Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бірегей жоба – «Әдебиет порталы»

1441
Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бірегей жоба – «Әдебиет порталы» - e-history.kz
Қазақ руханиятының әдеби мұрасын, классикалық және қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің өрісін кеңейту мақсатында құрылған интернет желісіндегі өз бағыты айқын, бірегей жоба – «Әдебиет порталы»

Қазақ руханиятының әдеби мұрасын, классикалық және қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің өрісін кеңейту мақсатында құрылған интернет желісіндегі өз бағыты айқын бірегей жоба – «Әдебиет порталы».

Бүгін www.adebiportal.kz порталына 2 жыл толып отыр.  Өздеріңіздің сүйікті әдеби тұғырнамаларыңыз – «Әдебиет порталы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғам тарапынан әзірленіп, көпшілік оқырманға  2013 жылдың 25-ші желтоқсанында жол тартқан болатын.  

Сол уақыттағы ақпарат айдынына жаңа қосылған «Әдебиет» порталының негізгі көздегені – классикалық және қазіргі заман  қазақ әдеби, ғылыми әдебиеттерінің ең мықты үлгілеріне еркін қатынауды қамтамасыз ету және  қазақ әдебиетін көпшілікке тарату. 

Осы мақсатта www.adebiportal.kz ұжымы екі жыл ішінде көптеген шаралар атқарды. Олардың қатарында жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттаудағы жұмысы көпшілік оқырман қауымының ықыласына бөленді. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды кітаптарының қоры жинақталды. Оқырман қауым мен әдебиетшілер мұндағы кітаптарды онлайын түрде оқып, өз ойлары мен пікірлерін, рецензияларын қалдыра алады. 

Бүгінде бұл әдеби портал өз оқырмандарын тауып, үлкен әдеби алаңға айналды, әдебиет сүйер қауымның көзайымы болып, көпшіліктің көңілінен шықты. Айта кетейік, осы күнге дейін «Әдебиет порталына» төрт тілде 3 336 электронды кітап жүктеліп, 3 180 автордың жеке парақшасы ашылған, 200-ге тарта кітаптардың қысқаша мазмұны, 600-ден астам әдебиет тақырыбындағы аудио-видео орналастырылған және 1 495 блогер порталға өз шығармаларын өздері қойып, оқырманмен кеңінен бөлісуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, портал әдебиет әлемінде күнделікті болып жатқан жаңалықтарды үздіксіз жариялап, ақын-жазушылармен тұрақты сұхбат жүргізіп, олардың сиясы кеппеген шығармаларын дер кезінде оқырманға ұсынып отыр. Порталға аптасына 50-60 мың, айына 150-200 мың оқырман кіреді.

«Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді.

Осы орайда e-history.kz интернет жобасы «Әдебиет порталының» ұжымы мен оқырмандарын осы атаулы күндерімен шын жүректен құттықтап, зор шығармашылық табыстар тілейді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?