«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Тоғызқұмақ» ойынының төрт мың жылдық тарихы бар...»

572
 «Тоғызқұмақ» ойынының  төрт мың жылдық тарихы бар...»

Қанат Забайұлы тарихшы, «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабының авторы.

- Қанат аға ана бір жылғы сұхбатыңызда асық ойыны жайлы айтқан едіңіз. Бүгінгі әңгімені «тоғызқұмалақ» ойынынан бастасақ қайтеді?

- Адамзат әлемдегі тың ғылыми жаңалықтар, озық технологияның жетістіктеріне күн сайын куә болып, оның жедел қарқынды дамуымен жарыса ой-санасы жетіліп жатқан мына заманымызда ұрпақтың ой қабілетінің өсуіне мән беріп, оның ақыл парасатын жетелей жетілдіруге назар аудару ауадай қажет екендігі сөзсіз. Балалардың ой-өрісін дамытуға, шынықтыруға, оларды тапқырлыққа, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа баулитын құралдардың қатарына әлемге әйгілі шахмат, дойбы, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ сынды зияткерлік ойындар саналатындығы туралы барша ата-аналар біледі, ғалымдар мұны әлдеқашан дәлелдеп қойған.

 Бүгіндер сол ұлттық өнер, құндылықтарымыздың кейбірі жаңғырып байып, заманауи сыпатпен көркейіп, халқымызды әлемге танытып жатса, енді бірі ұмытылып өшіп кету қаупі төніп тұр. Соның ішінде тек Орта Азия халықтарына, әсіресе бізге ғана тән, бұрыннан ауылда ойналып келген ұлттық спорттық ойындарының бір түрі саналатын небір ойын түрлері бар. Осы ойындардың бірегейі – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ. Ойшылдардың  дені шахматты «ойындар патшасы», 100 шаршылы дойбыны «бас уәлиге» теңеуі тегіннен тегін емес. Ал ата баба мұрасы, қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалаққа деген қызығушылық артып, оның әлемдік деңгейде дамуы, ғаламтор жүйесінің онлайн ойындарының ішінен ойнаушысының көптігі жағынан барлық ойындарды артқа тастап нағыз ақыл ой дамытуға әсері бар зияткерлік ойын екендігі дәлелденгендігін ауыз толтыра айта аламыз. «Тоғызқұмалақ» күллі Қазақстанда барша халықтық сыпат алып, Қырғыз, Қытай, Ресей және Еуропа елдерінде өзіне тән ерекшелігі – нағыз математикалық ойын ретінде танылып келеді. Тоғызқұмалақ ойыны – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын спорттың қазақтың ұлттық ойындары бес жоғары дәрежелі зияткерлік түрі бола алғаны қазақ халқының даналығының бір дәлелі. Бұл ойынының мәні – адамға үйлесімді, тіл табысып шыдайтын тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға баулитыны сияқты көптеген артықшылығында тұр.

WhatsApp Image 2021-06-02 at 12.19.09.jpeg

- Осы орайда «Тоғызқұмалақ» ойынының тарихына тоқтала кетсеңіз?

- Тоғызқұмақтың шамамамен 4 мың жылдық тарихы бар. Тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де осы ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.  Қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі.  Қазақ халқының ұлы тұлғалары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сынды ағартушылар тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды өте сүйіп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүретін болған мәліметтер бар. Қазіргі таңда қазақтың төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны деректерге сенсек, 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен шетелдерде тек қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде қазақтың ұлттық ойындары 8 жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Ең алғаш Ресей ғалымдарының бірі  этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы мақала жариялайды. 1936 жылы Орта Азияда алғаш рет «Тоғызқұмалақ» кітабы жазылып, тоғызқұмалақтан ең алғаш 1948 жылы Алматы қаласында республикалық чемпионат өткен және оған 4 адам қатысқаны туралы дерек бар. Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға алғаш 1949 жылы өткен Қазақстан Республикасының ІІ чемпионатында әріптік белгілеу нотациясы қолданылса, 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді.

