Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақмола облысының алғашқы ветеринарлық учаскелері туралы

1394
Ақмола облысының алғашқы ветеринарлық учаскелері туралы  - e-history.kz

Qazaqstan Tarihy порталы оқырмандарға 1900 жылы Ақмола облысында қызмет еткен он төрт ветеринарлық-дәрігерлік учаскесі туралы анықтамалық ақпаратпен танысуды ұсынады

Бірінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске Мурзаев деген уездік ветеринарлық дәрігердің қарауында болды. Оған Омбы қаласы, Омбы казак станицасы (Новый, Черемуховский, Устьзаостровский, Ачаирский, Захламинский, Покровско-Иртышский және Мельничный кенттері), Александровск шаруа болысы (Александровское, Привальное, Новинка, Сосновка, Поповка және Красноярка селолары), Борисов шаруа болысының екі селосы (Борисовское және Максимовка) және Омбы қазақ болысы қарады.

Бірінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске алып жатқан алаң 7 273 шаршы верстке тең болды. Бірінші учаскенің ветеринары үшін тұрақты орын Омбы қаласы болды.

Екінші. Васильев уездік мал дәрігерінің қарамағында болған екінші ветеринарлық-дәрігерлік учаскенің құрамына Черлаковская станицасы (Крутоярский, Татарский, Мало-Атмасский, Больше-Атмасский, Елизаветский, Изылбашский, Соляный және Ильинский кенттері), екі далалық қазақ болыстары (Черлаковская және Покровская), шаруа увчаскелері мен селолары (Любомировское, Ясная Поляна, Павлоград, Белоусовка, Степановское Благодаровка, Константиноградское және Таврия) және Шоқыр-Шелек учаскесі кірді.

Омбы уезінің шығыс бөлігінде орналасқан бұл учаскенің солтүстігіндегі шекарасы Ертіс өзенінің арнасындағы Омбы казак станицасы болды. Солтүстік-шығыста учаске Тобыл губерниясының Түқалы округінің Кулачинский болысымен, шығысында Томск губерниясының Каинский округінің Юдинский болысымен, оңтүстік-шығысында Семей облысының Павлодар уезімен, оңтүстігінде Ақмола уезінің Қоржынкөл және Қызылтопырақ қазақ болыстарымен, оңтүстік-шығысында Қорған қазақ болысымен жапсарлас, Омбы қазақ болысымен шектеседі.

Екінші учаскенің ветеринары үшін тұрақты тұрғылықты жер Черлаковка станицалық қонысы болды. Екінші учаске алып жатқан кеңістік шамамен 19 125 шаршы верст жерді алып жатты, оның басым бөлігі тек қазақтар ғана мекендеген иен дала болды.

Үшінші. Пункт ветеринары Морачевскийдің қарамағында болған үшінші ветеринарлық-дәрігерлік учаскенің құрамына Николаевская казак станицасы (Степной, Курганский, Орловский, Покровский, Волчий, Солоозерный, Лосевский), Борисовка және Украинская шаруа болыстары және далалық екі қазақ болысы (Николаевская және Қорған) кірді. Омбы уезінің батыс бөлігінде орналасқан бұл учаске солтүстігінде Тобыл губерниясының Түкалы округімен, шығысында Омбы уезінің Омбы және Покров қазақ болыстарымен, оңтүстік – шығысында Омбы уезінің Черлаков болысымен, оңтүстік – шығысында Көкшетау уезінің қазақ болысымен, батысында - Петропавл уезінің Полуденный қазақ болысымен және Лебяжі станицасымен шектеседі.

Пункт ветеринарының міндетін Морачевский атқарып тұрған кезінде үшінші учаскенің ветеринарлық дәрігерінің тұрғылықты орны болып Николаевское станицалық қонысы белгіленген. Ерекше жағдайларда бұл пункт Украинское болысының Городище селосына көшірілген. Үшінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске алып жатқан кеңістік 14 650 шаршы верстті құрады. Солтүстік бөлігінде, батыстан шығысқа қарай, бұл участок арқылы Сібір темір жолы өтті.

Төртінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске уақытша уездік мал дәрігері Петрулистің қарауында болды. Ол Петропавл уезінің шығыс бөлігін алып, Лебяжі мен Вознесенский екі казак станицасынан, Раевский және Полтавский екі шаруа болысынан, Божанкөл, Ұзынкөл, Атабай учаскелерінен және Полуденный және Тайыншакөл қазақ болыстарынан тұрды.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте - Тобыл губерниясының Есіл округі және Петропавловск казак станицасы болды. Шығыста Николаев казак станицасы және Омбы уезінің Николаев қазақ болысы, оңтүстігінде - Көкшетау уезінің Көкшетау және Мезгіл қазақ болыстары, батыста - Петропавл қазақ болысы шекарасы болды.

Төртінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске 18 130 шаршы верст кеңістікті алып жатты. Төртінші учаскенің ветеринары үшін тұрақты мекен Полтава болысының Полтава селосы болды.

Бесінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске уездік мал дәрігері Петрулистің қарауында болды. Оған Петропавл уезінің солтүстік бөлігі, батыстан шығысқа қарай темір жол желісімен кесіліп өтіп, Петропавл қаласын, Петропавл казак станицасын, Ильинское, Михайловское, Явленское және Николаевское төрт шаруа болысын, Петропавл қазақ болысын және едәуір зәйімкелер кірді.

Бесінші ветеринарлық-дәрігерлік учаскенің шекарасы - солтүстігінде Тобыл губерниясының Есіл округі, шығыста - Петропавл уезінің Лебяжі казак станицасы және Тайынша қазақ болысы, оңтүстігінде - Көкшетау уезінің Мезгіл қазақ болысы, батысында - Новорыбинская казак станицасы және Станов қазақ болысы болды. Бесінші учаске алып жатқан кеңістік теміржол желісі орналасқан кеңістікті қоспағанда, 6 928 шаршы верстті құрады. Бесінші учаскенің мал дәрігері үшін тұрақты мекен Петропавл қаласы болды.

Алтыншы ветеринарлық-дәрігерлік учаске уездік ветеринарлық дәрігер Кузнецовтың қарамағында болды. Ол Преснов және Новорыбинск екі казак станицасын (осы станицаның қалған кенттері (Сенжарский, Михайловский, Дубровный және Становской) төртінші ветеринарлық-дәрігерлік учаскеге жатқызылған), Троицк, Дмитриевск, Благовещенск пен Макарьев төрт шаруа болысын, сондай - ақ -Пресновск және Станов екі қазақ болысын қамтыды. Петропавл уезінің солтүстік белдеуінің орта бөлігін алып жатқан бұл учаске солтүстігінде Тобыл губерниясының Қорған және Есіл округтерінің бір бөлігімен, шығыста - Петропавл және Вознесенск станицаларымен және Петропавл қырғыз болысымен, оңтүстігінде - Көкшетау уезінің Айыртау қазақ болысымен және Петропавл уезінің Орта қазақ болысымен, батысында – Пресногорьков қазақ болысымен және Пресногорьков казак станицасымен шектеседі.

Бұл учаске 9 160 шаршы верстті алып жатты. Алтыншы учаскенің ветеринары үшін тұрақты мекен Преснов станицасы болды, ал ерекше жағдайларда ол Благовещенский болысының Благовещенский селосына көшірілетін.

Жетінші ветеринариялық-дәрігерлік учаске уездік ветеринарлық дәрігер Шехтердің қарамағында болды және Ақмола облысының солтүстік-батыс шетін қамтыды. Петропавл уезінің құрамына кіре отырып, бұл учаскеге Пресногорьков казак станицасы, Федоров, Рясская және Новопокровская үш шаруа болыстары және Пресногорьков, Орта және Құсмұрын үш қазақ болысы кірді.

Бұл учаскенің аумағы 29 750 шаршы верстке тең. Оның шекарасы солтүстігінде Тобыл губерниясының Қорған округі, шығысында Преснов казак станицасы, Преснов қазақ болысы, Көкшетау уезінің Айыртау және Жыланды қазақ болыстары, оңтүстігінде Атбасар уезінің Жарқайың қазақ болысы, батысында Торғай облысы мен Орынбор губерниясының бір бөлігі болды. Мал дәрігерінің тұрақты мекен-жайы Пресногорьковское таницасы, сондай-ақ Рясское болысының Рясское селосы болды.

Сегізінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске пункттік ветеринар Ларионовтың қарамағында болды. Ол Көкшетау уезінің ортасын алып жатты және Көкшетау қаласынан, үш казак станицасынан (Көкшетау, Зеренді және Сандықтау), Павло-Подгородный, Викторовский және Балқаш үш шаруа болысынан және үш қазақ болысынан (Мезгіл, Көкшетау және Зеренді) тұрды.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте Петропавл уезінің Петропавл және Тайынша қазақ болыстары, шығыста - Шығыс қазақ болысы, Қотыркөл казак станицасы және Қотыркөл қазақ болысы, оңтүстігінде Ақмола уезінің Моншакты қазақ болысы және Атбасар уезінің Атбасар қазақ болысы, батысында - Шалқар қазақ болысы, Лобановская казак станицасы және Көкшетау уезінің Жыланды қазақ болысы болды. Учаске 24 000 шаршы верст кеңістікті алып жатты. Көкшетау қаласы сегізінші учаскенің мал дәрігері үшін тұрақты тұратын орын болды.

Тоғызыншы ветеринарлық-дәрігерлік учаске ветеринарлық дәрігер Герасимовтың қарамағында болды. Ол Көкшетау уезінің батыс бөлігін қамтыды, оған Арық-Балық, Ақан-Бұрлық және Лобанов үш казак станицасы, Марьинск, Кривоозерная, Қазан және Константиновка төрт шаруа болысы, №1 Бабық-Бұрлық, №4 Бабық-Бұрлық, №2 Қараменді, №3 Шарық және №5 Ащылы-Сай учаскелері және Жыланды, Шалқар және Айыртау үш қазақ болысы кірді.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте - Петропавл уезінің Станов және Петропавл қазақ болыстарының бір бөлігі, шығыста - Мезгіл қазақ болысы, Зеренді және Сандықтау казак станицалары және Зеренді қазақ болысы, оңтүстікте - Атбасар уезінің Жарқайың және Атбасар қазақ болыстары, батыста - Петропавл уезінің Құсмұрын, Орта және Преснов қазақ болыстары болды.

Тоғызыншы учаскенің аумағы 18 988 шаршы верстті құрады. Ветеринар дәрігердің тұрақты орны Арық-Балық станицасы болды, ол кейін Казань шаруа болысының Никольское селосына ауыстырылды.

Оныншы ветеринарлық-дәрігерлік учаске ветеринар Герасимовтың қарауында болды. Учаске Көкшетау уезінің шығыс бөлігін алып жатты, ол екі казак станицасын (Щучинск және Қотыркөл), Александровск және Макинск екі шаруа болысын, Қотыркөл және Шығыс екі қазақ болысын қамтыды.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстік-шығыста - Омбы уезінің Николаев қазақ болысы, оңтүстік-шығыста - Омбы уезінің Черлаков болысының бір бөлігі, оңтүстікте - Ақмола уезінің Қызылтопырақ және Моншақты қазақ болыстары, батыста және солтүстік-батыста - Зеренді қазақ болысы, Көкшетау казак станицасы және Көкшетау қазақ болысы болды. Оныншы ветеринариялық-дәрігерлік учаскенің ауданы 20 700 шаршы верстті құрады. Оныншы учаскенің ветеринары үшін тұрақты орын Щучье казак станицасы болды.

Он бірінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске пункттік ветеринар Редлихтың қарамағында болды. Ол Атбасар қаласын, Атбасар казак станицасын, Покровская, Марьин және Киминская үш шаруа болысын, Раздольный және Жақсы учаскелерін және Атбасар, Жарқайың және Кең - Түбек үш қазақ болысын қамтыды. Атбасар уезінің солтүстік бөлігін құрай отырып, учаске солтүстігінде Көкшетау уезінің Жыланды және Зеренді қазақ болыстарымен, шығысында – Ақмола уезінің Моншақты және Есіл қазақ болыстарымен, оңтүстігінде – Атбасар уезінің Теңіз және Терісаққан қазақ болыстарымен, батысында – Торғай облысымен және солтүстік-батысында - Петропавл уезінің Құсмұрын қазақ болыстарымен шектеседі. Он бірінші ветеринариялық-дәрігерлік учаске алып жатқан алаң 30 000 шаршы верстке тең болды.

