Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Джон Ордвей: «Н. Назарбаевтың тарихи шешімдерінің бірі – ядролық қарудан бас тартуы»

2049
Джон Ордвей:  «Н. Назарбаевтың тарихи шешімдерінің бірі – ядролық қарудан бас тартуы» - e-history.kz
Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей барша қазақстандықтарды елдің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей барша қазақстандықтарды елдің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. 

«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқы – сонау хандар мен билер кезінен бері тамырын тереңге тартқан мемлекет. Егемен Қазақстанда дана саясатты жүзеге асырғандардың жарқын үлгісі Президент Н. Назарбаевтың мемлекет басшылығымен жалғасын тапты. Елбасының ұстанған саясаты бірінші Джордж Буш пен Барак Обама арасындағы президенттер тарапынан жоғары бағаға ие болды», – дейді Д.Ордвей. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының уақытша сенімді өкілінің айтуынша, Қазақстанның кешегі күндерінде айтарлықтай маңызды шешімдер қабылданып, бүгінгі Қазақстанның стратегиялық рөліне үлкен әсер етті. «Біріншіден, Қазақстан экономикалық реформалар дәуірінен ойдағыдай өтіп, қазіргі таңда соның нәтижесі ретінде ел өңірдегі басты экономикаға айналып отыр. Екіншіден, тәуелсіздік жылдары Қазақстан білім беру мен Қазақстанның жас ұрпағын, ағартуда мақтаулы бастамаларды қолға алды. Бұл шаралар қазірде өз жемісін беріп жатыр», – дейді елші.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей Н. Назарбаевтың тарихи шешімдерінің бірі ретінде ядролық қарудан бас тартуын баса айтты. «Осы қадам арқылы Президент пен жалпы Қазақстан ядролық қарусыздану саласында көшбасшы мемлекетке айналды. Көптеген жылдар бойы Назарбаев бірқатар әлемдік бастамалар көтеріп, Қазақстан халықаралық ұйымдар мен процестердің тұрақты қатысушысына айналды. Алысқа бармай-ақ, ЕЫҚҰ төрағалығы мен Иран мәселесі бойынша келіссөздерге жетекшілігін алып қарауға болады. Осы арқылы Қазақстан әлем елдерімен достық қатынас құра білді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен, АҚШ арасында үлкен ынтымақтастықты нығайта түсті», — дейді елші.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?