«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Профессордың тарихи кітаптары жарыққа шықты

818
Профессордың тарихи кітаптары жарыққа шықты

Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстел өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Түркітану кафедрасы ұйымдастырды.

Дәстүрлі форматта және Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн өткен іс-шараға «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы модераторлық жасады.

20211223_125401.jpg

         Іс-шараның ашылу рәсімінде Халықаралық қатынастар факультеті Түркітану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбеков Мырзатай, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Омаров Бауыржан Жұмаханұлы құттықтау сөз сөйледі.

20211223_125244.jpg

         Жиын барысында түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш. Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті. Халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстелде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Ибраев Шакимашрип, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Матыжанов Кенжехан Ісламжанұлы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Құрманбайұлы Шерубай, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы, Эгей университетінің профессоры (онлайн) Метин Екижи, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Шәріп Амантай Жарылқасынұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты Тұрғанбеков Асқар Әбдуәлиұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы баяндама жасады.

         Жиын соңында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлы мерейтой иесін «Күлтегін» медалімен марапаттады.

Автор: E-HISTORY.KZ