Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қырғыз (Қазақ) өлкесінің қоныс аудару басқармасының қызметі туралы

2615
Қырғыз (Қазақ) өлкесінің қоныс аудару басқармасының қызметі туралы - e-history.kz

1908 жылы Қырғыз (Қазақ) өлкесінің қоныс аудару басқармасы "Отарлаудың қырғыз шаруашылығына әсері» атты 16 беттен тұратын кітапша шығарды. Бұл кітапша 1898 және 1905 жылдары Торғай облысы Қостанай уезінің Арақарағай болысында жүргізілген екі дәйекті зерттеу негізінде дайындалды. 

Қарастырылып отырған кезеңде қырғыз шаруашылығының егістік алқаптарының орташа жыртылу алаңы 2,5 есеге, шөп тұтыну екі есеге артқаны, қырғыз отарындағы жылқылар мен қойлардың ірі қара малға орын бергені, тіпті қырғыздардың ет тұтынуы 20% артқаны анықталған. Құжатта "Аракарағай болысының қырғыз шаруашылығы дамып, нығайып келеді" деп айтылған және сол жерде қорытындылай келе, оны бүкіл қазақ даласына тарата отырып, былай: "осымен қырғыз шаруашылығы егіншілікте күйрейді деген және орыс элементін енгізу үйреншікті малшыны өз табындарын қысқартуға мәжбүрлейді, немесе өзінің малын сақтау және өзінің жалғыз байлығын сақтау үшін оңтүстікке қарай көшеді деген барлық қорқыныштар жоққа шығарылады. Шындық тағы бір нәрсені көрсетті: экономиканың архаикалық формасы жаңа, қарқынды формамен алмасып, жер байлығы толығымен пайдаланылуда" делінген.

Осы құжаттың ізін ала бере 1908 жылғы желтоқсанда "Степная жизнь" газетінде жасалған тұжырымдар - тек фактілерді айла – шарғы жасау және бұрмалау екенін дәлелдеуге тырысқан материал жарияланды. Онда халық саны бойынша зерттелінген Арақарағай болысы Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы 12 аудан халқының бір пайызынан азын құрайтындығы айтылады. Оның үлесіне тиетін 700-800 мың десятина ауданы бойынша осы уездердің бүкіл аумағының 0,5% - ын құрайды. Географиялық тұрғыдан ол оңтүстіктен солтүстікке қарай 1000 шақырым және шығыстан батысқа қарай 1000 шақырымнан аса жерге созылған үлкен аумақтың солтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Топырағы жағынан бұл болыс Қостанай уезінде ғана емес, жалпы барлық 12 уезде де бірінші орындардың бірін иеленді. Бір сөзбен айтқанда, бұл болысты Қырғыз (Қазақ) өлкесіне тән деп санауға болмайды. Шаруашылығы жағынан да ол типтік емес еді. Жалпы Қостанай уезінің және оның ішінде Аракарағай болысының тұрғындары жартылай отырықшы болған, олар өз қыстауларынан ондаған және жүздеген шақырым жердегі алыс жайлауларға көшуін баяғыда тоқтатқан еді. Сонау 1898 жылы-ақ ол ауылшаруашылығымен қарқынды айналысты және жыртылатын шаруашылықтардың пайыздық құрамы бойынша да, бір егістікке келетін орташа тұқым себу бойынша да Қостанай уезі 12 уездің ішінде Ақтөбе уезін ғана алға оздырып, екінші орында болды.

Автор аймақта көшпелі мал шаруашылығын жою бұрыннан басталғанын жазады.

«Если одной из причин этого можно признать близость оседлого русского населения Оренбургской губернии, от которого киргизы заимствовали способы обработки почвы и другое, то утверждать, как это делает переселенческое управление, по отношению к Аракарагайской волости, что переселение именно является прямой причиной развития земледелия среди киргиз, более чем рискованно» 

Қоныс аудару басқармасы Қостанай уезіне көршілес, Ақтөбе уезінде 1899 жылы егін егу кезінде 7 десятинаға жуық жер жыртатын шаруашылықтардың 94% - ы болғанын, ал бұл ретте онда қоныс аударушылардың ауылдары болмағанын білмеуі мүмкін емес. 200 түтіні бар уездегі егіншіліктің бұлай дамуы немен түсіндіріледі? Ал, екінші жағынан, 1901 жылы аумағында 35 ауыл шашырап орналасқан Омбы уезіндегі қазақтарда «100 шаруашылықтың 3,2-сі егін егетінін» қоныстандыру әкімшілігі қалай түсіндіреді? Өйткені, қоныс аудару басқармасының қисыны бойынша керісінше болу керек еді - Омбы уезінде егін шаруашылығы өркендеп, Ақтөбе уезінде көшпелі мал шаруашылығы басым болуы керек. Автор қоныс аудару басқармасы мұның бәрін білмеуі мүмкін емес, бірақ ол Қырғыз (Қазақ) өлкесіндегі қызметін ақтауы керек еді дейді:

«…Оно «забронировав себя статистическими выкладками», поучает сторонников пастушеского быта, готовых умиляться при виде беспризорно (?!) бродящих стад, что они могут оплакивать те времена, когда весь труд хозяина заключался в доении кобылиц, резании баранов и варке мяса, не нельзя серьезно отстаивать неприкосновенность, втуне лежащих земель и сохранение простора: земля слишком дорога, слишком велика в ней нужда, чтобы можно было расточать земельные богатства»

Бірақ қоныс аудару әкімшілігінікі дұрыс, қоныстану үшін қазақ жерлерінің бір бөлігі алынғаннан кейін, қазақ шаруашылығы жақсарды, олардың әл-ауқаты көтерілді десек, онда оның қызметкерлері "жұмыс істегеннен" кейін қазақтар тарапынан олардың ең жақсы жерлерді: егістіктерді, шабындықтарды тартып алғаны туралы көптеген шағымдар қайдан пайда болды? Қоныс аудару басқармасының Сырдария қазақтары мен сарттарының суармалы егістік жерлерін қоныстанушылар үшін сатып алуға (мәжбүрлеп иеліктен шығаруға?!) деген шұғыл ұмтылысын қалай түсіндіруге болады?

Сонымен қатар, мақала авторы қоныс аудару басқармасымен жеңілдетілген түрде шешіліп жатқан мәселенің өте күрделі және қоныс аудару ісін де, қазақтардың қоныстануын да дұрыс қою үшін өте маңызды екендігімен келіседі. Оның дұрыс шешімі өз әрекеттерін ақтау үшін фактілермен айла-шарғы жасауды емес, іске объективті қарауды қажет етті.. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?