Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтайдың түркі-моңғол әлемі

1478
Алтайдың түркі-моңғол әлемі  - e-history.kz

30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында екі мемлекеттік университет базасында "Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман"атты II Халықаралық алтаистика форумы өтті.

Ірі халықаралық ғылыми оқиға екі алаңда нақты және онлайн-режимде әлемнің 9 елінен – Ресей, Венгрия, Моңғолия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 300-ге жуық ғалымдарды жинады. Форумның табысты өткізілуі шекаралардың жабықтығына және басқа елдерде түркология мен алтаистиканы зерттеудің ежелден келе жатқан дәстүріне қарамастан, Алтай түркі тарихы мен мәдениетін зерттеушілерді тарту орталығы болып саналу құқығын дәлелдегенін көрсетті.

АлтМУ Президенті, «Үлкен Алтай» алтаистика және түркітану орталығының жетекшісі, профессор Сергей Землюковтың айтуынша, Екінші алтаистика форумы он жылдық жұмыстың қорытындысы болды. «2011 жылдан бастап Алтай мемлекеттік университеті Орталық Азия, Үлкен Алтай университеттерімен ынтымақтастық бағытын таңдады. 2019 жылдан бастап АлтМУ-да «Үлкен Алтай» алтаистика және түркология орталығы жұмыс істейді, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобалары үшін берік негіздер қаланды»,-деп атап өтті Сергей Землюков. 

Ғалымдардың форумдағы баяндамалары түркі-моңғол әлемінің ерте орта ғасырлардан қазіргі уақытқа дейінгі түрлі тарихи кезеңдеріндегі археология, дәстүрлер, фольклор, демография мәселелеріне арналды. Әлемге әйгілі 20-ға жуық ғалым баяндама жасады. Олардың ішінде РҒА академигі, РҒА СБ археология және этнография институтының ғылыми жетекшісі, «Үлкен Алтай» алтаистика және түркология ҒБО халықаралық сараптамалық кеңесінің төрағасы Анатолий Деревянко, РҒА Ресей тарихы институтының Ресей халықтары тарихы және этносаралық қатынастар орталығының жетекшісі Вадим Трепавлов, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Абылбек Асанканов, Қазақстан Республикасы ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Томск мемлекеттік университетінің профессоры Людмила Шерстова және басқалар.  

Форумда өзекті саяси күн тәртібі де қаралды. РҒА Е. М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері, Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының доценті, ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттіктің түркі және фин-угор халықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы Владимир Аватков Түркия айналасындағы қазіргі саяси жағдайға және Орталық Азия елдерінің қазіргі саясатындағы «түрік факторының» рөліне баға берді.

 Форумды Алтайда өткізуге түсініктеме бере отырып, Владимир Аватков: «Үлкен Алтай» - бұл, егер қаласаңыз, посткеңестік кеңістіктегі түркі халықтарын бір өзек айналасында қайта біріктіре алатын біртұтас тарихи тағдыр кеңістігі, ал оның өзегі Алтайда, Ресейде екені анық. Шындап келгенде Ресей сол түркі әлемінің орталығы болып табылады. Егер біз осы түркі-славян бастауларын біріктіру жөніндегі өзіміздің тарихи миссиямызды орындай алсақ, онда бізде Үлкен Еуразияның болашағы зор»,-деп атап өтті. 

Форумның секциялық отырыстары Үлкен Алтай халықтарының өміріндегі саяси-құқықтық, этносаяси, этномәдени, мемлекетаралық және ұлтаралық үдерістерді талдауға арналды. Желілік білім беру жобалары, Орталық Азияның жетекші университеттерінің жас ғалымдарының зерттеулері талқыланды, Үлкен Алтай университеттерінің Медиадиалогы аясында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының баспасөз қызметі өкілдерінің кездесуі өтті.

Форумда жақында ғана аяқталған «Үлкен Алтай: Ресей – Қырғызстан, 2021» этнографиялық экспедициясының нәтижелері ұсынылды. Қырғызстан мен Ресейдің 12 жоғары оқу орны мен ғылыми мекемелерінен 20 этнограф екі апта ішінде 2000 шақырым жол жүріп өтіп, Ыстықкөл мен Нарын облысының 10 елді мекенінде болып, болашақ монографиялар үшін материал жинады.

d596115572ff0e8ee867264712ac1842.jpg

Форумда «Үлкен Алтай – түркілердің ата жұрты» виртуалды музейінің тұсаукесері үлкен қызығушылық тудырды. Алтай мемлекеттік университетінің археология және этнография музейінің директоры Ярослав Фроловтың айтуынша, «Үлкен Алтай» алтаистика және түркология орталығының бұл жобасы музеологиялық, археологиялық және виртуалды компоненттерді біріктіреді, әртүрлі музейлердегі түркілердің мәдениеті туралы барлық материалдар жиналатын каталог ретінде болады.  

Горно-Алтай мемлекеттік университетінде ГАМУ ғалымдары мен Пазырық қорымындағы Мемлекеттік Эрмитаждың археологиялық экспедицияларының нәтижелері бойынша баяндамалар оқылды, түркі мәдениеттері фестивалін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Форумға бірауыздан қабылданған қарарда оның қатысушылары мен ұйымдастырушылары "Үлкен Алтай" алтаистика және Түркітану орталығы аясында ірі ғылыми жобаларды жалғастыру, Үлкен Алтай елдері мәдениеттерінің өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін әзірлеу, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыру, дипломдарды өзара тану үшін халықаралық білім беру форматтарын әзірлеу қажеттігі атап өтілді.  

Алтай мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Бочаровтың айтуынша, форумның басты мақсаты орындалды: «Біз осы төрт күн ішінде толыққанды ғылыми қарым-қатынас жасау және Орталық Азия елдерінің ғалымдарының бірлескен білім беру және ғылыми жобаларда бірігуі үшін барлық жағдайды жасағымыз келді. Біз осыны жүзеге асыра алдық: жаңа экспедициялар белгіленіп, бірлескен монографияларды талқыладық, тәжірибелермен бөлістік. Біз 2023 жылы Алтайда үлкен ғылым өкілдерін қайта жинап, Алтай мемлекеттік университетінің Ресейдің ғана емес, бүкіл Еуразияның тірек университеті ретіндегі мәртебесін растай аламыз деп үміттенеміз».

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?