Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғұбайдолла Шыңғысхан туралы бірер сөз

1852
Ғұбайдолла Шыңғысхан туралы бірер сөз - e-history.kz

Үлкен Кремль сарайының Георгий залында болған кез-келген адам үлкен мәрмәр тақталарға алтынмен жазылған есімдердің кімге тиесілі екенін біледі. Бұл - 1769 жылдан бастап 1885 жылға дейінгі кезеңдегі соғыс ардагерлерінің есімдері. Бір қызығы, осы орден иелерінің арасында тағдыр талайымен хан билігінен айырылған, кейіннен Қырымға кетуге мәжбүр болған бір қазақ бар. Qazaqstan Tarihy порталы Бөкей Ордасының негізін қалаушы Жәңгір ханның ұлы Ғұбайдолла Шыңғысхан туралы баяндайды.

Осыдан екі жүз жылға жуық уақыт бұрын, 1826 жылы Бөкей ордасының жас билеушісі Жәңгір хан, айналасында тез қарқынмен поселке, ал кейінірек Хан Ордасы деп аталатын қала бой көтерген, хан үйін салуды бұйырған. Сол жылы қалада мешіт, мектеп, пошта мекемесі, аурухана және шағын жәрмеңке пайда болды. Кезінде Бөкей хандығының саяси-экономикалық және мәдени өмірінің орталығы болған осы қаланың орнында қазір аттас ауыл орналасқан, ол 2006 жылға дейін Орда деп аталып келген. Оның аумағы қазір Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарайды.

1840 жылы 6 мамырда Жәңгір ханның үшінші және ең сүйікті әйелі Фатима ұлы Ғұбайдолланы дүниеге әкеледі. Бұл жоғары дәрежелі жұптың төртінші ұлы болды. Айта кетерлігі, сол жылы Жәңгір хан үшін тағы бір айтулы оқиға болды. Дәл осы 1840 жылы император Николай I арнайы жарлықпен Бөкей ордасы хан тағының мұрагерін ресми түрде бекітті. Ғұбайдолланың үлкен ағасы Сақыпкерей тақ мұрагері деп танылды.

Егер Жәңгір хан туралы айтатын болсақ, зерттеушілер оны мықты әрі сенімді билеуші болған деп есептейді. Жәңгір ханның арғы атасы - Кіші жүздің бірінші билеушісі Әбілқайыр хан болған, ал одан әрі тереңірек үңілер болсақ, оның шежіресінен Ұлы Шыңғысханның ұрпақтарымен тікелей байланысының дәлелін табуға болады.

«Олардың әкесі білімді адам болған және астаналық өмір салтын ұстанған. Оның талғаммен безендірілген бөлмелеріне қарасаңыз жеткілікті. Орындық, кресло, дивандар мен айналарды ол Санкт-Петербургтен тапсырыспен алдырған. Мұсылман заңымен тыйым салынған суреттер, отбасының және оның портреттері қабырғаларға ілінген. Үстелдерге әшекейлер, ал олардың арасында жер мен аспанның глобустары қойылған...»

А. Терещенко «Дешті Қыпшақ ізі және Ішкі Қырғыз-Қайсақ ордасы»

Сонымен бірге Жәңгір хан өз өкілеттігін кеңейту және Ордадағы басқару жүйесін орталықтандыру арқылы өз билігін күшейтуге мақсатты түрде ұмтылды. Алайда, кейінгі зерттеулер көрсеткендей, хан ұстанған ішкі саясат халықтың наразылығын, соның ішінде Исатай Таймановтың көтерілісін тудырды. Ол бастықтарға сыйлық ретінде жер берген және өзі де бірнеше рет сый алу құрметіне ие болған. Сонымен, бір кездері Жәңгір хан мен оның әкесін адал қызметі үшін патша жүздермен марапаттаған, олар Жәңгір сарайындағы қару-жарақ бөлмесінде сақталған. Айтпақшы, көптеген жылдар өткен соң, осы жинақтағы кейбір экспонаттар Бөкей Ордасынан алыс жерде пайда болады.

Жәңгір хан 1845 жылғы 11 тамызда өмірден өткен. 

«Вменяю себе в обязанность донести Вашему Высокопревосходительству, что хан Внутренней Киргизской орды генерал-майор Жангир Букеев после кратковременной болезни 11 числа августа-месяца в 6 с половиной часов пополудни помер»

From the report of special assignments official under the khan of Inner Kirghiz horde, lieutenant of the Guards E-D. Gusseinov

Жәңгір ханның кенеттен қайтыс болуы Бөкей Ордасындағы жағдайға қатты әсер етті, бірақ бұл жерде салыстырмалы тыныштықты сақтаған күштер табылды. Билік Жәңгір ханның ұлы Сақыпкерейге кәмелет жасына жеткеннен кейін беріледі деп уәде етілді. Бірақ одан әрі өрбіген оқиғалар бұлай болмағанын көрсетеді.

