Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ШҚО-ның Шілікті ауылында аспан астындағы мұражай салынады

1751
ШҚО-ның Шілікті ауылында аспан астындағы мұражай салынады - e-history.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында аспан астындағы мұражай салынады, деп хабарлайды Қазақстан тарихы порталы altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Шілікті ауылына алып баратын жол салынуда. Тасбастау ауылынан бастап Зайсанға қарай салынып жатқан тау ішіндегі жолдың ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлының айтуынша, жол құрылысына облыс қазынасынан 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Жолдың 20 шақырымы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталса, 40 шақырым жол келесі жылы тапсырылады.

Сонымен қатар, биыл Шілікті ауылына газ тарту жұмыстары басталады. Ал ең басты жаңалық - археологтар мен ауыл үлкендері талай жылдан бері күткен Шілікті қорымдарының ашық аспан астындағы мұражайы ақыры салынатын болды. Аудан басшылығының мәліметінше, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен алдағы уақытта болатын баспасөз кездесуінде бұл туралы кеңінен талқыланып, тапсырмалар берілетін болады.

Шілікті мен Жалши ауылдарының арасына салынатын мұражай-қорықтың құрылысына облыс қазынасынан 400-450 миллион теңге жұмсалмақ.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?