«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Идаров Қазақ даласы туралы

717
Идаров Қазақ даласы туралы

XIX ғасырдың 50-ші жылдары титулдық кеңесші Идаров Сібір ведомствосының (Ұлы және Орта жүз) қазақ даласында болып, оларды Шекара басқармасының әкімшілік басқаруын, Орта және Ұлы жүз қазақтарының егін шаруашылығы және мал шаруашылығы, қолөнер өнеркәсібін сипаттаған. Ол Петропавл мен Семей арқылы Қоқан, Бұқара, Шәуешек және Құлжамен сауда-саттыққа ерекше қызығушылық танытып, даладағы керуен жолдарын көрсеткен. Сапар материалдары Ішкі Істер Министрлігінің журналында жарияланды (1854. Кн. 8, отд. 2. С. 1-36) «Сібір ведомствосының Қырғыз даласы және ондағы жаңа құрылған Семей облысы. (Шаруашылық департаментінде титулдық кеңесші Идаров жасаған)» («Киргизская степь Сибирского ведомства и новоучрежденная в ней Семипалатинская область. (Составлено в Хозяйственном департаменте титулярном советником Идаровым)»).  


Сібір ведомствосының Қырғыз даласы және ондағы жаңа құрылған Семей облысы  

Сібір ведомствосының Қырғыз даласына 1.050,000 шаршы верст кеңістік кіреді. Ол жерде Ұлы және Орта жүздің барлығы 450,000 жуық қырғызы көшіп-қонып жүреді. Орта жүзде 350,000, Ұлы жүзде 100,000 жан бар деп саналады. Орта жүз қырғыздары егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнермен және саудамен айналысады. Орыстармен жақындасу нәтижесінде қырғыздар диқаншылықпен айналыса бастады. 1841 жылы Орта жүз қырғыздары 3 ширек күздік және 709 ширек жаздық астық, 1850 жылы 1,026 ширек күздік және 3,449 ширек жаздық астық еккен. Егін шаруашылығының даму дәрежесіне сәйкес аудандарды келесі ретпен тізуге болады: Көкшетау, Көкпекті, Аягөз, Қарқаралы, Ақмола және Баянауыл. Соңғы үш ауданда егістік болар-болмас қана, ал Құсмұрында ол мүлде болмаған да. Қырғыз егістік жерлері жасанды суаруға бейімделсе де, нашар өңделеді, тек топырақтың табиғи құнарлылығының арқасында мол астық алынады, әсіресе Қапал маңайындағы Аягөз округінде. Өкінішке орай, қырғыздар көбінесе тары ғана және шамалы ғана егін егеді. Мал шаруашылығы - қырғыздардың жалғыз байлығы және басты кәсібі. Олардың үйір-отарлары жыл сайын көбейіп отырады; 350,000 жанға: 1846 жылы 850,000 жылқы, 150,000 қара мал, 2.910, 000 қой тиесілі болды. Соңғы есеп бойынша: жылқы 900,000, қара мал 200,000, қой 3 340,000 бас. Түйе де көп, бірақ ол жасақ салығына жатпағандықтан, олардың саны белгісіз. Қырғыздарда жалғыз өркештіге қарағанда, қос өркешті түйе көп. Әсіресе олар Ұлы жүзде, және олар үшін табиғаты қолайлы Орта жүздің оңтүстік бөлігінде көп. Қырғыздар мал тұқымын жақсартуға аса мән бермейді: олардың жылқылары кішкентай, ірі қара малы ірі емес, ал қойларының жүнінің қылшықтылығы соншалық, одан иленген киіздер тіпті кавалериялық терліктерге де жарамайды. Осыған қарамастан, қырғыздардың мал шаруашылығынан алатын пайдасы шаш-етектен. Ол оларға тұрғын үй немесе киіз үйлер, киім-кешек, азық-түлік, отын, суықтан қорғап, киіз үйлерін жабатын кілемдер мен киіздер, сонымен қатар ат пен түйенің әбзелдеріне қажетті барлық дүниені береді.

Қырғыздар өз табындарын қорғауды да аз ойлайды, сондықтан жұқпалы аурулар мен қатал қыстан болатын шығындар жиі кездеседі. Тек 1841 жылы Аягөз, Көкпекті және Қарқаралы округтерінде көктайғақ салдарынан болған апат қана қырғыздарды шөп және астық нанының қорын жинауға итермеледі. Мал айырбастау оларға барлық тұрмыстық заттарды: ұн, шұға, мақпал, нанка, шойын, темір және басқа да бұйымдарды алуға мүмкіндік береді.

