Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Білімнен де қымбат

1792
Білімнен де қымбат  - e-history.kz
Білімнен де қымбар нәрсе бар: ол – қиял. Суретші Елена Шарапова көрмесінің атауын осылайша тұжырымдап, шығармашылық есеп береді

Ертең Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында сағат 17.00-де суретші Елена Шарапованың «Қиял білімнен де қымбат» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Елена Анатольевна Шарапова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 

№ 25 мектепті күміс медальмен, 1993 жылы Халық шаруашылығы академиясын, одан кейін Британдық жұмыспен қамту орталығында кәсіби курсты аяқтады. Алматы қаласындағы салондарда («Гармония», «Стиль», «Студио А...») визажист, стилист болып қызмет етті. Арнайы баспасөзде боди-арт жұмыстары жарияланды. 2012 жылдан кескіндемеші-суретші ретінде кәсіби жұмысын қолға алып жұмыс істей бастады. 2015 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 3 курсына қондырғылы кескіндеме мамандығы бойынша Қазақстанның белгілі суретшісі, профессор Ж. Қайрамбаевтың шеберханасына оқуға түсті.

7ce4031293d160e01a088795f8b33c74.jpg

Елена жас кезінен жануарларға, табиғат пен қоршаған әлемнің сұлулығына құштар болып өсті. Сәби шағынан басталған сурет салуға деген құмарлығы кәсіпке ауысты. Өз қиялының барлық қырын көрсетіп, рахаттана жұмыс істейтін, сөйтіп суретшінің бар жан дүниесін ашатын жануарлар тақырыбы мен натюрморт оның шығармашылығындағы сүйікті жанрға айналды. Сондықтан да Елена өз көрмесін «Қиял білімнен де қымбат» деп атады.

Автордың барлық дерлік туындысы көрермендерге өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ғажайып сұлулығы жайлы баяндайды. Оның жұмыстарында «Айылқияқ» та бүр жарған, «Жасмин» де гүлдеген, «Бұлт бұтақтарға оралған», «Күннің жарығын білдірмей ұрлап...», оның ар жағында «Жанаттың балалары» «Мүйізтұмсықтармен» жарасымды өмір сүріп жатса, кейде бәрі бірге «Қалың ұйқыға» батады.

f598ec9d3736e668522f01d7b99f6988.jpg

Оның әсіресе «Қар басу» деп аталатын жұмысы қысқы табиғаттың сұлулығын мадақтайды. Мұнда қардан көрпе жамылған шетен мен итмұрынның бұтақтары шілтерлі кілемдей өріле түскен. Картинаның бүкіл колориті суық пен аязға бөккен, сонымен қоса ақ түс табиғатқа жан бітіріп, оның шынайылығын баса көрсетеді. Жем жеуге келіп қонған құстар оның басты кейіпкеріне айналған. Елена оларға керемет қуанып әрі сүйсініп қарайды, әсіресе сайрауық торғайдың сұлу көркі мен тамаша даусына тамсанады. Ұзын алтын құйрықты, алқызыл айдарлы сұлу құсты көріп қалсаңыз, күз бен қыстың қуанышы жақын деп біліңіздер. Қала келе жатқан қысты күтіп отырған кезде бұны да бір маңызды дүние деп ұққан жөн.

Көрмеге автордың майлы бояумен жазылған 30 астам кескіндемелік жұмысы қойылған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?