«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Клеменц жазбаларындағы көшпелі тұрмыс. 3-бөлім

765
Клеменц жазбаларындағы көшпелі тұрмыс. 3-бөлім

Qazaqstan Tarihy порталы оқырмандарды 1908 жылы «Сибирские вопросы» газетінде жарияланған белгілі этнограф Дмитрий Александрович Клеменцтің «Көшпелі тұрмыс туралы жазбалар» жұмысымен таныстыруды жалғастырады. Д.Клеменцтің Сібір халықтарымен байланысты зерттеулері назар аударуға тұрарлық. Д.Клеменц Сібір мен Қазақстанның көшпелі тайпаларының өмірі мен тұрмысына терең әрі жан-жақты көңіл бөлген. 

Егінші өзін қоршаған аумақпен, ал көшпелі - жылжымалы жанды құралдармен тығыз байланысты. Егінші үшін өз егістігін мүмкіндігінше иесіз қалдырмау қажет болса, көшпенді қозғалып тұруы керек, өйткені ол өз табындарын жыл бойы шектеулі аумақта ұстай алмайды. Дала мен шөлдерде тұруға жарамды аумақтар шексіз кеңістікті құрмайтындықтан, бұл қозғалыстар өте маңызды кеңістікті қамтуы керек. Егінші халықпен салыстырғанда көшпелі халық санының аздығы тек өмір салтымен ғана емес, сонымен қатар аумақтың жағдайымен де байланысты. Түрлі дақылдардың екі -үштен өнімі алынатын құнарлы тропикалық елдерде, жасанды суарылатын шөлді оазистерде, шағын ғана жерде бүкіл болысқа жететін халық орналасады; бірақ, мысалы, ортаңғы белдеуде, Сібірдің қылқан жапырақты ормандарының арасында, егінші халық көшпеліден көп емес. Бұратана халық, тайга татарлары көп жылдар бойы егіншілікпен айналысуға тырысып келеді, бірақ диқаншылыққа жарамды жердің аздығынан, астық пісу жағдайының қолайсыздығынан олардың егістіктері жер иесін астық сатып алу қажеттілігінен құтқармайды. Марқұм Н.М. Ядринцев өзінің «Леса, как начало оседлости» этюдінде татарлардың кедей, жартылай аш, қайыршылық өмірін қырғыздардың ауқатты өмірімен салыстырады. Қырғыздың орман татарына қарағанда әлдеқайда ауқатты, бай екенін толық мойындай отырып; ол соған қарамастан соңғысында қырғыздарға қарағанда мәдени элементті көреді, өйткені біріншісі жер жыртады, ал екіншісі табындарымен көшіп-қонып жүреді. Бұл мәлімдеменің тамыр жайған алалаушылыққа құрмет екенін түсіну қиын емес. Мәдениеттің дамуы үшін белгілі бір мөлшерде ауқаттылық қажет. Жартылай аш өмір сүру мәдени нәтиже бермейді, және теоретиктер бұл тақырыпты қанша қиялдаса да, тайга ішінде тұтастай қоныстарды құруға болмайды. Кейде аң мен балық аулап, кейде кен орындарында жұмыс істегенінің арқасында татар әйтеуір күнін көріп жүр. Томск ормандарынан қазақ даласына көшкен сол бұратана мал ұстап, сонымен көшіп жүрсе де, егіншілігін де тастамайды. Ақыл - ой оған мұнда егіншілікпен ғана өмір сүру қиын екенін көрсетеді, өйткені егінге кепілдік беру мүмкін емес құрғақ дала көп; ол үй шаруашылығын екі жақтап ұйымдастырады: егер астық болмаса, онда оған малы көмекке келеді.

Егіс үшін қолайлы жер өте шектеулі. Жалғыз ғана мысал осы емес. Чулым бұратаналарын зерттеуші А.А. Ярилов олар үш санатқа бөледі:

1) ит тұмсығы өтпес тайгада тұратын аңшылар,

2) аралас өмір салтын ұстанушылар – егішілік-малшылық, ішінара аңшылық,

3) өмір салты орыстарға ұқсас, отырықшы бұратана-егіншілер.

Аңшылардың жағдайы - ең нашар: аңның азаюы, аң үшін орыстардың тайгаға жортуылдары, көрші тунгустармен болатын даулар бұратаналардың бірқатар кездейсоқтықтарға тәуелділігін тудырады.

Содан кейін ауқаттылығы жағынан егіншілер тұр. Қуаңшылық және басқа кәсіптердің болмауы олардың шаруашылығын тым тұрақсыз етеді.