Соңғы кезде Сібір линиялары арқылы шамамен 4 20,000 күміс ақшаға жылына 1,000-ға дейін жылқы, 7,000-ға дейін ірі қара мал және 389,000-ға дейін қой айдалып өткен. Қырғыздардың жалпы мал айырбасы жылына В последнее время через Сибирские миллионнан астам күміс ақшаны құрауы мүмкін.

Қырғыздардың қолөнер өнеркәсібі әлі күнге дейін қарабайыр күйде: бұл кәсіп жағынан олардың білері тек киіз басу, қыл арқан есу, ат әбзелдерін, нашар ер-тоқымдар мен киім дайындаумен ғана шектеледі.

Далада 111 қырғыз үйі салынған. Қырғыздардың алғашқы дұрыс Қырғыз қонысын салу тәжірибесі ауыл старшинасы Жалбол Тағаровпен басталмақшы, ол орыс қоныстарының тәжірибесі бойынша Ұрынқай мен Манпраш мекенінде, Ұрынқай (Көкшетау округі) көлі маңайында алғашқы таза Қырғыз ауылын салуға ниет білдірді..

1858 жылдан бастап Орта жүз қырғыздары малмен немесе ақшалай жасақ деп аталған салық төлеген. Бірінші жағдайда, жыл сайын: кейбір округтерде 100 - ден бір бас, ал басқаларында - әр 150 бұқа мен қойдан және әр 200 жылқыдан бір бас алынған. Қырғыздарға жасақты ақшалай: жылқы үшін 10 рубль, бұқа үшін 5 рубль 72 тиын, қой үшін 58 тиын төлеуге рұқсат етілген. 1852 жылы жасақтан 25,274 рубль түскен, 1849-1852 жылғы үш жылда жыл сайын 108,677 р. 50 т. күміс ақша түскен. Бұл цифр Орта Жүзде тәртіптің берік орнығуының және оның әл-ауқатының дәлелі, өйткені ол қысқа мерзімде далаға енгізілген басқару тәртібін өз еркімен қабылдаған қырғыздардың санын да, олардың мал шаруашылығының дамуын да анықтайды. Қолданыстағы жасақ алымы даланы басқаруды ұстау жөніндегі барлық шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болып шықты, сондықтан 1851 жылы жасақты ақшамен жинау кезінде алдағы уақытта (яғни 1852 жылдан бастап) оны мынадай мөлшерде өндіріп алу бұйырылады: жылқы үшін 13 рубль күміс ақша, сиыр немесе бұқа үшін 8 рубль, қой үшін 1 рубль күміс ақша.

Ұлы жүз Орта жүзге қарағанда тығыздау тұрады, сондықтан да малшаруашылығымен аздау айналысады, жылқы мен ірі қараға аса бай емес, есесіне түйе мен қой өте көп. Көшіп-қонатын жер шектеулі болғандықтан және топырақ айтарлықтай жақсы болғандықтан, Ұлы жүз қырғыздары Орта жүз қырғыздарына қарағанда диқаншылықпен айналысуға ниеттірек, дегенмен де олар оны аз егеді және тек тары өсіреді. Олардың өнеркәсібі Орта жүз қырғыздарының өнеркәсібімен бір деңгейде тұр. Дала арқылы саудаға келер болсақ, Сібір қырғыздарының Қоқан, Бұхара және Қытайдың батыс қалаларымен (Шәуешек және Құлжа) сыртқы саудасы, әсіресе соңғы үш жылда керемет дәрежеде өскен. 1848 жылы Сібір линиясы бойынша кеденнен 2.850,000 р., 1850 – 3.610,000 руб., ал 1851 – 3.589,000 рубль күміс ақшаға тауар кіріп-шығарылған. 1848 жылы 140,000 рубль құраған кеден алымы 1850 жылы 265,000 р., ал 1851 жылы 325,605 р. 22 тиын күміс ақшаға дейін өскен. Петропавл және Семей сияқты екі басты пункттерде шоғырланған бұл сауданың барлығы Семейде тұратын ташкенттіктер арқылы жүргізіледі және өзінің дамуымен Қырғыз даласында тыныштық орнатуға және керуен жолдарын қамтамасыз етуге міндетті. Дегенмен, 1851 жылы Сібір линиясына қытай шайын әкелу біршама төмендеп қалды, себебі қытайлықтар Шәуешек пен Құлжаға келетін орыс тауарларына өте төмен бағалағандықтан, оларды сату қиынға соғады.

Керісінше, бұрынғы жылдарға қарағанда қытайлықтар шайдың бағасын тым өсіріп жіберген.

Жалғасы бар.