Ғұбайдолланың әкесі Жәңгір ханның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ болып қалып отыр. Ресми түрде ол аяқ астынан ауырып қайтыс болды делінеді. Зерттеушілер Геннадий Мукатаев пен Марина Ирхинаның кітабында архив құжаттары, оның ішінде Даниил Татаринов дегеннің құпия хаты келтіріледі. Біреулер билеушіні улап өлтірді деп орыс дәрігерлерін айыптаса, енді біреулері оның өлімін кіші, төртінші әйелінен қызғанды деп Фатимадан көреді. Нәтижесінде бұл сыбыстар Орынбор губернаторы мен Ресей империясының мемлекеттік мүлік министріне дейін жетеді. Орынбор губернаторы Фатима ханша отбасына адал адам болған деген ұстанымды берік ұстанғаны белгілі.

Уақыт өте келе Ордадағы жағдай күрделене бастады. Көп ұзамай, 1845 жылдың күзінде, Ғұбайдолланың анасы да қайтыс болады. Қайтыс боларының алдында Фатима хан құқығын иеленуі үшін тақ мұрагері Сақыпкерейді Санкт-Петербургтен шақыртып үлгереді. Бірақ Оырнбор генерал-губернаторының қысымынан ол Паж корпусына қайтып оралуға мәжбүр болады. Ол екі жылдан кейін Петербургтен Хан Ордасына қайтып келе жатқан жолда жұмбақ жағдайда қаза табады.

Дала ханы Сақыпкерейдің өлімінен кейін, мұрагерлердің көптігіне қарамастан, Бөкей ордасында хан билігі жойылады. Ал 1849 жылы 9 жасар Ғұбайдолла Санкт-Петербургтегі Императорлық Паж корпусына қабылданады. Бұл Ресей империясының жоғары ақсүйектерінің жоғары оқу орны болғаны, онда императордың, оның жақын туыстарының, князьдердің және т. б. балаларын қабылдағаны белгілі. Осыған дейін бір ауыз орысша білмеген, Бөкей ордасынан Петербургке келген қазақ баласы орыс тілін меңгере бастайды да, бірнеше жыл өткен соң осы оқу орнын үздік бітіріп шығады.

1856 жылы 16 маусымда Ғұбайдолла казак полкіндегі Лейб-гвардияда корнет қызметін атқара бастайды және князь атағын алады. Оны тұрақты армияда тамаша мансап күтіп тұрды, бұл сол кездегі қазақ даласының тумасы үшін өте сирек жағдай болатын. Уақыт өте келе, орыс монархы Александр II тамаша офицерді байқап, өзінің флигель-адъютанты етіп тағайындайды.

1877 жылы Ресей мен Осман империялары арасында соғыс оты тұтанады. Полковник Шыңғысхан Петербургтен әскери әрекеттер театры Болгарияға жүріп кетеді. Оның басшылығымен майданда Дунай арқылы телеграф кабелі тартылды, ұрыс далаларында телефон желісі құрылды. Тамыздың бір күні полковник Шыңғысхан үшін ерекше болды. Плевнадағы сәтсіздік туралы хабарлардан кейін, патша Гривица редутының тапсырылуы туралы ақпарат алады және бұл қуанышты жаңалықты оған Шыңғыс ұрпағы жеткізеді. Жауынгерлік ерлігі үшін қазақ офицері орыс армиясының барлық ордендерімен және көптеген шетелдік ордендермен марапатталды. Ғұбайдолла Түркиямен бейбітшілік орнату кезінде Ресейдің өкілі болды. 

«Министр Внутренних дел ходатайствует о производстве с увольнением от службы армейской кавалерии генерал-лейтенанта Султана Чингисхана в генералы от кавалерии. Генерал-лейтенант Султан Чингисхан – сын владетельного хана Букеевской киргизской орды, вероисповедания магометанского. На действительной службе он состоит в прибавлением времени за походы и сражения 37 лет, 1 месяц и 13 дней»

From the report on General Staff of the Ministry of War of the Russian Empire 

Қызметтен босағаннан кейін, патша сарайында сыйлы болған Ғұбайдолла сұлтанды туған елі қабылдамай қояды. Ғұбайдолла Паждар корпусынан үйіне орала алатын сирек күндерде мұрагер ханзаданың оралғанына халықтың қуанғандығы туралы дәлелдер бар. Алайда Ғұбайдолла қызметтен босағаннан кейін біреудің аноним арызы оның елге оралуына кедергі келтірген. Бұл арызда хан ұлының Бөкей Ордасына оралуы аймақтағы хан билігінің оралуына бара-бар екендігі айтылады. Сонымен, Жәңгір ханның отбасы мүшелерін Ресей империясының кез келген басқа бұрышына көшуге міндеттейтін арнайы жарлық шығарылады. Хан туыстарына сарайлар беріліп, азаматтық және әскери салада жұмыстар ұсынылады, ал жұмыс істегісі келмегендерге қазынадан төлемдер тағайындалады. Ғұбайдолла және оның туыстарының көпшілігі кетуге мәжбүр болып, ақырында Қырымнан бір-ақ шығады.