Ветеринар дәрігер үшін тұрақты орын Атбасар қаласы болды.

Он екінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске уақытша пункттік ветеринар Редлихтың қарамағында болды. Он бірінші учаскенің оңтүстігінде орналасқан бұл учаске, Атбасар уезінің қалған бөлігін алып жатыр, Терісаққан, Қызыл-Құл, Кеңгір, Теңіз қырғыз болыстарынан және Айнакөл және Ұлытау қырғыз болыстарының бір бөлігінен тұрды. Бұл учаскенің шекарасы солтүстігінде - Атбасар уезінің Жарқайың және Атбасар қырғыз болыстары, шығысында - Ақмола уезінің Есіл, Көн-Қорғалжын, Сарыөзен және Шу қырғыз болыстары бөлігі, оңтүстігінде - Сары Су өзені және Атбасар уезінің Шу күзет учаскелерінің Бағаналы қырғыз болыстары және батысында-Торғай облысы. Он екінші ветеринариялық-дәрігерлік учаске алып жатқан алаң 62 000 шаршы верстке тең болды. Ветеринар дәрігер үшін тұрақты орын Ұлытау мекені болды.

Он үшінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске уездік мал дәрігері Ямбиковтың қарамағында болды. Учаске Ақмола қаласын, Ақмола казак станицасын, Семеновка, Алексеевка, Михайловка шаруа болыстарын және Ақмола, Ереминск, Қоржынкөл, Қызыл-Топырақ, Моншақты және Есіл қазақ болыстарын қамтыған. Учаске 66 000 шаршы верст аумақты алып жатқан.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте Көкшетау уезінің Зеренді, Қотыркөл және Шығыс қазақ болыстары және Омбы уезінің Черлак қазақ болысы, шығыста - Семей облысының Павлодар және Қарқаралы уездері, оңтүстікте - Есіл өзені, Спасск, шерубай-Нұра, Нұра және Қоржынкөл қазақ болыстары, батыста - Атбасар уезінің Теңіз және Атбасар қазақ болыстары болды. Он үшінші учаскенің ветеринары үшін тұрақты орын Ақмола қаласы болды.

Он төртінші ветеринарлық-дәрігерлік учаске уездік ветеринар дәрігер Ізбасаровтың қарамағында болды. Ол Көн-Қорғалжын, Нұра, Шерубай-Нұра, Спасск, Қорғалжын, Қараағаш, Сары-өзен және Нілді, Рождественск, Чернигов, Михайлов, Новогеоргиев, Новочеркасск және Семеновка шаруа болыстарын қамтыды. Учаске 66 000 шаршы верст аумақты алып жатқан.

Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте - Есіл өзені, он үшінші учаскедегі Ақмола уезінің Есіл, Ақмола және Ереминск қазақ болыстары, шығыста - Семей облысының Павлодар және Қарқаралы уездері, батыста - Атбасар уезі және оңтүстікте - Сары-Су өзені, Ақмола уезінің Шу, Ақтау және Ортау қазақ болыстары, Шу күзет учаскелері болды. Он төртінші учаскенің ветеринарлық дәрігері үшін тұрақты тұратын жері Ақмола қаласы және Чернигов шаруа болысының Киевское ауылы болды.

Шу өзені бойынша Оңтүстік күзет-карантин желісінің шекаралық учаскелері.

