынша лицензиялардың басым бөлігі елдердің 2016/2017 жылдардағы әлем чемпионатындағы Ұлттар Кубогындағы көрсеткіштеріне сәйкес бөлінді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы 15-орынды иеленіп, соның арқасында 5 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, ал 10-орынға ие болған әйелдер командасы да жарысқа қатысу үшін 5 спортшыны ұсыну құқығына ие болды. Бұл ретте ел бір дисциплинада тек төрт биатлоншыны ғана ұсына алады.  

Өткен Ойындармен салыстырғанда коньки спортының бағдарламасында бірқатар өзгерістер болды. Коньки тебуде масс-старт жарыстары қосылды. 1994 жылдан бері алғаш рет коньки тебушілер 500 метрлік дистанцияны бір-ақ рет өтетін болды. Квоталарды бөлу Әлем кубогының алғашқы төрт кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізілді. Олардың нәтижелері бойынша жиынтық біліктілік тізімі қалыптастырылды, оған сәйкес Қазақстан құрамасы 6 дистанцияда 10 олимпиадалық лицензияға ие болды. 8 қаңтарда жаттықтырушылар штабы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады.

2018 жылғы Ойындарға мәнерлеп сырғанау бойынша олимпиадалық лицензиялардың көпшілігі 2017 жылғы әлем чемпионаты аясында спортшылардың өнер көрсетуі бойынша бөлінді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы жекелей сында бір лицензия және әйелдер арасында бірден екі лицензия жеңіп алды, бұл тоғызыншы орын алған Элизабет Тұрсынбаеваның арқасында мүмкін болды. Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек, Қазақстан чемпионатында екінші орын алған Айза Имамбек те олимпиада құрамасынан орын алды.  

Шорт-тректегі қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу 2017/2018 жылғы Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша өтті. Осы турнирлердің қорытындылары бойынша олимпиадалық біліктілік парағы қалыптастырылды, оған сәйкес Қазақстан құрамасы ойындарға қатысу үшін үш ер адам мен екі әйелді мәлімдеу құқығына ие болды. 8 қаңтарда Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды. Лицензияларды қайта бөлгеннен кейін Қазақстан 2 қосымша квота алды: ерлер арасында 1500 метр қашықтыққа 1 квота және ерлер эстафетасына 1 квота.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?