Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

2947
Семей полигонының жабылғанына 30 жыл - e-history.kz

Әлемде қырғи-қабақ соғыстар болып, державалар атом қаруын ойлап тауып, жетілдіріп жатқан кезде Кеңес одағы да бәсекелестерінен қалмай, бұл қатерлі доданың басты ойыншысына айналды. Ядролық қаруды дамытып отыру үшін оны ұдайы сынақтардан өткізіп отыру керек. Бұл сынақтардың бағасы да ауыр еді, қоршаған орта және адам қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін ауыр зардаптардарды қызыл үкімет айқын білді. Отаршылдық пиғылдағы Кеңес үкіметі үшін бұл ауыр салдарды қабылдау үшін Қазақстанды таңдады. Сөйтіп шығысымыздан Семей полигоны пайда болды.

Арнайы 18 миллион гектар жер бөліп, 1949 жылы Семей ядролық қару алаңы ашылды. Алғашында адамға да, жануарға да, жалпы тірі тіршілік иесіне орасан зор зиян тигізетін ашық жарыластар жасалды, бомбалардың жарылыстары соғыстан артық болмаса бір мысқал да кем емес еді. Әр сынақтан кейін радиация тарап, одан шамамен 500 мыңдай адам зардап шекті.

1949 жыл мен 1963 жылдың арасында болған ашық сынақтар зардаптарының есебі  көп болды.  Аймақтағы ауру-сырқаттың есебін Кеңес одағы ыдырағанға дейін барынша мұқият жасырып келді. Семейде онкологиялық, жүрек аурулары , жүйке жүйесі мен психикалық аурулардың көбеюі осы жылдарда күрт артты. Көптеген жасықсыз жандар өз отанында жүріп, көптеген отбасылар өз жақындарының қиналысына шыдай алмай қайғы кешті. Семей ядролық жалпы саны 456 сынақ болса,  соның 116-сы ашық әуе кеңістігінде жүзеге асырылды. Қазірде зерттеушілердің пайымдауынша бұл жарылыстар әлемдегі ең қуатты, күші жағынан ауыр жарылыстар болған. Мысалы, атап өтсек әлемдік тарихтағы ең орасан зор апат болып саналатын Хиросимаға 1945 жылы тасталған ядролық атом бомбаларынан Семейде сынақтан өткізген атом бомбасының қуаты 2,5 мың есеге қуатты болған.

1963 жылдан бастап сынақтар жер астында  өткізілсе де оның зардаптары шаш етектен болды.  Мысалы, атап айтсақ, 1989 жылы 12 ақпан күні жоспар бойынша кезекті сынақ өткізіледі.  Бұл сынақ кезінде жерасты үңгірлерінің бірінде қуаты 70 килотоннадан асатын ядролық атом жарылды. Оның салдарынан сол жерде саңылаулар пайда болып, сол саңылаулардан бірнеше тәулік бойы радицалық газдар жер бетіне шығып, тарап үлгерген екен.  Ол газдардан пайда болған радицалық «бұлт» сол аумақты толығымен бүркеп, аймақтағы ахуалды қиындатты. Бұл жағдайдан кейін сан жылғы азаптарға шыдамаған қазақ халқының наразылығы басталды. Елімізде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы қалыптасты. 1989 жылы ақпан айында наразылар өздерінің ең алғашқы қарсылық митингісін ұйымдастырды. Қозғалысты қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөнінде КСРО және АҚШ  президенттеріне үндеу қабылданды. Онда «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу еш мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл ара да мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық»,- деп жазылған еді.

Сөйтіп, сан жылдар бойы азап шеккен халқымыз, ядролық қаруды жойылуын қалап, өз позицияларын айқын білдірді. Бұл наразылықтардан кейін жоғарғы үкімет органдарында, жоғарғы кеңес сессияларында талқылаулар жүргізіліп, Кеңес үкіметі уақытша мораторий жасалынды. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1991 жылы 28 тамыз күні Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.  Халқымыздың басына орасан зор қасірет алып келген Семей полигоны осылайша 1991 жылдың 29 тамызында жабылып, мінекей, сол күндерге де отыз жылдың бедері болыпты...

Асыл Қуанышбекқызы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?