1974 жылы Қазақстанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылып, 1980 жылы федерацияның арнайы тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары енгізілген. Ал 1991 жылы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына жаңа толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

1979 жылы Ә.Ақшораевтың «Тұғызқұмалақ» кітабы жарық көріп тоғызқұмалақтың қыры мен сырын ашып, ойынның қағидасын, ережелерін, Қазақтың ұлттық ойындары 9 теориясын толық қамтыған алғашқы «ұстаз» ретінде танылды. Бұл ойынның жалпыхалықтық болып етек алып өркен жаюына осы тұлға орасан үлес қосты десек ешкімнің таласы тумас деп ойлаймын. Бұл кітап тоғызқұмалақ туралы алуан алуан еңбектердің «атасы» іспетті. Тоғызқұмалақ даму тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін әлемдік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді.  2008 жылы Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Президенті - А.Байменов болып тағайындалды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды. Сол жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының - www.9kumalak.com ресми сайты жұмыс жасай бастады. Қазақтың ұлттық ойындары  2009 жылдың 15 қыркүйегінен канадалық Арти Сандлер, германиялық  Ральф Геринг және қазақстандық Серік Ақтаевтің бастауымен әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалды. Сонымен бірге интернетте қазақ, чех, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде сайттар ашылып, тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламасы жасалды. 2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан І Әлем Чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа-Барбуда – 2 адам, Әзірбайжан – 1, Германия – 1, АҚШ – 1, Испания – 1, Қазақстан – 6, Қырғызстан – 6, Қытай – 2, Өзбекстан – 4, Грузия – 1, Монғолия – 6, Түркия – 2, Түркменстан – 2, Ресей (Алтай, Башқұртстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) – 6, Чехия – 1, Швейцария – 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысса, 2012 жылдың 13-20 шілде аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан ІІ Әлем Чемпионаты өтті.

ІІ Әлем Чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Қазақтың ұлттық ойындары 11 Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысады.  Ал,  2017 жылы Астанада өткен 4 әлем біріншілігіне 4 құрлықтың 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмылықшылар қатысқан. Бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты, тоғызқұмалақ ойыны әлемде қалай дамып, етек алып бара жатқандығын осы мысалдардан-ақ көріп, көз жеткізуге болады. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің сөзсіз, қуатты құралы бола алады.

- Бұл ойынның жалпы ойнау ережесі мен құрылымы қандай?

- Бұл ойынның тақтасының екі жағында тоғыз - тоғыздан отау (шұңқыр) және бір-бір қазан болады. Ойын басталарда әр шұңқырда 9-дан, барлығы 162 құмалақ болады. Құмалақ орнына диаметрі 12 мм шамасында шарик пайдаланып жүр. Қазан деп аталатын шұңқырға ұтқан құмалақтар салынады. Тоғызқұмалақ тақтасының қағазға түсірілген сұлбасын диаграмма деп атайды. Отауларды қазақтың ұлттық ойындары 12 ауызша берілген атауларымен атаса, сызбада  цифрмен белгілейді. Тақтадағы отаулар солдан оңға қарай 1 - отау Арт, 2 - Тектұрмас, 3 – Ат өтпес, 4 – Атсыратар, 5 – Бел,

6 – Белбасар, 7 – Қандықақпан, 8 – Көкмойын, 9 – Маңдай деп аталады. Үйренушілерге түсінікті болу үшін отаулардың ретін анық көрсетіп тұратын сызбаны пайдаланған тиімді. Үстіңгі қазан мен таблицаның (кесте) үстіңгі қатарында қостаушының, яғни қара жағы, ал астыңғылар бастаушының (ақ жағының) құмалақтарының санын көрсетеді. Ал енді тоғызқұмалақты ойнау тәртібіне келсек әрине, тоғызқұмалақты екі адам ойнайды. Әр ойыншының отауында 9 х 9 = 81 құмалақ жатады.  Қазан қарсы жақта тұрады. Жүріс жасау үшін бастаушы ойыншы өзінің кез келген отауынан бір құмалақты орнына қалдырады да өзгесін қолына алып оң жағындағы келесі отаудан бастап солдан оңға қарай әр отауға бір бірден, өз жағына да, қарсыласының отауына да қолындағы құмалақтары таусылғанша таратып шығады. Құмалақтарды тарату ойыншының өз отауларынан кейін қарсыластың отауына жалғасады. Егер жүріс табысты болса, қарсылас та сол жүрістің табысты екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана ойыншы құмалақтарды өз қазанына сала алады.  Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауына түсіп, оны жұп болғыза алса сол отаудағы барлық құмалақты ұтады да оны өз қазанына салып алады. Осылайша қазанына 82 құмалақ жинап жеңіске жетеді. Кезек келесі ойыншыныкі және ойын дәл осылай жалғаса береді.