Атбасар уезіндегі Шу өзені аңғары бойындағы Бесқұлан учаскесі мал дәрігері Полетаевтың қарамағында болды. Ол Құм-Қоңыр, Сарысу, Жезді және Айнакөл және Ұлутау қазақ болыстарының бір бөлігін қамтыды. Бұл учаскенің шекарасы солтүстікте - Ақмола облысынан Торғай облысына қарай ағатын Шиғырлы өзенінің жоғарғы ағысы және Жыланды өзені; шығыста - Сары-Су өзеніне құятын Қара-Кеңгір өзені болды. Соңғысы Бесқұлан және Той-Өткөл мал айдау жолдарының түйісетін жеріне дейін және одан әрі оңтүстікке қарай осы соңғы жолдың бойымен Шу өзеніне дейін оңтүстік пен батысқа қарай, Ақмола облысының Сырдария және Торғай облыстарымен әкімшілік шекараларына дейін жүрді.

Осы учаскедегі ветеринарлық-полиция қызметкерлерінің қысқы мекендеу орны Түркістан қаласынан Қаражар шатқалы арқылы мал айдап өтетін Шу өзені жанындағы «Бесқұлан» өткелінде болды. Бесқұлан учаскесіндегі қысқы күзет бекеті Сырдария облысының Жөлек приставтығының қазақтары көктемде мал айдап өтетін Белеңой шатқалында болды.

Шу өзенінің аңғарындағы Той-Өткөл учаскесі Атбасар уезіндегі мал дәрігері Сұлтановтың қарамағында болды және жоғарыда аталған учаскеге кіретін қазақ болыстарын да қамтыды. Бұл учаскенің шекарасы батыста Бесқұлан учаскесінің жоғарыда сипатталған шығыс шекарасы, солтүстікте - Сары-Су өзенінің ағысы, шығыста - Атбасар және Ақмола уездері арасындағы белгіленген шекара және оңтүстікте - Ақмола облысын Сырдария облысынан бөліп тұрған Шу өзені болды.

Бұл учаскенің қысқы ветеринариялық-полиция пункті Той-Өткел шатқалының жанында, ал күзет бекеті - Түркістан қаласынан Ақмола қаласына ескі керуен жолы өткен Бегеркөл көлінің жанында орналасты. Ветеринариялық-күзет қарауылының жазғы орны қазақтардың ең көп көшпенді қозғалысы пункті ретінде Қарой (СарыСу жанында) шатқалы болды.

Ақмола уезіндегі Шу өзенінің аңғарындағы Тоқ-Теке учаскесіне бір ғана Шу болысы қарады. Бұл учаске солтүстікте - Сарыөзен болысымен, шығыста - Мұңлы болысымен, оңтүстікте - Сырдария облысының шекарасымен және батыста - Атбасар және Ақмола уездері арасындағы белгіленген шекарамен түйісіп, осы болыстың шекараларымен анықталады. Бұл учаскенің ветеринарлық-полиция қызметкерлерінің қысқы тұрғылықты жері Той-Өткел трактісінде орналасқан Текей шатқалы, ал қысқы күзет бекеті үшін Шу өзенінің сол жағалауындағы қираған Тасты қорған бекінісі болды. Текей учаскесіндегі жазғы ветеринарлық пункт Жуан қабірінің жанында орналасты.

Ақмола уезіндегі Шу өзенінің аңғарындағы Қызыл-Жима учаскесі бір ғана Мұңлы болысын қамтыды, соның шекарасымен анықталды. Солтүстігінде ол Қарағаш болысымен, шығысында Ақтау және Атасу болыстарымен, оңтүстігінде Сырдария облысымен және батысында Шу болысымен шектеседі. Қызыл -Жима учаскесіндегі қысқы ветеринарлық күзет бекеті Шу өзенінен өтетін «Қызыл жима» өткелінде, ал жазғысы – Матабай зиратының жанында орналасты.

Ақмола уезіндегі Шу өзенінің аңғарындағы Қызыл-Қоқан учаскесі құрамына Ақтау, Жыланды, Ортау, Атасу және Сараң қазақ болыстары кірді. Солтүстігінде Нілді болысымен, шығысында – Семей облысымен, оңтүстігінде Сырдария облысымен, батысында – Мұңлы болысымен шектескен. Бұл уческеде қысқы ветеринарлық-полицейлік пункт «Қызыл Қоқан» шатқалы жанында, ал қысқы күзет бекеті Ұланбел шатқалында, жазғы пункт бұрынғы Ақтау бекініснде орналасқан.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?