Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шетелдік ғалымдар Шыңғыс ханның қазақ екенін мойындайды

1973
Шетелдік ғалымдар Шыңғыс ханның қазақ екенін мойындайды - e-history.kz
Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан – түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ

Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады. Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? Кейбір ресейлік шыншыл тарихшылардың көмегімен осы ақиқатты жариялайтын кез келген сияқты. 

ec416e34593d097b9bbcccbc9608e102.jpg

Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын тарихшы Владимир Белинский көптеген нақты фактілермен дәлелдейді. «Наймандар, керейлер, қияттар мен меркіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы¬тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қазақша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұйғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әкесі (қазақша Теміршін болып айтылады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс ханның әйелі Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс ханның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» деген мағынаны білдіреді. 

Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер болған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің басшыларын «қонтайшы» деп атаған. Шыңғыс ханды әдеттегі қазақтың құрылтайында хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. 

Тәңірге табынатын тек қазақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жерлеген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған» дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

88a7cd8ce0ba80c254b9384c3ccbba51.jpg

Бұл деректердің көбін Исай Калашниковтың «Жестокий век» кітабынан да, басқа да тарихи шығармалардан кездестіруге болады. Оны өзіміздің тарихшыларымыз да аңғарған болуы керек. Бірақ осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моңғол жасау кімге керек болды екен? Бұл сұраққа да Белинский жауап дайындап қойыпты. 

Оның пікірінше, орыс тарихының бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры – кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қазақтардың бір кезде сол орыстарды бағындырғанын мойындағылары келмегендігінде. Сондықтан әлемді жаулаушылардың бүкіл даңқын алыстағы моңғолдарға таңып берген. «Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қазақстан Ресей мен Қытайға әлі жалтақтағаны болмаса, тарихта жазылған мифтерге сенгісі жоқ» деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский.

Aikyn.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?