Отаудағы құмалақ саны 2,4,6,8  сияқты 2 ге бөлінетін «жұп» болса оны «жабық» деп,  ал 1,3,5,7 .. сияқты «тақ» болса оны «ашық» деп атайды. Ойыншылар бір бірінен «жабық па, ашық па?» деп анықтап тұруға болады, бірақ сайыс ережесінде сұрау ерсі деп есептелінеді. Ал соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп, оны тақ жасаса немесе қайтадан өзінің отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріс жәй немесе кезекті жүріс деп есептелінеді. Онда отауда жатқан құмалақтар ұтып алынбайды.

Жұп құмалақты отауды қазақтың ұлттық ойындары 15 «жабық отау», ал құмалағы тақ санды отауды «ашық отау» деп атайды.  Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құмалақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады. Жүріс кезегінде құмалақтарды қолына алған ойыншы сол отаудан жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды тек қаламсаптың көмегімен түзейді. Қолмен түзеген ойыншыға төрешілер тарапынан ескерту беріледі. Отауда жатқан құмалақтарды ретке келтіру үшін қарсыласына «түзеймін» деп ескерту қажет. Ойыншы отауда жатқан құмалақтарды өзінің жүріс жасайтын уақыты келгенде ғана қозғайды. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын біраз өрбігеннен соң бір отаудың құмалағы саны жағынан молая бастаған жағдайда ол отауды «бай» деп атайды да «бай»-дағы көп құмалақты шашуға тура келсе, тіпті құмалақтар айналып өз отауыңа түсе бастаса да абыржымай, ары қарай ойнай беруге де болады.

 Бұл ойында негізгі үш ерекшелік болады: Біріншіден, ойын барысында жүріс жасалатын отауда жалғыз ғана құмалақ жатса, ол құмалақ қолға алынып, келесі жағындағы отауға салынады. Екіншіден, қарсы жақтың отауынан «тұздық» алу. Егер ойнаушының соңғы құмалағы қарсыласының 2 құмалақ жатқан отауына барып түсіп тоқтап, оның санын 3 болғыза алса, ол үш құмалақты қазанға салып алып, отауды ойын аяқталғанға дейін өз меншікті, иелігі ретінде пайдаланады. Бұл отаудан «тұздық алынды» делініп ол отауға «тұздық» белгісі қойылады. «Тұздық» белгісі ретінде бөтен түсті маржан қойылады. «Тұздық» алынған отау тұздық алған ойыншының меншігі болып есептелінеді. «Тұздықтың» мәні мынада. Ойын барысында құмалақтар шашылған сайын тұздыққа түскен әр құмалақ тұздық иесінің қазанына аударылып салынады. Тұздық кез келген отаудан алына бермейді. Қарсыластардың екеуіне де 9- отаудан тұздық алуға рұқсат етілмейді. Тұздықты екі жақ аттас отаудан алмайды. Яғни алғаш алынған тұздықтың нөмірлес отауынан келесі ойыншы тұздық алуға болмайды. Ойнаушыда тұздық алатын мүмкіндік бола тұра тұздық алмайтын басқа жүріс жүруге болады. Оған ешқандай қыспақ жоқ.

- Манағы сөз басында айтқан  тоғыз отау ұғымдарына  жекелей тоқталып өтсеңіз?

- Ойынның басы қай отаудан басталуына қарай «Қандықақпан ойыны», «Көкмойын ойыны» деген сияқты атаулармен атайды. Тәжірибелерге қарағанда ойынды оң жақ отаулардан бастаған тиімдірек деп есептейді. Ойынның басталуы «Су басынан тұнады» демекші тоғызқұмалақтың ойын нәтижесі де ойынның басталуынан бастау алары анық. Тоғызқұмылақтың теоритигі, оның дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым Ә.Ақшораевтің ойынды қалай бастау хақында айтқан мына сөзін еш ұмытуға болмайды. 