Аралас тұрмыс ұстанатын бқратаналар басқаларынан артық тұрады. Автор мұның себебін бұратаналардың жағдайға сәйкес «өз еңбегін қолдану нүктесін өзгерту» мүмкіндігінде көреді: қуаңшылық жылдары ол малын сатады, тиін мен жаңғақ сатудан да аз болса да, нәпақа көреді.

Сібір шаруасының тоқ тұрмысы жалғыз ғана егістік жердің көптігімен түсіндірілмейді. Жұмыс күші қымбат болғандықтан, ірі егістік жерлерді жырту мүмкін болмады, сібірлік жалғыз ғана астықпен тоқ болған жоқ. Оған малшылық, кірешілік, кен орындарында жұмыс істеу сияқты қосалқы кәсіптер көмектесті.

Орыс халқына қатысты, біз Сібірде таза ауыл шаруашылығынан көшпелі өмір салтына көшуді жиі көреміз. Оңтүстік Забайкалье казагы астық егеді, сонымен қоса жылқының үйірі мен қойлардың отары – оның байлығы. Егер ол киіз үйде тұрмай, қыстаудан жайлауға көшпегенімен, көптеген ауқатты буряттар да олай істемейді.

Олар малдарын жай ғана бақташыларымен бірге көшіреді: швейцарлық малшылар да дәл осылай істейтіні сияқты. Сонымен қатар, малды кәдеге жаратудың ерекше формасы бар: мал иесі малын, осы малдың есебінен азықтанып, соның жүнін пайдалануға рұқсат етіп, кедейдің қолына береді.

Адамды мал табынының әлде құрғақ даладағы тыңайтқышсыз, жасанды суландыруы жоқ егіншіліктің жақсы қамтамасыз ететіндігін айту қиын. Мал өсірушіде оның әл-ауқатын бұзатын екі үлкен қасірет бар: қарлы немесе көктайғақты қатты қыс және эпизоотия. Дегенмен де қатты қысқа қарсы қару бар; әлсәз малға шөп дайындау, жаз бойы малды жібермей бітік шөбін сақтайтын суармалы шабындықтар мен қыстаулар. Мал өлгенімен, бәрі бірдей құрып кетпейді: өлген малдың терісі қалады, егер қар тым ерте жауса, қайта көшіп кетуге мүмкіндік болады. Эпизоотияға келетін болсақ, дамыған көшпелі тұрмыс жағдайында, аурудың малдың барлық түріне бірдей тарау жаңдайы кездеспейді: оба тек ірі қараға ғана әсер етеді, қой аурулары жылқы мен сиырға таралмайды. Оның үстіне көшпелі өмір көшпендіге індет тараған жерден бірден кетуге мүмкіндік береді. Моңғолияда болған орасан зор эпизоотияның таралуына орыс және қытай мал саудагерлері себепші. Табында алғашқы инфекция пайда болған кезде-ақ малшы тезірек қозғалады, әлсіз, ауру мал артта қалады, тек саулары ғана алға кетеді, осылайша керуен жолында тұтастай ауру жұқтырған жолақ қалады. Мал айдаушы басқаша әрекет ете алмайды: ол өзі де қиындықтан тезірек кетуі керек.

Енді: егіншілік әрдайым және барлық жерде жоғары мәдениеттің серігі болды ма? деген мәселені жалпылай талдап көрелік. Көп жағдайда бұл осылай, бірақ өте маңызды ерекшеліктер де бар. Мексиканың солтүстігінде орналасқан елдерде еуропалықтар келгенге дейін егіншілікті білетін көптеген тайпалар болған. Олардың қолында керемет астық өсімдігі – маис болды; бірақ солтүстікте біз жоғары мәдениеттің іздерін көрмейміз. Және көпшілікке ұнамайтын көшпелі өмір салты, оның онда дамуына кедергі болмады.

Одан да жарқын мысалды Африкадан көруге болады. Шын мәнінде үлкен мәдениет ошағы Египетті қоспағанда, біз онда тәуелсіз дамыған өркениеттің орталығы туралы білмейміз, ал бұл ретте негр тайпаларының көпшілігі ауыл шаруашылығымен таныс.

