Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еуразия Одағы: келелігі, маңызы (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия Одағы туралы бастамасы)

1087
Еуразия Одағы: келелігі, маңызы (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия Одағы туралы бастамасы)  - e-history.kz
ТМД-ға мүше мемлекеттердің уақыт талабына сай экономикалық бірлестігін қамтамасыз ететін жаңа экономикалық одақ құру мәселесі ашық тұрғыда айқындала түсті

ХХ ғасырдың соңындағы Кеңес Одағының тарауы оның құрамында болып келген кеңестік одақтас республикалардың, халықтардың алдына күрделі мәселелерді қойғандығы белгілі. Аталған республикалар бірінен соң бірі өздерінің егемендіктерін жариялады. Алайда ұзақ уақыт бойы казармалық социализм талаптарына сай дүниежүзілік саяси, экономикалық даудың озық жолынан ажырап қалған бұл республикалардың әлемдік саяси қауымдастық пен нарыққа жекелей енуі мүмкін болмаған еді. Міне сондықтан да «Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болып келген 11 одақтас республикалардың негізінде 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы Алматыда дүниеге келген ТМД-ның саяси жүйесі, экономикасы бастапқы уақыттан-ақ өтпелі кезең талаптарына сәйкес келмеуі, осы тұрғыдағы ортақ тәжірибенің болмауынан аса ауыр кезеңді бастарынан кеше бастады. Аталған республикалардың Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі уақыттағы ұлтаралық қатынас, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдағы терең дағдарысқа енуі бірлескен басқару, атқару жүйелерінің нәтижелі жұмыс істеулеріне мүмкіндік бермеді. ТМД елдерінің көрсетілген саладағы барлық өзара байланыстары талап дәрежесіне көтеріле алмады. Қабылданған бірлескен шешімдер орындалмады, қаулылар іске асырылмады. ТМД елде¬рінің экономикасы, тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары жылдам қарқынмен нашарлай түсті. Міне осындай өтпелі кезеңдегі ауыр жағдайда ТМД-ға мүше мемлекеттердің уақыт талабына сай экономикалық бірлестігін қамтамасыз ететін жаңа экономикалық одақ құру мәселесі ашық тұрғыда айқындала түсті. 

Орын алған қарама-қайшылықтардан жекелеп шығу мақсатында Бұрынғы Кеңес Одағы аймағындағы тәуелсіздігін алған мемлекеттер енді Батыс, Шығыстың дамыған мемлекеттерімен жеке қатынастар орнатуға ұмтылды. Осы тұрғыда Н.Ә.Назарбаев: «…Әлем әр алуанданған сайын бір орталыққа бағынбай, көп орталықтар пайда бола бастады. Көп орталықты дүние орнады. Бұл құбылыстарға түсу Қазақстанның сыртқы саясатын жаңа қағидаларға негіздей құру міндетін туғызып отыр. Ең алдымен кешегі кеңестік кеңістікті "югославияландыруға" дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жаңа мемлекеттерді экономикалық тұрғыдан күйретуге жол бермеуге күш салуға тура келді. Бұл мәселені шешу үшін мен тек ТМД басшылығымен ғана емес, алыс шетелдер жетекшілерімен әр сипатты қатынастар орнатуға ұмтылдым. Тоқсаныншы жылдардың басында бұқаралық ақпарат құралдары шетелдермен белсенді жұмыс жасағаным үшін мені біраз сынап та көрді. "Қырғи қабақ соғыс" аяқталып, екі дүние тай-таласы тоқталар тұстағы аса қиын кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай жұмыс жүргізбей болмайтын еді. Мұндай аса зор құбылыстардың шын ауқымы мен шын салдарларын бәлкім, әзір анық саралап шыға алмаспыз. Алайда, дүниенің атымен өзгеріп кеткені рас. Халықаралық қатынастың түбірімен өзгеше жүйесі қалыптасып келеді. Ол жаңа мүмкіндіктермен қоса жаңа қауіп те туғызды. Қазақстан Ауғаныстан, Тәжікстан, Кавказ сынды аса қауіпті аймақтардың қоршауында орналасқан. Бізге ТМД елдерінің басқа аймақтары да өз әсерін тигізуі ықтимал. Оның бәрі біздің реформамызға айта қаларлықтай қиындықтар келтіретіндігі белгілі»[1.67–68] 

Яғни, күн өткен сайын әлсірей түскен халық тұрмысы, олардың жаңа егемен мемлекеттердің жүргізіп отырған экономикалық саясаттарына қанағаттанбауларына ұласа бастады. Жекелеген кеңестік биліктен кейінгі республикалардағы осы мерзімдегі орын алған, ақыры ауыр зардаптарға, қарама-қайшылықтар негізіндегі құлдыруға бөлшектенуге, кең көлемдегі азамат соғыстарына апарулары мүмкін жаппай дағдарыстың тереңдей түсуі де барша ТМД елдерін алаңдатты. Жағдайдың алдын алмағанда мұндай құбылыс арты бұл өңірдің әлемдік қуатты капиталистік мемлекеттердің шикізат өндіруге негізделген тәуелді аймақтарына өтуі қаупін тудырар еді. 