«...Ойыншының алдында ойынды қалай бастау керек деген сұрақ туатыны заңды. Бұл сұрақтың жауабы да өз қолыңда. Егер шабуылдауды ұнататын болсаң, шабуыл жасайтын ойын басын (дебют) таңдап алуыңа болады.  Тіпті бірнеше құмалақтарды «құрбан» етіп, тудыратын ойын басын таңда, ал ойынды «бейбіт» бастап, бірте-бірте өрістетуді қазақтың ұлттық ойындары 33 қаласаң, ол да өз қолыңда. Сонымен ойынды бастаудағы әр түрлі варианттардың бірін ғана таңдап алу, өзіңнің отауларыңдағы құмалақтарыңды тез және тиімді түрде өрістете білу үшін, олардың арасындағы байланысын жақсарту арқылы қарсыласыңның дәл осындай мақсатына кедергі жасау үшін, яғни ойынды өрістетуде табысқа бастайтын позиция құрып ала білу аса маңызды»  дейді.

Ойын аяқталуға жақындағанда ойнаушылардың біреуінің отауларында құмалақтар саны азайып, жүрістерінің тарылу кезеңі туады. Біраз жүрістен соң оның құмалағы таусылып, жүретін жүріс жоқ болып қалуды «атсырау» деп атайды. Осы кезде ойын тоқтатылып, отаулардағы құмалақтар атсырамаған ойыншының қазанына түседі. Сөйтіп қазандағы құмалақтар саналады, жеңіс 82 не одан көп құмалақ жиған ойнаушыға беріледі.

Ойын кезінде есте болатын жайлар үйренушілер де, сайысқа түсушілер де ескеретін ұстанымдар бар. Олар: ойынды аспай-саспай, байсалды ойнауға дағдылану. Ойыншылар ойын басталысымен артық сөздерді қойып, жүрістерді ішінен есептеп отыру. Жүрістерді есептегенде отаулар, құмалақтарды шұқып қол тигізуге рұқсат етілмейді. Егер құмалақтарды реттеп қойғысы келсе қарсыласынан реттеуге рұқсат алады, ал қолға құмалақ алынатын болса ол отаудан міндетті түрде жүрілуге тиіс. Мұқият есептемей жүріс жүріп ап қайталасамын деп айтуға рұқсат жоқ.  Егер ойын басталып кетіп, бірнеше жүрістен соң құмалақтардың кейбір отауларға артық, не кем салынып кеткені белгілі болса сол жүрістер қайталанып есептеліп барып түзетіледі. Ойынды жалпы жазып отыру дұрыс. Жазып ойнау – ойындарды еске сақтауға, шатасып, қате жүріп алса оны түзетуге, кейіннен оқып талдауға  көп мүмкіндік береді. Отаулардың реті мен ондағы құмалақтардың сандары айқын тұратындықтан әр отаудағы құмалақтың ең соңғысы дәл қайда барып түсетіндігін есептей алған ойыншы дұрыс қорғаныс жасай алады және тиімді шабуыл мүмкіндігін болжай алады. Қарсыласының да, өзінің де отауларына сәт сайын жіті есеп жасап отырған ойыншы ғана жеңіске жете алады.

- Кәнігі тоғызқұмалақшылар ойын барысында есептеудің қарпайым түрлері көп екендігін айтады. Осыған бірер мысал келтіре кетесіз бе?

- Ойын барысында құмалақтардың жүріс мүмкіндігін есептеудің бірнеше жолы бар. Солардың ең оңай, қарапайым ғана жолын айтайын. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін білетін ең оңай жол – ілгері және кері есептеу жолы болып саналады.

10, 19, 28, 37 сандарын жаттап алып, есептеу барсында пайдаланып отыру керек. Ең әуелі осы сандардың мәнін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып түсініп алайық. Егер өз отауыңда 10 құмалақ жатса оны шашқанда соңғы құмалақ қарсыластың аттас отауына барып түседі. Керісінше қарсыластың 10 құмалағы өз аттас отауыңа түседі дегенді естен еш шығармаған жөн. Ал өз отауыңда 28 құмалақ жатса оны шашқанда соңғы құмалақ бүтін айналып қарсыласының аттас отауына барып түседі. Қарсыластың 28 құмалағының соңғысы да бүтін айналып қайта келіп сенің аттас отауыңа түседі. Мұны анықтап байқап, қайта-қайта қадағалап дағдыланып, жаттап алу керек. Егер өз отауыңда 19 құмалақ жатса оны шашқанда соңғы құмалақ айналып өз орнына келіп түседі. Керісінше қарсыластың 19 құмалағы қарсыластың өзінің жүріс бастаған дәл сол отауыңа түседі. Ал өз отауыңда 37 құмалақ жатса оны шашқанда соңғы құмалақ екі айналып қайтадан өз орнына келеді, қарсыластың 37 құмалағының соңғысы екі айналып барып алғаш жүрген орнына түседі.

