Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихтың көркем бейнесі суретшілер шығармашылығында

3530
Тарихтың көркем бейнесі суретшілер шығармашылығында  - e-history.kz
Көрмеде түрлі көркемдік және қолданбалы техникада орындалған тоқсаннан астам автордың 100-ден аса туындысы қойылды

«Қазақ мемлекеттігі Керей мен Жәнібек алғаш хандық құрған 1465 жылдан бастау алады. Біз – ата-бабалырымыз іргесін қалаған ұлы істің жалғастырушыларымыз». Н.Ә. Назарбаев. 

ҚР Президентінің жарлығымен 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу жылы болып жарияланды. Биыл – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі үшін айрықша жыл – музейдің құрылғанына 80 жыл толды. Осыған байланысты Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Суретшілер одағы бірігіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кескіндеме, мүсін және қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде түрлі көркемдік және қолданбалы техникада орындалған тоқсаннан астам автордың 100-ден аса туындысы қойылды. Көрмеге Қазақстанның облыстары мен өңірлерінде тұратын (Алматы, Тараз, Қызылорда, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорган, Павлодар және Астана), ҚР Суретшілер одағына мүше отандық авторлардың туындылары қатысты. 

f567eb96f00fdfa5d480210773d15e9a.jpg

Қазақ хандығының құрылу мерейтойын мерекелеу, тереңірек айтқанда, қазақстандық мемлекеттік пен патриоттықтың нығаюына алып келеді, сондай-ақ осы көрменің өзі Қазақстан тарихын зерттеуге және шығармашылықтарында өз білім-танымдарын іске асыру ісіне қатыстыруға суретшілердің терең құштарлығын арттырады. Қазақ хандығы пайда болған уақыт туралы және оны жүзеге асырған өте маңызды фактілерді бекіту туралы мәселе ғалымдар арасында қызу тартысқа айналса, шығармашылық интеллигенция арасында түрлі көркемдік тілде жылнама мен жылнамашылар туралы, ұлы бабаларымыз мен олардың ұрпақтары жайлы, ұлттық мәдениет пен оның дәстүрлік ерекшеліктері жайлы, өзін-өзі идентификациялау мен аймақтық ерекшеліктер туралы көрермендермен сұхбат жүргізіледі. 

Көрменің кескіндеме бөлімі бәрінен де ауқымдырақ. Ол Т. Әбуов, Ғ. Баянов, С. Әлжанов, А. Осипов, Ш. Гулиев сынды заманымыздың алдыңғы қатарлы қылқалам шеберлері мен басқа да көптеген талантты суретшілердің туындыларымен толыққан. Мұнда өмірді көркемдік қырынан көру қазіргі қазақ мемлекеттігінің іргесін қалаушы бабаларымыз, тарихи тұлғалар – Керей мен Жәнібектен бастап еліміздің бүгінгі күнгі басты символикаларының бірі Астана қаласының бейнесіне дейінгі алты жүз жылдық шежіре ұсынылады. Қазақ халқының ұлы перзенттері – аттары аңызға айналған батырлары, даңқты хандары мен қазіргі замандастарымыз – көрнекті мәдениет қайраткерлерінің образы кескіндемешілердің кенептерінде ең көп орын алған тақырып болған. С. Әлжановтың «Мәңгілік елі» мен Е. Жалиевтің «Аңырақай шайқасы» атты көлемді жұмыстары көрменің кескіндеме бөлімінің ажарын ашады. 

Көрме қазіргі Қазақстан графиктерінің шығармашылықтарын да көрсетеді. Қ. Зәкіровтің акварельдікдік шығармалары мен К. Үмбетовтің түпнұсқа және баспа графикасын тамашалауға болады. 

Қазақ хандығының тарихы тақырыбын ұстанып, қоладан құйылып, тастан қашалып, ағаштан ойылып жасалған қондырғылы мүсіндерді де осы кездестіресіз. Қазақ тарихының кезеңдері А. Есенбаевтың «Тас сардарында», К. Қиқымовтың «Қазақ батырларына арнауында». Т. Бегімбетовтің «Бақсысы» мен өзге де шеберлердің мүсіндік композицияларында көрініс тапқан. 

b904f7bfde2f83e0358a5ca2b6cefcf9.jpg

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме бейнелеу өнеріндегі қазіргі тенденцияларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Г. Шағатаеваның қағаз пластика деп аталатын авторлық техникада жасалған «Жібек жолы» инсталляциясы осы бағытта орындалған жалғыз дүние. 

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көптеген туындыларын да көпшілік назарына ұсынады. Ж. Үмбетовтің теріге салған өрнектері, З. Мұхамеджанның ұлттық кестесі, М. Әбілдаевтың мата бетіне қолмен салынған көркем суреттері, киіз бұйымдар, соның ішінде С. Бапанованың авторлық киіз киімдері, А. Бапановтың, К. Жұбаниязованың, К. Оңғарованың, Р. Базарбаеваның гобелендері мен басқа да сәндік техникада орындалған жұмыстары осының айғағы. Қолданбалы өнер шығармашылығы шеберлерінің туындылары символикаға толы – бір стильге түсірілген руникалық жазудан бастап Ұмай, Тәңірі сияқты мифологиялық кейіпкерлердің образына дейін олардың тақырыбына өзек болған. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арнайы ұйымдастырған осы конкурсқа қатысып отырған сәндік-қолданбалы өнер туындылары – осы көрменің маңызды бөлігі. Жеңімпаздардың аты-жөні 2015 жылы 4 желтоқсанда көрменің ашылуында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді. 

Көрмені 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?