Ежелгі мәдениеттердің негізгі орталықтарын талдай отырып, біз тек егіншілік қана емес, басқа да бірқатар қолайлы жағдайлардың түйісуі оларды адамзат дамуының орталығына айналдырғанын көреміз. Марқұм Лев Мечников барлық ежелгі мәдениеттердің үлкен өзен жүйелерінде дамығанын өте дұрыс атап өткен. Ежелгі уақытта Қара теңіз жағалауында, ежелгі Грециямен қарым-қатынаста болған скиф-оратайлар болған; бірақ осы мәдениетті халықтың өмірінен ескерткіштер қайда? Олардан кейін не қалды? Олардан аз ғана дүние қалғандықтан, біз әлі күнге дейін олардың қандай халық болғаны туралы дауласудамыз: олар скифтер сияқты көшпенді болды ма әлде басқа болды ма?

Сонымен, ауылшаруашылық өмірі де әрдайым кең мәдени жолға апара бермейді деп айта аламыз. Таза қанды егінші де дамудың қарабайыр сатысында қалады: негр-диқаншының жанында біз тұрмыста да, мәдени сұраныста да өзінің отырықшы көршісінен әлдеқайда жоғары тұрған көшпенді семитті кездестіреміз.

Көшпелі өмірге осы жағынан қарап көрейік. Біз оның Швейцарияда және Францияда мәдени жетілдірулерді қабылдау қабілетін көрсететін мысалдар келтіретінін көрдік, бірақ бұл жерде альпілік шопанның өзі емес, оның көршілері-фермерлер барлық техникалық жетілдірулерді бастады, үлгілі мал өсірді және сүт шаруашылығын жетілдірді. Кәдімгі көшпелі моңғол, біз айтқандай, мәдениетке қарсы емес. Ол көшпеліге «бедуиндік», яғни әскери, жаулап алуға деген құштарлық тән деген пікірді жоққа шығара алады. Моңғол өзінің жеңістерімен қолында қылышты мықтап ұстай алатындығыны, және тіпті соғыс пен зорлық-зомбылықты тәрк қылып, тыныш және бейбіт өмір сүре алатындығын дәлелдеді.

Басқа да көшпелі халықтарға мұқият қарап, біз соғыстарға бейімділікті көшпелі тұрмыстың ерекше түрі деп санауға құқымыз жоқ.

Егер біз өткен көшпелі өмірге қарап, тарихшыларды тыңдасақ, онда біздің көз алдымызға оның өкілдері өте сұрықсыз түрде пайда болады. Бұл жабайы орда, мәдениетті талқандаушылар, қарақшылар мен тонаушылар. Осылардың бәрі көшпенділерге телініп қалған; бірақ олар қаншалықты әділ? Ескі өркениет іздерінің талқандалуына жалғыз ғана көшпенділер кінәлі ме? Жаугершілік тек қана көшпенділердің басын айналдырған жоқ. Байырғы егіншілер, ежелгі египеттіктер, өз билігінің гүлдену кезеңінде Азияға ұзақ сапарлы жорықтар жасады. Ал Египет таза ауылшаруашылықты ел болды; киелі Кітапқа сәйкес, ол көшпенділер мен мал шаруашылығын жек көретін - «әрбір қойшы мысырлықтар үшін жиіркенішті» дейді Киелі Кітап. Соғысты жек көретін Қытайдың өзі біресе сыртқы, біресе ішкі, үнемі соғыстар жүргізіп отырды. Ол әлемдегі ең үлкен екі өзеннің құнарлы бассейндеріне қанағаттанбады, оған Шығыс Түркістанның шөлді оазистері қажет болды, бірақ олар шалғайда орналасқандықтан, оны жауынгер көршілерінен қорғай алмады және өз қол астында ұстай алмады. Батысында қытайлықтар Кореяны жаулап алуға ұмтылды. Адамзат мәдениеті үшін үлкен үлес қосқан кішкентай ғана Греция, парсы соғыстарынан кейін өзара дау-дамайлармен өзін титықтатты; одан кейін Ескендір Зұлқарнайынның, римдіктердің, кірескерлердің Палестинаға жорығын еске алайық. Бұлардың бәрі де жауынгерлік ерліктерге деген ләззатқа, жаулап алуға деген сүйіспеншілікке куә болады емес пе? Еуропаны жайлаған кісі өлтіру, тонау мен өрт, феодалдық қақтығыстар, отбасылық даулардың, көшпелі ордалардың руаралық тартыстарының мәдениетке тигізген зиянынан кем емес. Жаңа уақыт ежелгі және орта ғасырлардан кем түспейді: жоқ дегенде Американың мәдени тайпаларының жойылуын, үздіксіз әулеттік және діни соғыстарды, Атилла мен Шыңғысханның ниеттерін еске түсіретін Наполеонның Египет пен Ресейге жасаған жорықтарын еске түсірген жөн. Ғұндардың Азиядағы, арабтар мен моңғолдардың батысағы жаулап алуларының басты себебі – олардың жаулап алуларының жылдамдығы мен шапшаңдығы. Олардың табысқа жетуінің себебі олардың әскерінің көптігінде емес. Шөл дала тұрғындарының саны көп болуы мүмкін емес еді. Егер қазір екі ғасырлық бейбіт және тыныш өмірден кейін Моңғолияның тұрғындарының саны 4 000 000 -нан аспаса, онда соғыстар мен азаматтық қақтығыстар кезінде олардың саны көп болуы мүмкін емес еді, оның үстіне, Модо Хан немесе Шыңғыс хан бүкіл халықты соғысқа тарта алмас еді. Егер біз төрт миллионнан қару алып жүруге және жорыққа жарақтануға қабілетті 200 000 адамды алып тастасақ, онда осының өзі көп болар еді! Осынша жауынгерді Шыңғысхан өзімен бірге ерте алмас еді. Ол елді әскерсіз қалдыра алмады. Жетістіктердің себебі - жұмылдырудың жеңілдігінде болды. Қозғалысқа дағдыланған көшпенді көлемді жүкке мұқтаж емес еді: жорықта оның өмір салты отырықшы адамдікі сияқты өзгерген жоқ.