- Қалайша кері, не ілгері есептеуге болады?

- Aлдымен қостаушы (үстіңгі) жағын есептесек, 8-отаудағы 34 құмалақ егер 34 емес 37 болған болса жоғарыда айтылған бойынша екі бүтін айналып, қайта өз орнына келуге тиіс еді. 34 деген сан 37 ге үшеу жетпей тұрғандықтан кері есептелінеді де 5-отауға барып тоқтайды.

7  отаудағы 7 құмалақ егер 7 емес 10 болған болса қарсыласының 7  отауына келуге тиіс. 7 деген сан 10 ға үшеу жетпей тұрғандықтан кері есептелінеді де 4 отауға барып тоқтайды. 5 отаудағы 19 өз орнына, 2 -дегі 10 құмалақ қарсыласының 2  отауына келсе, 4  тегі 18 кері есептеу бойынша жанындағы 3  ке келеді. Бастаушы (астыңғы) жағындағы 4  отаудағы 21 құмалақ егер 21 емес 19 болған болса бүтін айналып, қайта өз орнына келуге тиіс болады.

 21 деген сан 19 дан  2  сан артық тұрғандықтан ілгері есептелінеді де, 6 - отауға келіп тоқтайды. 5  тегі 12 қарсыластың 7 - отауына барса, 8 - дегі 29 алдыңғы айтылған 28 - ден біреумен артық болғандықтан тағы да ілгері есеп бойынша қараның 9 -отауына барып тоқтайды. Ойнаушылар осы әдісті көбірек қолданады. Құмалақтың қай отауға барып түсетінін білетін екінші жол – цифрларды қосып есептеу жолы: Мысал ала отырып есептейік, отау реті мен құмалақ санының цифрларының қосындысына, яғни 3-отаудағы 17 құмалақтың цифр қосындысы: 3 + 1 + 7 = 11 санына бағынады.

 Егер қосынды 10 немесе 10 ға жетпейтін болса қосындыдан 1-ді шегереміз,  Ал қосынды 10 нан артық болса 10-ды шегереміз, шыққан жауап соңғы құмалақ барып түсетін отау реті болады. Демек 11-10=1 айналып өзінің

1-отауына түседі.  Құмалақтың қай отауға барып түсетінін есептейтін үшінші жол – отау реті мен сондағы құмалақтар санын қосып есептеу жолы.

Отау реті мен ондағы құмалақтың санын қосады. Егер қосынды 10 немесе 10 ға жетпейтін болса қосындыдан 1-ді шегереміз,  қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10-ды,  қосынды 20 немесе 20 – дан артық болса 19-ды, қосынды 29 – дан 37 аралығында болса 28-ді,  38 немесе одан көп болса қосындыдан 37-ні шегереміз. Ендігі есептеулер ойын барысында жасалар, тәптіштеп жатудың қажеті жоқ, алғашқы мағлұматтар тұжырымды, қысқаша берілгендіктен қайта қайта зейін қоя отырып ұғыну, жетілу - үйренушінің құзырында. Ойын кезеңдері Ойыншы ойынның басынан бастап-ақ алдына мақсат, міндеттер қойып, ойынды қай жүрістен бастау, оны қалай өрбіту, ойынға құмалақтарды қалай қатыстыру керектігін білуі шарт. Ұтымды ойын ойнау үшін ойынның үш кезеңінің ерекшеліктерімен танысқан дұрыс. Қайсыбір ойынның басын дебют деп атайды. Ойнаушы ойынды тиімді түрде өрістете білу үшін; отаулардың ара байланысы мен икемді қозғалысын қанымдау үшін; қарсыласының мақсатын білу үшін ойынды шабуыл түрінде, немесе қорғаныс жасай ойнау, әлде бейбіт бастау сияқты әдіс айлаларды қолданады. Осы орайда қарапайым есеп айтайын, тоғызқұмалақтың әр отауынан басталған жүріске 9 түрлі жауап, 9 отауға жауап беру үшін 81 нұсқа есептелінеді, оның әрқайсысына тоғыздан жауап ойлансаң 81 х 9 х 9 ... дегендей сан миллиондаған нұсқа табуға болады. Міне, нәтижеге жету үшін, тоғызқұмалақтың тұңғиығына бойлау үшін қажымас ізденіс, ерінбес еңбек, зор талпыныс қажет.