Осыған бірлесе қарсылық көрсету, дүниежүзілік нарық талаптарына сай экономиканы жолға қою, келісілген өндірісті жүргізу, тауар алмасу, тағы да басқа саяси, шаруашылықтық, әлеуметтік, қорғаныстық мәселелерді бірлесе шешу болашақ тығыз одақтың міндетіне айналуы тиіс болды. 

ТМД елдері шеңберінде қалыптасқан осындай күрделі жағдайға орай «1994 жылдың басында әлемдік қауымдастыққа үндеу арнай отыра Қазақстан Президенті: «ТМД-бұл мемлекет емес, ұлттық құрылым да емес, қалыптасқан жағдайдағы аймақтық өзара байланыс тетігі» деп көрсетті. Осындай аймақтық тетік аса қажет, сондықтан ТМД-ға белгілі дәрежеде үміт артылды. Алайда, іс жүзінде олар толығымен жүзеге асырылмады. Аймақтық мемлекеттер аралық өзара қатынас шын мәнінде бір орында тұрып қалды. Осындай жағдайда Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың наурызында Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Еуразиялық бастама алғаш рет тезистік негізде 1994 жылдың 22 наурызында Ұлыбританияға сапар кезінде айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті Корольдық … халықаралық институтында сөз сөйлеп, кеңестік жүйеден кейінгі даму екі бағытта айқындалады: бірінші бағытта ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы, келесіде-ынтымақтасудың қажеттілігі. Сондықтан да аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтаматыз ету мақсатында нақты іс жүзінде жұмыс істейтін «мемлекеттердің одағын» құру қажет болды. Лондонда алғаш рет алғаш рет осындай мемлекетаралық бірлестіктің «Еуро-Азиялық Одағы " деген анықтамалығы ұсынылды және осылай деп аталды. 

Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында Ресей Федерациясына ресми сапар-деңгейінде М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс оқылып, онда Қазақстан Президенті «қазіргі тәуелсіздік жағдайында барлығының құқықтарының теңдігін тани, және әр мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздіктерін силай отыра, мүлдем жаңа бірлестікті құруға болар еді» деп көрсетті. … Сонымен бірге «ешқандай да ескі Одақ" қалпына келтірілмейді. Ешқандай да империя пайда болмайтындығы» ескертілді. [2.15–16] 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осы ұсынысы туралы ресейлік мұрағат құжаттарында «Биылғы жылдың 27–30 наурызында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары болды. Келісімдердің қорытындысында 23 келісім жасалды. Президенттер арасында әскери саладағы ынтымақтастық, туралы келісімге қол қойылды, „Байқоңыр“ космодромындағы нысандарды пайдалану және жалға алудың шарттары на арналған келісім, экономикалық ынтымақтастықты одан ары тереңдету туралы келісім, Ресей мен Қазақстан азаматтарының азаматтығы және құқықтық статустарына байланысты негізгі талаптарды шешуге арналған меморандумға қол қойды… 

Ресей Федерациясы Президентімен, сонымен бірге ММУ-де сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті ТМД-ның орнына бұрынғы кеңестік республикаларды біріктіретін „Еуразиялық Одақ" (ЕАО) құру туралы ұсыныс жасады. 

Н.Ә.Назарбаев қызмет істеп тұрған ТМД-ны нақты Достастық деп атау қиын, оның жекелеген мүшелері бір-бірімен ашық соғыс жағдайында, келесілері өзара жасырын экономикалық соғыс жүргізіп келеді. Көптеген негізгі шешімдер ТМД-ның мемлекет және үкімет басшылары тарапынан орындалмайды. 

ТМД елдері басшыларының қолында бүгінгі күні Достастық шеңберіндегі бірлескен әрекет жасаудың тетігі жоқ. Ортақ мәселелерді шешудегі ортақ қадамдарды негіздеудің қажеттігі туып келеді“[3]-деген тұжырым жасағандығы баяндалған. 

