Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жұлдызды гид» – ТМД елдері арасындағы тұңғыш жоба

1947
«Жұлдызды гид» – ТМД елдері арасындағы тұңғыш жоба  - e-history.kz
Елімізде тұңғыш рет «Жұлдызды гид» шарасы өтті. Бастаманы Елорда төріндегі Ұлттық музей ұжымы өткізіп отыр. Жоба Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған.

Кеше Ұлттық музейде Тұңғыш Президент күніне орай «Жұлдызды гид» жобасы жүзеге асырылды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара ғасырлардан жеткен ұлттық құндылықтарымызбен сирек кездесетін тарихи мұраларымызды насихаттап, көпшілікке жақынырақ таныстыруды көздеді. 

81dc8302313561e8fe193ff6ca2d426d.jpg

Жобаға белгілі эстрада әншілері мен, ақындар, өнер қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында Маржан Арапбаева, Қалқаман Сарин, Досымжан Таңатаров, Қарақат Әбілдина, Клара Төленбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Құрмаш Махановтар болды. Олардың басты ерекшелігі – бір күндік жұмыс кестелерін музей қызметкерлерінің орнына айырбастап, музей ішінде әрбір залға экскурсия жүргізу болды. Жобаға қатысушылар өздеріне тиесілі залда қонақтарды күтіп алып, халқымыздың төл тарихы, мәдениеті және бағалы жәдігерлері туралы мағлұмат берді. 

52f2a85666739afb5a6b0161af066cb4.jpg

Салтанатты шараның ашылу салтанатында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай: Бұл шара – еліміз тарихындағы үлкен жобалардың бірі. Әсіресе есте қалатындай маңызды шара болмақ деді. «Шын мәнінде бүгін есте қалатындай шара болып отыр. Өйткені алдарыңызда тұрған өнер адамдары, сахна төрінің жұлдыздары Ұлттық музейге келіп, сіздерге қызмет етуге келіп тұр. Бұл – музей тарихындағы үлкен жоба. Музей ішіндегі тарихи мұраларымызды, құнды жәдігерлерімізді сіздерге өнер жұлдыздары таныстырса үлкен құрмет деп білеміз. Жобаның «Жұлдызды гид» деген атауының өзі жарасымды сияқты. Өнер жұлдыздары қоғамда, шығармашылықта орны бар адамдар. Менің ойымша, бұл жоба өзгелерге үлгі боларлық дүние. Қазақстан музейлерін былай қойғанда, ТМД мемлекеттерінің музейлері арасында осындай жоба жүзеге асырылғанын естіген жоқпын. Бұл жоба өнерлері өрге жүзіп келе жатқан азаматтарға Елбасының тапсырмасымен ашылған Ұлттық музейді елге танытуға мүмкіндік береді және Ұлттық музейдің қазақтың қара шаңырағына айналып келе жатқанын көрсетеді», – деді.  

dbc698ea31c0695a3795a1a12b893446.jpg

«Бүгін сіздермен бірге музейге саяхат жасайтын боламыз. Ұлттық музейде осыншама көрерменді көргеніме қуаныштымын. Қош келдіңіздер! Мақсатымыз біреу – қазынаға толы мұрамызды, телегей теңіз тарихымызды насихаттау. Қызықтың бәрі алда, бізбен бірге болыңыздар», – деді әнші Қарақат Әбілдина. 

41fce5c44822ae6fc5ef221a12e113cb.jpg

Салтанатты шара соңы жұлдыздардың гала-концертіне ұласып, бір күн бойы музей қызметкерлері болған әншілер сахна төрінде тамылжыта ән салып, ақындар өлең оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

f7262430a25f4627061b0d9460a4bf03.jpg

Құрмаш Маханов, әнші, жобаға қатысушы: Музейдің гиді болу үшін қызметкерге тарихи мағлұматы жоғары болу керек, зерек болу керек. Оңай кәсіп емес екен, соған көзім жетті. Біз, өкінішке қарай, СССР тарихын оқыдық. Көне тарихты оқыдық. Қазақ тарихына қатты үңілген жоқпыз. Осы жобаға қатысып жатқаныма мен өте қуаныштымын. Өзім үшін де құнды тарихи мәліметтерге ие болып жатырмын.

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?