Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЮНЕСКО мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы

5046
ЮНЕСКО мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы - e-history.kz

ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының негізгі бағыттары Қазақстанның халықаралық ұйыммен еліміздің әлемдік қауымдастықта интеграциялануының маңызды кезеңінің бірі ретінде бағаланады. Бүгінгі күнде ең маңызды дүниенің бірі мемлекеттердің өзара бейбіт қарым-қатынаста болуы емес пе?

ЮНЕСКО-ның айналысатын негізгі мәселесі де осы білім мен ғылым және мәдениет саласы. Ұйымның өзі ең алғашқы қызметін 1946 жылдың төртінші  қарашасында бастаған болатын.

Ең алғашында бұл ұйымның мақсаты әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға үлес қосу, білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша халықаралық қауіпті сейілту, адам құқықтары нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамай халықаралық заңдарды сақтау мен әділ болуды көздеу-тұғын. Ең басты шарты тек адамзаттық даму мен бейбітшілікті ғана көздейді десек те болады.

ЮНЕСКО өзінің бас конференциясы ұйымның бюджетін, бағдарламасын, саясатын талқылау үшін жылына екі рет бас қосады. Бас конференция сайлаған орындаушы кеңесте жылына екі рет бас қосып, қабылданған бағдарламаның орындалуына жауапты болады. Жетекшіні алты жылға және одан кейін де тағы бір сайлауға өз құқығы бар. Ұйымды бас директор басқарады. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Шарт бойынша құралған ұлттық комиссия ЮНЕСКО қызметінен білім, ғылым, мәдениет саласындағы мемлекет мекемелерін өзара  байланыстыру.

Құрамына кіретін мемлекет бес аймаққа бөлінеді (Африка, Латын Америкасы, Азия-Тынық мұхиты елдері, Араб елдері, Еуропа және Солтүстік Америка), сондай-ақ 50 аймақтық бюро өз қызметін жасайды. Осылардың дені Париждегі штаб пәтерге өз өкілдіктерін ашқан.

ЮНЕСКО өз мақсат міндеттеріне жету үшін әр мемлекетке өздерінің  білім саласын дамытуға мүмкіндік береді: әр қайсысы өз ресурстарын пайдалануға, сондай-ақ ғылыми-техникалық базаға көмек көрсету; ұлттық мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны сақтауды дамытуға және осы арқылы әр түрлі мәдениетті модернизациялауға максималды түрде пайда келтіреді.

ЮНЕСКО-ның басты қызметтерінің бірі сауатсыздықты жойып, жалпыға бірдей ортақ  білімді қамтамасыз ету, сонымен қатар білім саласындағы мұғалімдер және әкімшілік саласындағы мамандарды дайындау, мектеп құрылысымен оны құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып саналады.

Жаратылыстану ғылымы бойынша «адам және биосфера»; үкімет аралық мұхитограялық комиссия; халықаралық гидрология және халықаралық геологиялық қатынастар бағдарламаларын жүзеге асыру салалары да ЮНЕСКО құзіретіне жатады.

ЮНЕСКО сонымен қатар табиғатты қорғау саласында да үлкен қызмет атқарады. 1972 жылғы әлемдік мәдени және табиғи мұраны сақтау конвенциясы бойынша аталған конвенция мәдени және табиғи қорықтар құқығымен де айналысады.

Білім және маман дайындау бағдарламасы бойынша ЮНЕСКО ғылыми-техникалық мамандардың үлкен бөлігін дайындайды. Тоқсан пайызға жуық кәсіби түрде дайындалған мамандар өндірістік дамыған елдерде жұмыс істейді.

ЮНЕСКО әлеуметтік ғылым саласында соғыс себептері, нәсілшілдік, әлеуметтік-экономикалық фактор, адам және қоршаған орта арасындағы байланыстың дамуы туралы зерттеулер де жүргізеді.

ЮНЕСКО-ның мәдениет саласындағы қызметінен шығармашылық, мәдениетті зерттеу мен дамытуы, әлемдік мұра – кітапты қорғау, мәдени шығармашылық пен ескерткіштер сонымен қатар, мәдени және дәстүрлерді қоғауға көп мән береді.

