Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жоғары Кеңес – Қазақстан парламентизмінің бастауы

2599
Жоғары Кеңес – Қазақстан парламентизмінің бастауы - e-history.kz
Тарихта 68 жылға жуық уақыт қызмет атқарған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымында толықтай қызметін тоқтатты. Орнына жаңа кәсіпқой парламент құрылды

Қазақ елі 1991 жылы Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Егемендік декларациясын бекітті. Сол тұстағы әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздікті жариялаумен бірге өз Ата Заңымыз, төл теңгеміз, рәміздеріміз өмірге келді. Ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміз, дәстүр мен әдет-ғұрыптарымыз жаңарды. Етек-жеңін енді жиған жас мемлекеттің сол тұстағы жоғары билік органы – Жоғары Кеңес болды. 78 жыл тарихы бар мемлекеттік органның Қазақстан тарихы үшін рөлі жоғары. Тәуелсіздік алған бірнеше жыл әлегінде саяси сахнаға бірнеше Жоғары Кеңес шақырылымы келді. Олар мемлекеттің алғашқы қадамдарынан бастап, бүкіл әлемдік сахнаға саяси рөл атқарды. Азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің кепілдіктері жайлы тұжырымдар, мемлекеттік сақтау, қорғау жайындағы декларацияларды жариялады. 

Алайда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдардарындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді. Советтік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын сезілді. Сондықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды. 

b861ed270d3af36cfe70fe7b97bd154d.jpg

Тарихта 68 жылға жуық уақыт қызмет атқарған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымында толықтай қызметін тоқтатты. Орнына жаңа кәсіпқой парламент құрылды. Таралуына басты себеп болған 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша заң шығарушы сот және атқарушы билік арасындағы өкілеттіліктердің дұрыс бөлінбеуі нәтижесінде тежемелік және тепе-теңдік принципі дұрыс сақталмады. Яғни Жоғарғы Кеңес сот пен атқарушы билікке араласты. Бұл жаңа Конституцияның қабылдануына түрткі болды. Екінші жағынан, парламенттің рөлі оған берілген өкілеттіліктері бойынша президентке қарағанда басымырақ болды. Осы себептерге байланысты 1995 жылы қабылданған жаңа Конституция қазіргі жаңа парламентті өмірге әкелді. 

Қысқаша айта кетер болсақ, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасындағы (Қазақ ССР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы болды. 1938 жылдың 24 маусымында алғаш рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Содан бері Жоғары Кеңестің 13 шақырылым болып өтті. 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ ССР Конституциясын, экономикалық, шаруашылық құрылыстағы, әлеуметтік-мәдени өмірдегі түрлі мәселелер бойынша заң шығару және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңдық құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ ССР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?