«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

ХХ ғасырдың басындағы әлемдік қой шаруашылығы

442
ХХ ғасырдың басындағы әлемдік қой шаруашылығы

Қазақ даласында мал шаруашылығы халықтың негізгі кәсібі болды. Сондықтан көшпелі қазақтардың өмір сүру сапасын анықтау ісінде көп жағдайда малдың болуы, сондай-ақ оның саны айрықша мәнге ие болды. Алайда, әлемнің көптеген елдерінде мал шаруашылығы, атап айтқанда қой шаруашылығы, ауыл шаруашылығында үлкен қараусыздықпен ерекшеленді. Бұл туралы 1900 жылы «Ярославские губернские ведомости» газеті жазған. Qazaqstan Tarihy порталы 1900 жылғы мақалаға сүйене отырып, ХХ ғасырдың басында әлемдік қой шаруашылығы қандай болғаны туралы әңгімелейді.

XIX ғасырдың соңғы онжылдығында жүннің төмен бағасы айтарлықтай көтерілгендіктен, биязы жүн 50% - ға , ал жуан жүн 30% - ға қымбаттаған. Сол кездегі ресейлік сарапшылар егер жүннің бағасы төмендемесе, онда ауылдағыларға қой шаруашылығына ерекше назар аударған жөн деп болжаған.

Австралияда, Африкада және Америкада қой өсірудің тым қолайлы жағдайлары шетелдік жүннің еуропалық нарықтарды жаулап алуына себеп болды, сондықтан да жергілікті жүннің бағасы төмендеп кетеді. Ірі отарлардың иелері қойларын сатып, оның орнына ірі қара алып, оның сүтін жылдам сатқаннан түсетін пайда қой өсіргеннен әлдеқайда пайдалырақ деп санады. Басқалары қойларын сатып, жерді тыңайтып, көбірек астық салуға, есесіне арзан астық алуға мүмкіндік беретіндей етіп басқа мал басын көбейтуге тырысты. Біріншілері сияқты екіншілері де жиі қателесіп, астықсыз да қойсыз да қалып жатты. Қойлар жиі ауыратын мал болғандықтан, басқа қой өсірушілер қой шаруашылығынан мүлде кетіп жатты.

Қой шаруашылығындағы осындай жағдай, оған деген осындай көзқарас жиырма жыл сақталып, 1897 жылы өзінің шырқау шыңына жетті. Осы жылдан кейін қой шаруашылығы көтеріле бастады, бұған бірнеше себеп болды.

Мысалы, Австралия Еуропа жүнінің негізгі көзі болды. Алайда, ол бес жыл бойғы құрғақшылық кесірінен түгесілді. Ондағы қой саны 50 миллионнан 35 миллионға дейін азайып кетеді. Осыдан кейін австралиялық қой жүнінің саны азайып, 1894 және 1895 жылдары Еуропа нарықтарында болған екі миллион бельдің орнына 1897 және 1899 жылдары тек 1 650 000 бель ғана болады, яғни 350 000 бельге азайған.

Бұл жетіспеушіліктің орны ақыры толтырылмады. Американдық қой өсірушілердің жүннен басқа мол ет беретін қойларды алғысы келгендігі, еуропалық нарықтардағы қой жүнінің азаюының екінші себебі болды. Бұл қой өсірушілер жүннен түсетін ақшаның жетіспеушілігін мұздатылған түрде шетелге экспортталған қой етінен түсетін үлкен сомамен алмастырғысы келіп, өздерінің керемет мериносын еттілігімен ерекшеленетін ағылшын қойларымен будандастырды. Ақыр соңында, олар меринос жүнімен бәсекелестікке мүлдем жарамсыз, қылшық жүнді қойларды алды.

ХХ ғасырдың басында американдық қойлардың 75% - ы жоғарыда аталған будандастыру нәтижелері болды. Зерттеушілер сонау 1890 жылы Америка биязы және жұмсақ меринос жүнінің көптігімен Австралия үшін қауіпті деп санаған болатын. Он жылдан кейін Австралия үшін бұл қауіп жоғалып кетті. Еуропалық нарықтардағы жүннің азаюының үшінші себебі - халықтың өте үлкен пайызы ет пен майға деген қажеттілікті арттырған Франция мен Германиядағы қой шаруашылығының тоқтатуы болды. Ақыр соңында, Африка құрлығындағы соғыстар жергілікті егіншілікті кідіртіп, жүздеген және мыңдаған биязы жүнді қойларды жойып жіберді. Осылайша, бүкіл әлемде жүн қоры азайды.

Еуропалық нарықтардағы жүннің азаюының дәлелі келесідей болды: Берлин нарығында 1893 жылы 23 500 центнер, 1894 жылы - 15 510 центнер, 1895 жылы - 7 500 центнер, 1896 жылы - 20 000 центнер, 1897 жылы - 13 500 центнер, 1898 жылы - 10 000 центнер және 1899 жылы - 4 500 центнер болды. Басқаша айтқанда, жеті жыл ішінде Берлин нарығында жүн 23,500 центнерден 4,500 центнерге дейін төмендеді, яғни оның бестен бір бөлігі ғана қалған.

