«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ресей мен Қытай қазақ руларын қалай бөлді

493
Ресей мен Қытай қазақ руларын қалай бөлді

1881 жылы тамызда Мексиканың «La república» газетінде «Ресей мен Қытай» атты мақала жарияланды, онда редакция 1881 жылы ақпанда Ресей мен Қытай арасында жасалған Петербург келісімінің қысқаша мазмұнына тоқтаған. Қытай 1879 жылғы Ливадий келісімін ратификациялаудан бас тартқаннан кейін, Ресей мен Қытай арасында 1881 жылғы Петербург шарты жасалғаны белгілі. Осы Келісімге сәйкес, Ресей императоры 1871 жылдан бастап орыс әскерлері басып алған Іле өлкесіндегі Қытай үкіметінің билігін қалпына келтіруге келісті.

Бұл ретте Іле аймағының батыс бөлігі Ресейге бекітілді. Батыс Қытай мен Моңғолиядағы барлық құқықтар мен артықшылықтар Ресей құзыретінде болды. Нәтижесінде Ресейдің Шыңжаңға әсері басым болды. Бұл екі ірі империя арасындағы саяси құжат қазақ халқының тағдырын шешіп, оны ұзақ уақыт Ресей мен Қытай арасында бөліп тастады.

Автор атап өткендей, орыс-қытай келісімдерін ратификациялау өзгермейді. Саяси келісім он алты баптан, сауда шарты он бес баптан, ал бүкіл құжат 15000 сөзден тұрады. Тілші құжаттың мазмұнын қысқаша баяндап берген.

Ресей Қорғас өзеніне дейін созылған және Тянь - Шань жотасына дейін жорамалданған сызық бойынша жалғасатын Құлжа аумағының бір бөлігін сақтап қалды.


77777.jpg


Редакцияның пікірінше, бұл аймақта Ресей азаматтығын таңдаған тұрғындар қош көрінбек. Қытай Ресей азаматтығын қабылдамаған және соғыс кезінде олардың қызметіне нұқсан келтірді-мыс деген барлық Құлжа тұрғындарына кең рақымшылық жасады.

Іле алқабы Қытайға қайтарылды. Орыстар оның суларында белгілі бір қашықтыққа дейін жүзуге құқықтары болған Сунгари өзені бейтараптық алады да, орыс кемелері Шәуешек келісіміне дейін ол суларда қалай жүрді, солай жүре береді. Зайсан көлінің шығысындағы шекаралар Ресей қырғыздарын (қазақтарды) қытай қырғыздарынан бөлу үшін түзетіледі. Ресей оккупацияға және оның бодандарына келтірілген шығынды өтеу үшін 9 000 000 рубль көлемінде ақшалай өтемақы алады.  


99999.jpg


Қытайдың он сегіз провинциясына жол ашатын Турфан қаласында Ресей консулдығы ашылады. Сауда келісімі бойынша ресейліктер Тянь -Шаньның екі жағында да, Ұлы Қытай қорғанына дейін еркін сауда жасай алады. Бұл жерде орыс керуендері болуы керек. Ресейдің Моңғолиямен шекарадағы Ургада да консулдығы болады. Қытаймен келісім шарт бойынша Ресейге берілген 9 миллион рубль көлеміндегі өтемақы Лондонда әрқайсысы төрт айға алты бөліп төленеді.


0000000.jpg


Осы уақытқа дейін қазақ тайпалары осы көрсетілген жерлерде орналасқан жайылымдарда еркін көшіп-қонып жүрді. 1881 жылғы Петербург келісімшартымен қазақ халқы бірнеше бөлікке бөлінді, олардың бір бөлігі Ресей бодандығында, екінші бөлігі қытай бодандығында қалды. Содан бері Қытайда, Моңғолияда және патшалық Ресейдің (Кеңес Одағының) иелігінен тыс басқа да жерлерде тұрған қазақ ирреденттері ұғымы пайда болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін олардың бір бөлігі тарихи атамекені Қазақстанға оралып, «оралман-қандас» мәртебесін алды.