- «Қандықақпан» мен «Тектұрмас» ұғымдары не болды сонда?

- Ең көп ойналатын 7 - отаудан басталатын ойынын «Қандықақпан» ойыны деп атайды. Ойынның басталуын зерттеген еңбектер көп, солардың қолға түскендерінің ішінен М.Шотаев, С.Ақназаровтардың «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабында ойынның негізгі екі бағыты: позициялық ойындар және комбинациялық ойындарын ашалап сараптап жазған нұсқалар басымырық таныстырылған. Комбинация дегеннен шығады ғой, мұнда ойындардың өзі екіге бөлінеді. Бірінші, тұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай 82 құмалақ ұту тәсілі. «Тектұрмас», «Атөтпес» бастауларындағы түрлі ойындар болса, екінші,  күшті отаудан «тұздық»-ты құрбандыққа шалып, «Арт» немесе «Тектұрмас» отауларының бірінен «тұздық» алып, құмалақ жинау әдісі. Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырату жағдайынан бөлек қарастыру қиын және негізгі екі сипаты бар. Мұның бәрін  Ә.Ақшораевтың «Тоғызқұмалақ даналығы» кітабынан оқуға болады.  Алғашқы жүрісті қай отаудын жүрген жөн, ойын шеберлері көбінесе қайдан бастап жүр, ең тиімдісі, ең көп ойналатын ойын қайсысы болатындығы жайында отау сайын тоқтала қарастырып көрейік. Бірінші отауды АРТ деп атайтынын басында көргенбіз. Бұл отаудағы құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады. Дәл осы отаудан басталған ойын саусақпен санарлықтай аз кездеседі. Яғни 9 бірдей құмалақ шашып-ап не қарсыласына ықпал ете алмаса, не бір де бір ұтыс жоқ болса текке жүріс болатындығы белгілі.  Осы отау атына сай тектұрмас бастауы деп аталған. Дебютті «басталу», «бастама» деп атағаннан гөрі «бастау» деген жөн деген пікірдемін  Мұндағы құмалақтардың қандай да іс қимылға бейім, ыңғайлы болғандықтан да, әрі бұл отаудан алынған тұздық өте қуатты, қаһарлы бола алмаса да текке тұрмайды ғой, сондықтан да осылай аталуы бек мүмкін. Ойындарға шолу жасап көргенде соңғы кездері ойнап жүрген ойындырлың 5-6 пайызын «тектұрмас» иеленген есеп шығады.  Ал енді «Атөтпес» атауына келейік.  Қарсыласының аты түспей кетпейді, бұл отаудағы тұздықтың да өз алатын орны бар, сондықтан 3-отау «Атөтпес» аталған. «Атөтпес» бастауының нұсқалары да тым сирек. Алдымен «Атөтпестің» негізгі шартымен әбден танысып талдау жасап алу керек.

Мәселен, «Белбасар» нашар бастау болғандықтан бастаушы ұтылып қалған жоқ, «белбасар»-дан бастаған бастаушы жеңілгендігінен де емес, бастаушы ойын барысында тактикалық қате жібергендігінде жатыр.

Ал «Қандықақпан» бастауы құтқармас қылығы бар, сәт сайын «аң» алатын қыран іспетті, кәдімгі аңшылардың атайтын қанды қақпаны, әскери тиімді тактика, жеңіске жеткізеді. «Қандықақпан» отауынан басталатын ойын екі жақ үшін де күшті және күтпеген тамаша, айлалы жүріс мүмкіндіктерге толы шинеліскен ойын шығатындықтан қызығушылық, сұраныс мол болғандықтан дейді кәнігі зерттеушілер.

-Қанат аға тұщымды әңгімеңізге көп-көп рахмет!