Осы таза сыртқы дағдылар мен өмір салтынан басқа, көшпелі өмірдің ішкі құрылымында да көп нәрсе болды. Далалық мал шаруашылығы - бұл күшті, ептілік пен шыдамдылықты қажет ететін ерлердің кәсібі. Содан кейін ру тек қандас туыстардың одағы болған жоқ: жылқысыз, малсыз қалғандар әрқашан күшті, бай адамдардан нанын тауып жеді, туыстық қатынаста болмаса да, рулық байланыста болып, оның халқының бір бөлігін құрады. Ондаған, тіпті жүздеген верст қашықтықта шашыраған ру, ақсақалдың шақыртуымен, жинау пунктіне жиналып, жұмылдырыла алатын. Көшпенді тәртіпке бағынды. Кейін соғыс, көшіп-қонуға қатысты даулар, көрші руларға жорықтар кезінде өзі талантымен, ерлігімен басшылар ерекшеленетін. Солардың жанына пысық жастар топтасатын, және соғыс кезінде қайраткер басшылар әскери қолбасшыларға айналатын. Шыңғысханның жылдам көтерілуінің құпиясы да осында. Оның ақсүйектерден шығатынына да шындық ретінде қарауға болмайды. Ол өз мансабын көршілеріне қарсы сәтті соғыс жүргізуден бастаған, бұл оның жанына батыл сарбаздарды жинады. Ал одан кейінгі жетістіктері оны Орталық Азияның билеушісі, пірі етті. Жеңіске жеткен көшпенді жеңілгеннің қаласын емес, ең жақсы жайылым жерлері мен малын иеленді. Соңғысының бағынудан басқа амалы қалмады: бағыну қарсылық көрсетуден әлдеқайда тиімді болды. Жеңімпазға төленетін алым ауыртпалық бола алмады, ал жеңілген тайпаның жауынгер бөлігі жеңімпазға қосылып, олармен бірге олжа үшін соғысқа баруға дайын болды.

До конца средних веков в войнах играла громадную роль конница. Трудно было состязаться земледельцу с врагом-кочевником, у которого в тылу летучих отрядов шли целые табуны свежих коней. Прекрасно устроенная разведочная служба, возможность сосредоточить массу войск в нужный момент, в нужном месте, падать, как снег на голову неприятеля – вот в чем была сила кочевников. Вопрос этот тщательно разобран у генерала Иванина в его брошюре «О военном искусстве у монголов».

Автор бұл мәселені толығымен бейтараптықпен және білгірлікпен баяндайды, бірақ ол Еуропаға алғаш рет келген моңғол әскерлерінің сол кездегі ең мәдениетті халық, қытайлармен, өз күштерін сынап көрген басшылар болғанын айтуды ұмытып кетеді. Моңғолдар қоршау машиналарын жасауды білді, снарядтары болды, осыларымен қоршауда қалғандардың зәре-құтын алатын.

Моңғолға күнделікті қолөнер таныс; ол әр түрлі пайдалы заттарды жылдам қабылдап, тез игереді. Бұл буряттардан айқын көрінеді: олардың арасынан тамаша ұсталарды, құюшыларды кездестіруге болады. Оларды забайкальелік ескі дәстүршілермен салыстыра отырып, еріксіз моңғолдар мәдениетті жылдам қабылдайды деген қорытындыға келесің.