Жаңа Одақтың атқарар міндеттерін саралай келе: „Қазақстан басшысы бұл одаққа бірігетін елдер кедендік шекараларды алыптастауы, шекараларды ашуы және әр республика өздерінде тұратын этникалық топтардың тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуына барлық қажетті жағдайлар жасап, осы одақ аясында азаматтардың еркін жүріп тұруын қамтамсыз етуге тиістігін-де атап көрсетті. [4]. "Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру" жобасы 1994 жылдың 3 маусымында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жетекшілеріне жіберілді, 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік басылымдарда жарияланды. 

Қазақстан Республикасының Президенті „жаңа ытнымақтастық бірлестікке“: ЕАО- әрбір мемлекет-қатысушының ұлттық-мемлекеттік мүдделерін және-де бірлескен интеграциялық қуаттарын іске асыруға арналған одақ. ЕАО егемен мемлекеттердің ынтымақтастығының түрі“ деген анықтама берді»[2.17]. 

1994 жылдың 14 қазанындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресейдің елшісі В. И. Долговтың жазуынша, онымен өткізген өткізген кездесуінде:«Н.Назарбаев өзінің Еуразия Одағын (ЕАО) құру туралы белгілі бастамасын көтерді. Президенттің сөзі бойынша ол Ресейдің қолдауын есепке алады және-де «ТМД елдерінің бір бөлегінің Одаққа бірден кірмейтіндігінен ешқандай қорқыныш жоқ, алайда экономикалық ынтымақтастықсыз ұзаққа кете алмайды"деп көрсетті ол. Президент өзінің ЕАО құру туралы бастамасынан қайтпайтындығын, себебі оның іске асуының қажеттігіне сенетіндігі туралы мәлімдеме жасады. 

Президент Н. А. Назарбаев ТМД-ның Мәскеу саммиті қорытындыларына өзінің үлкен қанағаттанушылығын білдірді, мемлекеттер аралық экономикалық комитетті (МЭК) құру туралы шешім Ынтымақтастықтағы интеграциялық құбылыстарды дамытудағы алғашқы нақты қадам екендігін атап көрсетті. Оның өзінің Еуразиялық Одақ құру жолындағы бастамасымен үндес екендігін көрсетті.«[4] Cебебі «Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы үстірт көзқарастар немесе жүйесіз ұғымдар емес еді. Ол еуразиялық одақ идеясын негіздеуде Л. Н. Гумилев, К.Леонтьев, Д.Данилевский сияқты көрнекті ойшылдардың және басқа көптеген ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алды. Олардың өміршең идеяларын жаңа жағдайларға сай дамытып, байытып іс жүзіне асыра білді. 

Сонымен қатар ТМД елдерінің ондаған жылдарды қамтитын ортақ тарихы, өзара экономикалық тартымдылық, мәдениеттердің тығыз өзара байланысы мен адамдардың жақындасуға ұмтылысы сияқты факторларды ескерді. 

Сол жылы маусым айында „Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы“ жоба ТМД елдері баспасөзінде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердің ұлттық мемлекеттік мүдделерінжүзеге асыруға бағытталды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін посткеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік экономиалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету болды. Жаңа одақты ұйымдастыру жолында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері де қарастырылды. 

Қазақстан Президентінің еуразияшылдық түсінігі, идеясы ескі дәстүрлерге бұрылу емес, болашаққа ұмтылған көзқарас болды»[5]. Алайда бұл ұсыныс ТМД елдерінің барлығында бірден қолдау таба қоймады. Әсіресе Ресей Федерациясы тарапынан оның іске асуына асықпау туралы ойлар айтыла бастады Мысалы Ресей Президентінің Б.Ельциннің Н.Ә.Назарбаевқа жазған хатында:«Сіздің Еуразия Одағын құру мәселесіне арналған ұсыныстарыңызбен қызығушылықпен танысып шықтым. 

Мемлекеттердің егемендігін сақтай отыра және толық еріктілік негізінде бірігуге бару қажеттігіне келісемін. Бұл уақыттың өзінің талабы. Интеграция терең жүргілуі тұрғысындағы бағыт алуы және барлыққ салаларды: экономиканы, саясатты, ғылымды, әскери істі, экологияны, әлеуметтік салаларды қамтуы керек. Мүмкін ұлттардан жоғары тұратын басқару жүйесін де енгізу де қажет болар. Осы бағытта ең маңыздысы: қалыптасқан қиындықтар мен мәселелерге қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы барлығымызға жаман емес қызметтер атқарды. Жаңаны құруға әрекет жасай отыра қол жеткізгендерді жоққа шығаруға болмайды деп есептеймін. 