Осылайша, жүнге сұраныс өсті. Әсіресе, қымбаттай түскен биязы жүн көп қажет болды. Сән мен фабрикалардың талаптарына сәйкес келетін жүн ең өнімді және құнды болды. Көптеген қой тұқымдарының ішінде ағылшын қойлары (Oxfordshire, Scbopshire, Southown) және меринос испан қойлары (Rambouillet, электоралды қой және Негретти) ерекше танымал болды. Батыс Еуропада, жоғарыда айтылғандай, етке деген сұраныс айтарлықтай өсті. Осындай жағдайларға байланысты батыс еуропалық қой өсірушілер мүмкіндігінше етті қойды таңдады. Бұл ретте Англия Еуропаның барлық басқа мемлекеттерінен озып кетті.

Франция мен Германия Англиядан үлгі алды, бірақ француз және неміс қойшылары қойдың жүніне көбірек назар аударып, жүні биязы және тарауға өте ыңғайлы Rambouillet қойларын өсірді. Германия мен Францияда негізінен ұзын биязы жүнімен және еттілігімен ерекшеленетін меринос қойлары өсірілді. Бұл қойлардың салмағы 250 фунтқа дейін жететін.

Электоралды қой мен негретти «шұғалық» жүнді қой тұқымдары болды. Электоралды қой алғаш рет 1811 жылы әкелінген. Осы уақыттан бастап «шұға» жүнді мериностар таралып, қарапайым қойлармен будандастырыла бастайды. Осылайша бірте-бірте біздің көптеген қой өсірушілерде кездесетін қой тұқымы пайда болды. Электораттардың отаны Саксония болды, онда алғашқы мериностарды 1765 жылы Фридрих Август әкелген.

Алайда, дала аймағы үшін электораттық қойлардың пайдасы шамалы болды, өйткені, біріншіден, олар тым ұсақ, екіншіден, олар өте нәзік болды және көп және мұқият күтімді қажет етті. Сондықтан қой өсірушілердің таңдауы Ресей империясында шамамен 1840 жылы пайда болған негретти тұқымына түсті.

 

Негретти бойы биік, дене тұрқы пропорционалды, шыдамды және басқа қойларға қарағанда жүнді көбірек береді. Салмағы шамамен 120 фунт қой 5 фунтқа дейін жуылған жүн берді. Бұл тұқымдас қошқар жүнінің салмағы 15 фунтқа дейін, шамамен 8 фунт жуылған жүн берді. Бұл қойлардың жүні электоралды қойлардың жүнінен сәл жуандау болды. Алайда, бұл жүн әдемі, жібектей және мықты болды. Негретти қорек талғамайтын және жұқа, жібектей жүннің жеткілікті мөлшерін бере отырып, ең пайдалы қой болды.

Жақсы негретти қойы орташа есептегенде 5 фунт жүн береді, ал жүннің фунты 55 тиын деп есептегенде, тек жүнімен ғана қой 3 рубль таза табыс беретін. Бірақ негретти қойларының түрлері әр түрлі болғандықтан, климат пен қой жеміне барлық жағынан пайдалы болатын қой түрін таңдау керек еді.

Қозыларға келер болсақ, олар туған бірінші жылы-ақ сұрыпталып, нашар, әлсіздері құртылып отырған. Жақсы қой өсіруде ең маңыздысы оның қорегі еді. Шығындар тұрғысынан алғанда ең арзан қозылар сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін туылғандар болды, өйткені ол кезде қойлар жайылымға шығып, сүт жеткілікті мөлшерде болатын.  

«Хороший присмотр овчара за своей овчарней, здоровая и питательная пища для овец летом и зимой, аккуратное пойло для них два раза в день в течение целого года, давание им соли благоприятствует как возрасту, так и здоровью овец, а вместе с тем и доходу, ожидаемому от них. Нужным считаем сказать здесь, что некоторые из овцеводов имеют обыкновение, ровно ни на чем неоснованное, летом не поить овец вовсе, даже и во время жары; неудивительно поэтому если животные, дорвавшись до любой лужи, пьют всякую дрянь; заражая свое тело всевозможными паразитами, неудивительно также, что овцы делаются худыми, ибо недостаток воды дурно влияет на их организм»

«Ярославские губернские ведомости»

1900 ж.

 

Қой әдетте 14 жыл өмір сүрді. Аналық қойды тістері түгел болғанға дейін және жақсы қозыларды бергенге дейін ұстау керек болды. Көп қойды ұстау қиындаған сәтте ғана қой басын азайту керек болды.

Далада жақсы да, аса жақсы емес те жайылымдар болғандықтан, мамандар егер билік далада ауылшаруашылық малын өсіруге, дамытуға назар аударар болса, онда далалық шаруашылықтардың әл-ауқаты біршама жақсарар еді деп санаған.

 

Автор: Аян Аден