Зерттеушілер Мұқатаев пен Ирхина өз кітабында анонимді шағымдардың іздері жергілікті элиталарға – сұлтандар мен старшындарға әкеледі деген қорытындыға келген. Кейбіреулердің пайымдауынша, жасырын шағымдардың бірі-Жәңгір ханның жақын досы Қарауыл Қожа Бабаджановтың ісі. Жәңгір дәл осы кісінің қызына үйленген екен. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол Ғұбайдолла хан билігін қалпына келтіру туралы қауесет таратты, Орынбор губернаторының қолдауы мен қамқорлығын пайдаланып өзін тым еркін ұстады, жергілікті билікті сынады, ордадан қашып кетуге шақырумен айналысты деп айыптап, шағымдар жазған.

Ғұбайдолла өмірін зерттеушілер оның соғысқа дейін алдына мақсат қойғанын айтады - оның тегі бұл отбасының ұлы Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтарына жататындығын көрсетуі керек. Ол императордан ағасы Ахметкерейге өзінің отбасындағы хан дәрежесін қалпына келтіруді сұрады. Өзі үшін ол, Шыңғыс ханның тегіне жататындықтан, тек Шыңғыс хан фамилиясын сұрады. Оның өтініші өте жақсы қабылданғандығын айта кету керек.  

«…Лейб-гвардии казачьего полка полковнику Султану Губайдулле Джангер-Букееву вместе с сим объяслено, что Государь Император Всемилостивейше соизволил разрешить ему принять фамилию «Чингис», с присоединением оной, по родовому происхождению его от Чингиз Хана, к прежней его фамилии и именоваться впредь «Султан Джангер Букеевым Чингисом»

Высочайшим указом 30 августа 1870 года разрешено Губайдулле Чингисхану пользоваться гербом брата своего, но только без княжеских эмблем» 

Бұл Шыңғыс ұрпағының императорлар алдында өз ұстанымын қорғаған жалғыз сәт емес. Ресей архивтерінен зерттеушілер Ғұбайдолла Шыңғысханның III Александрға жазған хатын тапты. Отставкадағы генерал Түркістан өлкесін басқару туралы ереже құру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысқан екен. Атап айтқанда, ол былай деп жазған: «Біздің далалық шетте рухани жақты қозғау бейсаяси деп ойлаймын. Мына біздің Бисмарктер олардың сенімдерін, әдет-ғұрыптарын, өмір салтын қозғауға болмайтынын түсінбейді». Ғұбайдолла Шыңғысхан Ресей империясының бірінші мемлекеттік Думасына сайлау туралы ережесін әзірлеуге де қатысқан, уақыт өте келе оған алғашқы қазақтар-депутаттар да кірді.

Өкпе ауруымен ауыратын Ғұбайдолла 1908 жылдың басында дәрігерлердің кеңесімен Қырымға аттанады. Ол жерде оның ағасы, отставкадағы полковник Ахметкерей тұратын.

Атты әскерлердің отставкадағы генералы Шыңғысхан 1909 жылдың ақпанында Ялтада қайтыс болды. Ол жерленген мұсылман зираты осы күнге дейін сақтаулы. Сұлтаннан тұяқ қалмаған.

Ұзақ уақыт бойы сұлтанның жүрегін ешбір сұлу жаулай алмады деп саналып келді. Алайда бірнеше жыл бұрын зерттеушілер Петербург мұрағатынан Велинская тегін Шыңғысхан тегіне ауыстыру туралы 1909 жылғы істі тауып алды. Сөйтсек, өмірінің соңғы жылдарында офицер дворяндар әулетінен шыққан Феодосия Велинская деген актрисаға ғашық болған екен. Оның Римский-Корсаковтың «Снегурочка» операсында басты партияны орындаушы болғаны белгілі. Сұлтан қайтқаннан кейін оның жесіріне Шыңғысхан тегін алуға рұқсат етілген екен. Велинскаяның өтініші Бөкей ордасынан шығарылған бірегей жәдігерлердің тағдырын білуге мүмкіндік берді. 1919 жылы Феодосия Велинская-Шыңғысхан Жәңгір ханның қару-жарақ бөлмесінен шығарылған кейбір дүниелерді Петербургтің этнография музейіне сатыпты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?