Келесілерді ашық айта аламын: маған басшылары тығыз ынтымақтастыққа дайын емес дейтін және де өзара шиеленістік қатынастағы елдерді ЕАО-нан тысқары ету туралы идея ұнамайды. Мұндай шешім олардың арасындағы қалыптасып отырған жағдайды шеше алар ма екен. Біз сізбен бірге олардан оқшаулана алмаймыз тарихи тағдырларымыздың ортақтығы біздің халықтарды өзара байланыстырған.

 Яғни, Достастық елдері жетекшілерінің алдағы қыркүйектегі кезекті кездесуінде барлығымыз бірлесе отыра интеграциялық істерді алға қарай жылжыту мәселесін аса терең тұрғыда қарастыру керек деп есептеймін»[6] -деген пікірін білдірген. Еуразия Одағының болашағына деген осындай ойлар сол мерзімдегі Ресейдің тағы дасқа мемлекет және қоғам қайраткерлері тарапынан да орын алды. Мысалы 1994 жылғы Ресей қорғаныс министрі П.Грачевтың: «Қазіргі күнгі интеграциялық бірлестік, өзінің мүмкіншілігін толық атқарып болмаған Достастықтың болуын ескере отыра болашақтағы оған балама ТМД елдері м әселелерінің бір бөлегін ғана шешетін Еуразиялық Одақты негіздеу, біздің пікіріміз бойынша әлі ерте сияқты»[7] -деген бір жақты қорытынды дәлел болатын сияқты.

 Осындай жағдайға қарамастан «1994 жылдың қыркүйек айында Алматыда: «Евразия кеңістігі: ықпалдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оған Достастық елдерінің барлығынан мемлекет, қоғам, саяси қайраткерлері, ғалымдар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өздері қабылдаған қорытынды құжатта: «Мемлекеттердің Евразия Одағы» идеясын және басқа ықпалдастық жобаларын пайдалана отырып, ТМД ықпалдастық мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында қадамдар жасауды ұсынды. Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысы ТМД мемлекеттері басшыларының Мәскеудегі кездесуіне «Евразия Одағы болуы керек» деген үндеу жолдады. Онда тәуелсіз мемлекеттердегі алпыстан астам ұжымдық қатысушылар атынан Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттігі айтылды: «Бүгін ТМД-ның бұл қалпында өмір сүре алмайтындығы анықталып отыр. Ынтымақтастықтың жаңа түрлері, экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық, экологиялық жаңа шарттар жасасуы қажет. Олардың қызметін жүргізетін бірлескен ұйымдар құру керек. Ол ғасырлар бойы қоян-қолтық өмір сүріп, бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқан халықтарға қажет». Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысының бастамасымен ұйымдасқан «Жаңа келісімге» атты форум Евразия Одағын құруды толығымен қолдады. 1994 жылғы 18 маусымда өткен «Евразия қауымдастығы: әр алуандықтан туындайтын тұтастық" атты конференцияға бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 30 партия мен 60 қоғамдық қозғалыстың өкілдері қатысты. Олар халықтарға, парламентшілерге, мемлекет басшыларына үндеу қабылдап: «Біз Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев жасақтаған Евразия Одағы жобасын қолдаймыз және мемлекет басшыларын оған өз халықтары мүддесі тұрғысынан қарауға шақырамыз», - деп мәлімдеді. 

Бұл Еуразия Одағын қалыптастыру бастамасына үн қосқан пікірлердің бір парасы ғана. Сол кезде «Мемлекеттердің Евразия Одағын қалыптастыру туралы» жобасы үстінде қызу жұмыс жүріп жатты. Ол 1994 жылдың маусымында жарияланды. Құжат барлық ТМД мемлекеттеріне, ТМД Атқару Секретариатына, басқа да ұйымдарға жіберілді. БҰҰ-да таратылды. … Шолушылардың көбі оны «ең тосын», «ең күшті әсер туғызған жоба» деп бағалады. Идея құнарлы топыраққа түсіп, әр қилы ортада күшті қолдау тапты деп атауға әбден болады. 

Артынан алғашқы лебіздер әбден талданып, Ев¬разия Одағын (ЕАО) қалыптастыру жобасының тыңғылықты нұсқасы жасалып, ол Достық елдері басшыларына жіберіліп, БҰҰ-да таратылды. ТМД мемлекеттері басшыларының 1994 жылғы қарашадағы Мәскеу ұшырасуының күн тәртібіне кіргізілді.

Қарасаев Ғ.М.т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?