«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Сиыр жылындағы тарихи оқиғалар

4365
Сиыр жылындағы тарихи оқиғалар
Шығыс күнтізбесіне сәйкес алда келе жатқан 2021 жыл – сиыр жылы саналады. Қазақ халқы сиыр жылын молшылық, береке, татулық, тыныштық жылы деп санаған.

Бірақ соған қарамастан, Зеңгі баба жылы халық есінде көбінесе ауыртпалық, дау-жанжал, қиындықтарымен есте қалған.

Алайда қазақ ұғымында жылдың жаманы жоқ.

Тышқан жылы - тыныштық
Сиыр жылы - сыйлық
Барыс жылы - бірлік
Қоян жылы - қамбалы
Ұлу жылы - үлгілі
Жылан жылы - жайлы
Жылқы жылы - жұтсыз
Қой жылы - құтты
Мешін жылы - мерейлі
Тауық жылы - табысты
Ит жылы - игілік
Доңыз жылы - дүниелі -

деп, халқымыз әр жылға лайықты бағасын берген.

«Ырымшыл халқымыз бұл жылы сəтсіздік бола қалса, «биыл ауыр жыл ғой» дей салған. Сиыр жылы туған адамдар халық əдеті мен ырымдары негізінде сиыр бауыздамайды», - дейді зерттеушілер.

Иә, расында да жылдың жаманы жоқ. Сиыр жылында Қасым хан, Есім хан, Қарасай, Олжабай батырлар, Ыбырай Алтынсары секілді ұлы тұлғалар дүниеге келген екен.

Ары қарай даталар сөйлесін:

1433 жылы Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға (1433-1462 жылдары) хан тағына отырды. 

1445 жылы Қасым хан дүниеге келді.


1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалады.

1551 жылы Кашмир тайпалары арасындағы өзара талас-тартыстың бірінде Мұхаммед Хайдарға оқ тиіп, қайтыс болды.

1565 жылы ел есінде «Еңсегей бойлы ер Есім» деген аатумен қалған Есім хан дүниеге келген. Ол Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі – Жәнібек ханның ұрпағы. 

1589 жылы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған қазақ батырларынң бірі Қарасай (1589 - 1671) дүниеге келген. 

1613 ж. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан өзін хан жариялап, Бұхарамен одақ құрды және Түркістан, Сайрам, Әндижан мен Шахрухия қалаларын басып алды.

1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан (1663-1727) келді.

1709 жылы Олжабай батыр туған.

1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болды.

1757 жылы атақты «Қандыжап, Мамырсу бітімі» жасалды.

Сол жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрап келді.

1769 жылы Қабанбай батыр өмірден өтті. 


1781 жылы Абылай хан дүниеден өтті. Тақққа Абылайдың заңды мұрагері Уәли хан отырды.

1805 жылы 1 қыркүйекте Кіші жүз хандығына Айшуақ ханның үлкен ұлы Жантөре сұлтан тағайындалды. Жаңа хан сайланған соң Бөкей сұлтан Хан кеңесі төрағалығы қызметінен босайды.

1817 жылы Бөкей хан қайтыс болды.

1829 жылы Махамбет Өтемісұлы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға қамалды. Ол жерде екі жылдай қамауда болды. 

1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашты.

1841 жылы Ыбырай Алтынсарин дүние есігін ашты.

1841 жылы Кенесары хан сайланды. Оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. 

1853 жылы Қазалы қаласының (Қызылорда облысындағы шағын қала) іргесі қаланды.

1865 жылы Шоқан Уәлихан өмірден өтті.

1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрды.

1865 жылы Вильгельм Радлов Берел ескерткішін зерттеп, «Үлкен Берел қорымын» ашқан болатын.

1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтофен «Жібек жолы» терминін енгізді.

1901 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы басталды. Құрылыс жұмыстары төрт жылға созылды. Оның ұзындығы 1668 шақырымды құрады.

1913 жылы 2 ақпанда Орынборда «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді.


1925 жылы Әміре Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.

1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына ауысып, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді.

1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді.

1937 жылдың қыркүйегінде Әлихан Бөкейхан Мәскеуде сотталып, сол жерде атылған.

1937 жылдың қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген жала жабылып, ату жазасына кесілді.

1949 жылдың 29 тамызында Қазақстанда Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды.

1949 жылы «Абай жолы» роман эпопеясы үшін ол мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

1961 жылы 12 сәуірде Гагарин Юрий Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 

1973 жылы Жезқазған жаңадан құрылған Жезқазған облысының орталығы болды.

1973 жылы қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) қайтыс болды.

1985 жылы Қазақстан Республикасы Озон қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.

«Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.

1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.

25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады. 

1997 жыл

11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.

8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.

20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.

Қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.

Халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.