Коммуникация саласы бойынша ЮНЕСКО дамушы елдердің инфроқұрылымдарын қалыптастыру үшін де ғылыми зерттеулер жүргізеді. Жаңа экономикалық тәртіп құру үшін халықаралық қызметтесудегі ақпарат құралдарының құрылымын зерттеу, аймақтық агенттерімен қызметтесу және тың жаңалықтардың легін көбейту. Тағы басқа  да осындай бағдарламамалар бойынша да қызмет жасайды.

Өкінішке орай Қазақстан секілді дамушы мемлекеттердің дені ЮНЕСКО іспетті халықаралық ұйымдардың көмегіне аса мұқтажы десек те болады. Бұлардың бақылауынсыз біздің ел дұрыс өмір сүре алмайды десек те болады.   Айталық аз жылдың ішінде Қазақстан жастарға жоғары білім беру жағынан тым әлсіреп кеткен. Мамандардың пікірінше еліміз ешқашан білім саласындағы позициясынан мұндай жедел жағдайда еш айрылған емес дейді.

Біздің елде әлі де болса ғылыми институттары мен лабораториялар аянышты жағдайда деуге болады. Бұған енді жаппай жастардың шетелге кетуін қосыңыз.  Мұны бір деп қоялық.  Енді мына мәселелер жайында тоқталайық. 1992 жылдан бері Қазақстанда ЮНЕСКО ауқымында өткізілген іс-шаралардан тыс қалған емес. ЮНЕСКО қолдауымен елімізде түрлі деңгейдегі семинарлар мен конференциялар өтті. Осы басқосулардың бәрі жоғарыдағы әлуметтік, мәдени және білім беру салаларындағы көкейтесті мәселелердің шешімін іздестіру мақсатында болды.  Республикамызда ЮНЕСКО бағдарламасын іске асыруға арналған – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жұмыс істейді. Бұл комиссия 1993  құрылғын болатын.  Ол кездегі төрағасы И.Тасмағанбетов ЮНЕСКО-ның 27-сессиясына тұңғыш рет қатысқан Қазақстан делегациясы негізінде ғылым, білім, мәдениет және байланыс салалары бойынша өз жұмыс  бағдарламаларын ұсынған болатын.

1995 жылы қаңтар айында Алматыда ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызтан, Өзбекістан, Тәжікістан, Түркіменстандағы жұмысын үйлестіруші өкілдік өз қызметін бастады. Осы жылы ЮНЕСКО-ның бұрынғы директоры Федерико Майордың Қазақстанға ресми сапар барысында Алматыда аймақтық бюро ашу туралы келісімге қол қойды.

Осының негізінде алғаш ұйымдастырылған мәдени шара А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы 1995 жылы  ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткізілді. Мерейтой  Қырғызтанда, Ресейде, Украйнада, Түркияда, Қытайда, Францияда өтті. Сол сияқты Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық тойы да ЮНЕСКО аясында аталды. 1997 жылы М.Әуезовтың 100 жылдығына  орай Францияда А.Мұсахожаева бастағын қазақ әншілері үлкен концерт беріп қайтты. Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000, 

М.Дулатидің 500, Қаныш Сәтбаевтің 100 жылдығы, Сәбит Мұқанов пен

Ғабит Мүсіреповтың жүз жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200,

А. Машанидің 100, Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның араласуымен өтуі тәуелсіз қазақ елінің бір белесі деуге болады. Мысалы ежелгі Отырар қаласын қалпына келтіру мен сақтау жұмыстарының жобасына Жапония мемлекеті тарапынан 867 мың АҚШ доллары бөлінді.

 ЮНЕСКО Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешуге де өзіндік атсалысып келеді. Арал, Семей, Каспий аймақтарының мәселесін шешуге зор қолғабыс етті. Осының негізінде  ЮНЕСКО-ның ақпарат және информатика бөлімі «ТЕІІ VIVО» жобасын жүзеге асырды. Қазақстанның, АҚШ-тың, Португалияның медицина мамандары мен қазақстандық КАТЕЛКО компаниясы қатысқан бұл жобаның мақсаты – Арал ауданының компютерлік диагностиканың тасмалды аппаратымен  толыққанды жабдықтау болатын.

