Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

2021 жылғы ел тарихындағы елеулі оқиғалар

3541
2021 жылғы ел тарихындағы елеулі оқиғалар - e-history.kz

Қазақ халқы – ежелден келер жылдан, келер күннен бар ынты-шынтысымен үміт еткен ырымшыл халық. Сондықтан әркез ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқауын тағатсыздана күткен. 2021-ші Сиыр жылы қазақ елі үшін айтулы жаңалықтарымен есте қалып, бірқатар маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Сол себепті «Қазақстан тарихы» порталы Зеңгі баба түлігі жылындағы елімізде болған атаулы мерейтойлар мен даталарға тоқталып өтуді жөн көріп отыр...

Биыл еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағы бері 30 жыл өтті. Яғни, ел тәуелсіздігіне 30 жыл толды.

a985394fa3cc6da80baf19c451a6638a.jpg


Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті.

426e830d6b474afa3b5347822876a2b3.jpg


   

Биыл қазақтың жыр алыбы атанған ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды.

 c2c1626d10599e5ef267be43e7e6395c.jpg


Осыдан тура 30 жыл бұрын Атажұртқа алғашқы көш 1991 жылғы 17 наурызда келді.

33763581_133019197563980_2322861744109649920_o.jpg

 

1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Қызылордада өткен ҚССР Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің V съезінде қазақтарға «қазақ» деген тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданды. Содан бастап Қазақ ССР-і боп атала бастады және астана Қызылордаға көшірілді. Бұған биыл 96 жыл толды.

82c1e45198884df71d3f68b7e75130f7.jpg 


1991 жылы Целиноград тұрғындары қалаға тарихи Ақмола атын қайтару қажеттілігі туралы мәселені көтерді.Облыстық «Целиноградская правда», «Вечерний Целиноград», «Арқа ажары» газеттерінің беттерінде осы мәселені белсенді талқылау басталды, сол арқылы целиноградтықтар туған қаласының тағдырына немқұрайлы қарамайтынын көрсетті.

 fd617859435f1105a87e8e3895e91d1a.jpg


1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүние есігін ашқан, Алаш қайраткері һәм көшбасшысыӘлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды. Осыған байланысты тарих ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы Бауыржан Бердіқожаұлымен Әлихан Бөкейханға қатысты сұхбат жүргізілді.

 220452ae20c4ab866b88f2d50ebbd2cc.jpg


Өз дәуірінің рухани портретін шынайы жырлаған ақын Мұқағали Мұқатаевтың 90 жылдығы аталып өтті. Соған байланысты порталымызда «Азаттық және Мұқағали мұңы» атты танымдық материал жарық көрді.

 e7d977f7dd5e396ccaa733acb62fc3ee.jpg


Сан мәрте сынақ алаңына айналып, талай адамның көз жасына айналған Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толды.

 8cea6c5356beb98930fcb89d44055472.jpg


Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың рухани мұралары» көрмесін ашты.

 d26fc8bce8ef67ea5af5836ea5723d59.jpg


Атақты заңгер, академик Салық Зимановтың 100 жылдық мерейтойы өтті. Ғалымның өнегесін ұлықтау мақсатында порталымызға оның шәкірті, ҚР еңбек сіңірген заңгері, Заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараевпен болған сұхбатты жарияладық.

bc293b4278ec2c1d8137fe37b4dd6927.jpeg


Іргелі білім ордасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ашылғанына 25 жыл толды.

a76bbe9544cfec9ff2677b9e70eb71b8.jpg

 

Ұлық ұлыстың бір бөлшегі Атыраудағы Сарайшық қалашығында Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты кең көлемдегі іс-шаралар өтті. «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында конференция қатысушыларына Сарайшық қалашығының жобасы таныстырылды.

9796483d160facc1c1f5a969bfef7944.jpg


Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әскери-тарихи музей жанындағы алаңда мемлекет қайраткері, ұлт батыры Жұмабек Ташеневке ескерткіш қойылды.

 photo_85915.jpeg


Қолданыстағы Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 26 жыл болды.

fa674a5356b08a62931247c0fac354fc.jpg


Биыл Ішкі Орданың құрылғанына 220 жыл толды. Осыған орай ҚР Ұлттық музейінде сол кезеңдерде қолданылған жәдігерлер орналастырлып, «Бөкей хандығы – өркениет ордасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ca782c4d70f4b8b561cf64b74d5886e6.jpeg


Биыл қазақтың рухани-мәдени өмірінде ерекше із қалдырған тұлға, қоғам қайраткері Қоңырқожа Қожықовқа 140 жылтолды. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бауыржан Бердіқожаұлымен беймәлім тұлға хақында сұхбат өрбіді.

966dd31d8e1ff7917b436a7521cfd563.jpg

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?