ЮНЕСКО-ның 2001 жылдан бергі тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Невада-Семей қозағалысының төрағасы Олжас Сүлейменов кезекті бір сұхбатында «Маған бұл жұмыс тіптен ұнайды. Өйткені бұл білім мен мәдениет саласына жақын, сырт қараған да бұл жұмыс оңай болғанымен қағазы көп үкіметтік қызметтердің бірі деп айтуға болады. Менің бір орындалған арманым Колизей мен атцтек пирамидаларының қатарына Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қостық. Енді мұраның сақталу мен қорғалуын әлемдік ұйым қадағалап отыратын болады. Ұйым Қазақстанға көп мән береді. ТМД елдерінің қатарында 2002 жылға дейін тек екі мемлекет ғана өз өкілдерін ашты. Ол Қазақстан мен Ресей ғана. Біздің алдағы мақсатымыз әлемдік мұра тізіміне Отырар қалашығы мен Арпа өзен петроглифін енгізу, болса табиғи мұра қатарына Солтүстік Тянь-Шань, Қорғалжын және Наурызым қорықтарын, сондай-ақ ұлттық парк Алтын  Емел,  Ұлытау мәдени ландшафтарын енгізу. Біз осы ұйымға кіру арқылы басқа мәдениетпен қарым-қатынас жасай отырып өзіміздің мәдениетіміздің адамзат өркениетінің бір бөлігі екендігін өзгелерге сезіндіру» деген болатын. Олжас ағамыз айтқандай-ақ Қазақстанның ЮНЕСКО-мен өзара қызметтесуі соңғы 30 жылда тарихи және мәдени мұраны сақтауды белсенді қолға алынды. Бұл Қазақстанның мәдени және табиғи мұралары әлемдік тізімге енгізу мәселесі еді. 1994 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, зайырлы мемлекет ретінде ЮНЕСКО-ның 17 бас конференциясында қабылданды (Бұл 1972 жылы 16 қараша Париж), мәдени және табиғи мұраны қорғау және сақтау туралы конвенциялар негізінде жүзеге асты).

1998 жылы ғылыми-зерттеу және материалдық ескерткіш мәдени институтының жобасы бойынша ұлттық мұра 10 ескерткіштің құжатын сол кездегі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы ұлттық орталығына жіберілді.

Табиғи және мәдени мұра сақтауға және қорғауға ұсынылған ескерткіштер мыналар еді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектура кешені және Ясы-Түркістан қалашығы, Алматы облысындағы археологиялық, петрографиялық кешен Тамғалы, Жамбыл облысындағы Мерке түрік  ғибадатханасы, Қарағанды облысындағы Биғазы-Дәндібай мәдениеттері, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарындағы тас молиндық тастан қаланған қорған, Алматы облысындағы Есік-Өлмес петроглифі, Оңтүстік Қазақстандағы Арпа-Ұзын петроглифі, Оңтүстік Қзақстандағы Полеолиттік және геоморфологиялық Қаратау кешені, Оңтүстік Қазақстандағы Оазис ескерткіші, Қарағанды облысындағы тарихи мәдени Ұлытау ландшафтары толықтай енді.

1999 жылы осы 10 ескерткіш әлемдік мұра орталығы алдыңғы тізім қатарына қосылды, соның ішінде   Қожа Ахмет Яссауи архитектура кешені және Ясы-Түркістан қалашығы мен Тамғалы петрогдифі Қазақстанның мәдени мұрасы әлемдік тізімге ілінуге лайық деп танылды.

Қазақстанның Мәдениет министрінің тапсырмасымен әлемдік мұра комитетінің құрылымдық-нормативтік құжаттары бойынша, ғылыми-зерттеу және материалды ескерткіш мәдениетін жобалау институттарының мамандарына белгіленген ереже бойынша 2002 жылы қаңтарында Қожа Ахмет Яссауи мовзалейі және 2003 жылы қаңтарында Тамғалы кешені әлемдік мұра комитеті қарауына беру жүктелді.

2002-2003жылдары әлемдік мұра комитетінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы кешенінің бағалылығы мен құндылығы, мазмұны мен қорғалуы халықаралық стандартқа сәйкес келуі жан-жақты тексеру үшін Иран мен Португалиядан халықаралық эксперттер келді.

Әлемдік мұра комитетінің Парижде 2003 жылы 30 маусым мен 5 шілде аралығында болған 27 сессиясында бір ауыздан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізді.

Тамғалы кесенесін әлемдік мұра тізіміне, әлемдік мұра комитетінің 28-ші сессиясында (ҚХР Сужу 2004 жылы 28 маусым-7 шілде) комитет шешімі бойынша әлемдік мәдени және табиғи мұра тізіміне алынды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?